400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 28 материал табылды

Адам жауапкершілігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Адам жауапкершілігі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзін – өзі тану пәнінің сабақ жоспары Мектеп: «Н.Төреқұлов атындағы №121 жалпы орта мектебі»КММ Мерзімі: 21.11.2017ж. Сабақтың тақырыбы: Адам жауапкершілігі Сабақ №11 Құндылық:Дұрыс әрекет Қасиеттер: басқалар туралы жамандық ойламау, отбасындағы, мектептегі парызын орындау, ұқыптылық. Пән мұғалімі:Мырзалиева Гаухар Сұлтанқызы Сыныбы: 7 «А,Ә»

Сабақтың мазмұны

Ресурстар:

Сабақтың мақсаты: Әрбір сөзінде, ісінде жауапкершілікті сезіне білуді дұрыс әрекет құндылығымен жасағанда нәтижелі болатынын түсіндіру.

Міндеттері:

Білімділік: - өміріне жауапкершілікпен қарай отырып, басқа- лар туралы жамандық ойламауға үйрету;

Дамытушылық: - отбасындағы, мектептегі парызын орындау, әрбір оқушыға - міндетім деп тануға ықпал жасау;

Тәрбиелік: - ұқыптылық пен жауапкершілік егіз деп танып, басқалар туралы жамандық ойламауға,отбасындағы,мектептегі парызын орындауға,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Оқулық,дәптер,үнтаспа,өзін – өзі тану журналы

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 «Т» ережесін сақтау: Тәртіп,талап,

тыныштық,тазалық,татулық.

Тыныштық сәті: «Су асты патшалығына ойша саяхат»


2.Үй тапсырмасын тексеру.

«Мен жауапкершілікті баламын» тақырыбына эссе жазып,оқу.

  • Жауапкершілік дегеніміз не?

  • Жауапкершілік қандай құндылықтарға жетелейді?

Баяу музыка қойылады.




Үй тапсырма -

сын тексеру.

3. Дәйексөз

«Өзінің айналасындағы жора-жолдастарының, бауырларының жан дүниесіне үңіліп қарамаған адам өмірде үлкен қиыншылықтарға кезігеді және айналасына зиянын тигізеді.» Альфред Адлер

  • Жан дүниесіне үңілу дегенді қалай түсінесіңдер?

Дәйексөзге пікірлерін білді- реді.

4. Әңгімелеу

Жауапкершілік жүгі (Өсиет әңгіме)

  • Ханзаданың өмірден түңілуінің себебін қалай түсінесіңдер?

  • Әкесінің жүрегі не үшін ауырды деп ойлайсыңдар?

  • Ғұлама қой бағып жүргенде қандай сабақ алды?

  • Ғұлама ханға кеңесті қалай берді?

  • Адамның жауапкершілігі неліктен оның алға қойған мақсатымен, ой-ниетімен байланысты болады?

  • Жауапкершілікті сезінген адамдар қалай өмір сүреді деп ойлайсыздар?

  • Өздеріңнің қандай жауапкершіліктерің бар, оны қалай атқарудасыңдар?


Сұрақ –жауап

(пікірталас)



5. Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: Отбасыңның, сыныптастарыңның алдындағы жауапкершіліктерің туралы жазыңдар.

2 - тапсырма: Дәптермен жұмыс.



6. Топпен ән айту

Кешікпей келем деп ең

Әні: Ш.Қалдаяқовтікі, Сөзі :М.Шахановтікі

Аңсаған бақытым сияқтанып,

Ай туып келеді қияқтанып.

Жол жаққа қараймын,

Сен жоқсың , арайлым.

Кешікпей келем деп ең,

Мен тұрмын елеңдеумен. 2рет


Қайтемін кінәләп бұған сені,

Сағатың алдаған шығар сені.

Нұр ойнап көзіңде

Уәделі кезіңде.

Кешікпей келем деп ең,

Мен тұрмын елеңдеумен. 2рет


Көшеде сырласып, шалқып басып.

Құрбылар барады қолтықтасып.

Тағатым таусылды,

Аңсадым даусыңды.

Кешікпей келем деп ең,

Мен тұрмын елеңдеумен. 2рет


7. Үй тапсырмасы.

Келесі сабақ: «Жауапкершілікті адал атқару әрбір адамның міндеті ме?» тақырыбында эссе жазу.

Күнделіктеріне белгілеп алады.

8.Соңғы тыныштық сәті: (Баяу музыка)

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бар жерде

Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бүкіл әлемде.


Тексерілді:









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
1746
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі