| Сабақтың мазмұны | Ресустар |
| Сабақтың мақсаты: Әрбір сөзінде, ісінде жауапкершілікті сезіне білуді дұрыс әрекет құндылығымен жасағанда нәтижелі болатынын түсіндіру.Міндеттері: Білімділік: - өміріне жауапкершілікпен қарай отырып басқа- лар туралы жамандық ойламауға үйрету;Дамытушылық: - отбасындағы, мектептегі парызын орындау әрбір оқушы міндетім деп тануға ықпал жасау;Тәрбиелік: - ұқыптылық пен жауапкершілік егіз деп танып, тәрбиелеу. | Сәлемдесутүгелдеу,сабақтың мақсаты мен міндеті таныстырылады. |
Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 «Т» ережесін сақтау: Тәртіп ,ТалапТыныштық,Тазалық, ТатулықТыныштық сәті: «Су патшалығына ойша саяхат»
2.Үй тапсырмасын тексеру.«Мен жауапкершілікті баламын» тақырыбына эссе жазып оқуЖауапкершілік дегеніміз не?Жауапкершілік қандай құндылықтарға жетелейді? | Музыка қойылады
Үй тапсырмасын тексеру. |
| 3.Дәйексөз «Өзінің айналасындағы жора-жолдастарының, бауырларының жан дүниесіне үңіліп қарамаған адам өмірде үлкен қиыншылықтарға кезігеді және айналасына зиянын тигізеді.» Альфред АдлерЖан дүниесіне үңілу дегенді қалай түсінесің? | Дәйексөз- ге пікірле рін білді реді. |
| 4.Әңгімелеу Жауапкершілік жүгі (өсиет әңгіме)Ханзаданың өмірден түңілуінің себебін қалай түсінесіңдер?Әкесінің жүрегі не үшін ауырды деп ойлайсыңдар?Ғұлама қой бағып жүргенде қандай сабақ алды?Ғұлама ханға кеңесті қалай берді?Адамның жауапкершілігі неліктен оның алға қойған мақсатымен, ой-ниетімен байланысты болады?Жауапкершілікті сезінген адамдар қалай өмір сүреді деп ойлайсыздар?Өздеріңнің қандай жауапкершіліктерің бар, оны қалай атқарудасыңдар? |
Сұрақ –жауап(пікірталас)
|
| 5.Шығармашылық жұмыс 1-тапсырма:Отбасыңның, сыныптастарыңның алдындағы жауапкершіліктерің туралы жазыңдар. |
|
6. Топпен ән айтуКешікпей келем деп ең әні: Ш.Қалдаяқов, сөзі :М.ШахановАңсаған бақытым сияқтанып,Ай туып келеді қияқтанып.Жол жаққа қараймын,Сен жоқсың , арайлым.Кешікпей келем деп ең,Мен тұрмын елеңдеумен. 2рет
Қайтемін кінәләп бұған сені,Сағатың алдаған шығар сені.Нұр ойнап көзіңдеУәделі кезіңде.Кешікпей келем деп ең,Мен тұрмын елеңдеумен. 2рет
Көшеде сырласып, шалқып басып.Құрбылар барады қолтықтасып.Тағатым таусылды,Аңсадым даусыңды.Кешікпей келем деп ең,Мен тұрмын елеңдеумен. 2рет | бейнеклипМұғалім әнді оқушылармен бірге орындайды |
| 7.Үй тапсырмасы. Келесі сабақ: «Жауапкершілікті адал атқару әрбір адамның міндеті ме?» тақырыбында сауалнама жүргізу. Сауалнама нәтижесі бойынша қорытынды жазу. | Күнделіктеріне белгілеп алады. |
| 8.Соңғы тыныштық сәті: (Баяу музыка) Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар.Дұрыс әрекет,дұрыс әрекет,дұрыс әрекет бар жердеДұрыс әрекет,дұрыс әрекет,дұрыс әрекет бүкіл әлемде. |
|