Мақсаты: Дұрыс әрекет құндылығы
негізінде оқушылардың отбасы татулығы, ата-ана қадірі туралы
білімдерін тереңдету.
Міндеттері:
1.Оқушылардың отбасы жарастығы
туралы білімдерін кеңейту..
2.Оқушылардың отбасы
жарастығын сақтай білу, ата-ананы қадірлей білу қабілеттерін
дамыту.
3.Оқушыларды отбасы
жарастығының мәнін түсініп, қалауларға шек қоя білуге
тәрбиелеу.
|
Ресурстар:(құралдар,
мәлiметтер)
Мұғалімдерге арналған
әдістемелік құрал Мукажанова Р.А, Омарова Г.А мектептегі «өзін-өзі
тану», оқулық, ғаламтор желісі, АКТ мүмкіндігі, А4, А3 қағазы,
маркер, журнал қиындылары, желім.
|
Сабақ
барысы:
1.Ұйымдастыру
кезеңi. Тыныштық сәті. Нұрға
бөлену
Ыңғайланып отырыңыздар,
денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз,
қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді
жұмуларыңызды өтінемін (баяу әуен
ырғағымен)
Елестетіп көріңіз: Күн нұры
сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің
орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу
ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр
сезіміңізді, эмоцияңызды, тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің
қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға
ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол
бірт
індеп күшейе түсуде. Ойша осы
нұрды қолдарыңызға бағыттаңыз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп,
сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және
баршаға көмектеседі.
Нұр аяқтарыңызға тарады.
Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін
жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына
айналды.
Одан әрі Нұр сіздің аузыңызға,
тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана
айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз
бен әсем әуенді ғана естиді.
Нұр көзімізге де жетті.
Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді.Сіздің
басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой
келеді.
Нұр бірте-бірте қарқынды және
шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле
шашады. Осы нұрды
туысқандарыңызға,мұғалімдеріңізге,достарыңызға,
таныстарыңызға бағыттаңыз.
Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да
бағыттаңыз.Олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы Нұр бүкіл әлемге: барлық
адамдарға, жан- жануарларға, өсімдіктерге, тірі жанға таралсын...
Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр
бағыттаңыз.
Ойша айтыңыз: «Мен
Нұрлымын...Нұр менің ішімде...
Мен - Нұрмын
»
Осындай Нұр, Махаббат және
Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге
орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны
осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Ойша нұрға бөленгеннен кейін
жайымен көзіңізді ашуға болады.Рахмет!
Оқушылармен тыныштық
сәтінен алған әсерлері туралы пікір
алмасу.
2.Үй тапсырмасын
тексеру.
Отан отбасынан басталады
тақырыбында эссені оқыту (2-3 оқушы).
|
Сабақ барысын
талдау:
|
4. Әңгімелеу. Туған
күн
З.Жұманова
Бүгін – Әлібектің туған күні.
Анасы таң атпай айналып - толғанып, бар игі тілегін айтып,
маңдайынан сүйіп, тап бір кішкене кезіндегідей еркелетті. Сосын
базарға барып, артынып – тартынып, алма, жүзім, жеміс-жидек әкелді.
Торт та сатып алыпты. Күні ұзақ бір тыным көрген жоқ. Тыпырлап ас
үйде жүр. Бұның жақсы көретін тамағы – манты жасап жатыр- ау, сірә.
Іні – қарындастары таңертең өздері салған суреттерін сыйға тартты.
Жылдағыша. Түрлі- түсті бояу қарындаштарымен әдемілеп салынған
суреттер.
Бәрібір Әлібектің еңсесін
езген ауыр ой сейілмей-ақ қойғаны. Тіпті әкесі алып берген сәнді
күрте де қуантпады. Бұрынғыдай емес, биыл бірге оқитын жолдастары
туған күндерін оңаша кафелерде атап өтуде. «Мен де кафеде
өткізейін»,- деп айтуға қалай ауызы барсын. Өзінің табар табысы
жоқ. Ал, құр жалақыға қарап отырған әке- шешесіне не айта алады?!.
Іштей қатты өкпелі. Кімге дейсің ғой? Өмірге де, өзіне де...
Шіріген бай біреудің баласы болғанда ғой, шіркін! Анау қарсы
беттегі қос қабат еңселі үйде тұрар
еді-ау!
Сондай сәнді сарайлардың
бірінде тұратын орта бойлы ағай анда-санда бұлармен футбол
ойнайтыны бар. Өзі үлкен кәсіпкер болса да. Жұрттың айтуынша, бұның
әкесінікіндей қос-қос дипломы жоқ. Есесіне, қандай керемет
машиналары бар! Бірінен бірі өтеді. Су жаңа, жарқырап тұр –ау,
жарқырап тұр. Ал әкесінің әлі күнге, ең болмаса, жаман «Жигулиі» де
жоқ... Әлібектің апасы өткенде кейігенде: «Осы заманға икемсіз
адамсың!» - деп бекер айтпаса керек. Шынында да, пәтерінен басқа
несі бар? Оның өзі де құрқылтайдың ұясындай-ақ. Әрі несиеге сатып
алған. Бар тапқан-таянғаны ай сайын соған кетеді де тұрады... Соның
бәрін біле тұра, бұл оларға не деп салақ салсын? Айтқанда да, не
еститінін іші сезеді:
-
Сендей кезімізде біз кафе,
ресторан түгілі, туған күн дегеннің не екенін
білмейтінбіз.
-
Сабағыңды жақсы оқы, ойын-
сауық қайда қашар дейсің. Бар қызығың алда әлі, - деп әке-шешесі
ұзын-сонар ақыл айтар...
Өздері әлі жұмыс істеп, ақша
таппаса да туған күндерін ресторан-кафелерде тойлап, ақшаны оңды –
солды шашып жүрген жолдастары қандай бақытты еді!.. Әлібек олармен
ойша салыстырды да, өзін сондай сорлы, бақытсыз, бейшара сезінді.
Тамағына өксік тіреліп, жылағысы келді. Тез-тез аяқ киімін киді де,
есік алдына шықты. «Ең болмаса туған күнінде жылына бір рет
достарымен кафеге бара алмағасын...Осы да өмір
ме?!»
Ол келіп қалған көз жасын
ешкімге көрсетпеу үшін, үй астындағы жер төлеге түсті. Сыз иісі
аңқиды. Қара көлеңке екен. Шашылған қоқыр-соқырдан аяқ алып жүру
қиын. Бұрын кім көрген?!. Жарықтан қараңғыға келіп, көзі үйренгенше
аз-кем тұрды. Кенет дәл қасынан бірдеңе салдыр-күлдір еткені. Шошып
кетті. Шашы үрпе-түрпе, жасы өзі құралпы, құс мұрыны сәл дөңестеу,
қою қара қасты, бұйра бас, арық бала ескі-құсқы картон қораптармен
қалқаланған бұрыштан шығып келеді екен.
Ей, сен кімсің? Бұл жер
менікі, бар кет! Ып-ыссы тұрба өтетін жайлы жерді тартып алмақсың
ғой, қарай гөр пысығын! – деді көзі от шаша, ызбарлы үнмен. Әлібек
өз құлағына өзі сенбеді. «Жайлы орыны» сыз иісі аңқыған, лас мынау
жертөле болса, сонда жайсызы қандай
болғаны?
«Тиіспеймін» дегесін, көңілі
орнықты ма, бейтаныс бала бұны өзінің қуысына қонаққа
шақырды.
-
Бүгін мені туған күнім, - деді
ол Әлібекке,
-
Бағана базарда бір кісінің
жүгін тасып, азйн-аулақ ақша тапқам. Сен құтты қонақ екенсің, -
деді де жеп отырған тамағын бұның алдына ысырып
қойды.
-
Бұрын менің туған күнімде
бәріміз үй-ішімізбен, төрт көзіміз түгел үлкен дастарқанда бас
қосатынбыз. Қандай бақытты сәттер десеңші! Әттең, менің шешемнің
тамақты қалай дәмді пісіргенін көргеніңде ғой! – деп терең
күрсініп, ұзақ үнсіз қалды.
-
Ол кісі қайда
енді?
-
Бомбадан біздің қыстақ түгелге
жуық қырылып қалды. Әкемнің өлі-тірісін білмеймін. Керемет зәулім
үйіміз, тамаша бау-бақшамыз, шетелдік қымбат машинамыз болған!
Бәрінің күл-талқаны шықты ғой... – Ол үлкен адамша ауыр күрсінді.
Сұмдық ауыр қайғыны бастан өткерген қаршадай баланы Әлібек қатты
аяп кетті.
-
«Қазақстан тыныш, өмір сүруге
жайлы» дегенді еститінмін. Сосын әркімге бір ілесіп, сонау
Кавказдан осы жаққа ит азаппен әзер жеттім... Төбеңнен гүрс ете
қалатын бомба жоқ, аяқ астынан жарылатын мина жоқ, қандай рахат!
Алаңсыз ұйықтап, аз уақыт болса да тынығып қалдым, - деді ол
көңілді үнмен. Әлібек оның бал-бұл жанған қуанышты жүзіне қарап,
жаңбыр жаумай су болғаны үшін өз-өзінен қатты
қуыстанды.
-
Сен ренжіме, мені үйдегілер
іздеп жатқан шығар, - деді сәлден соң, - Айтпақшы, мынау сенің
туған күніңе сыйлығым болсын! Әлі кездесеміз
ғой!
Әлібек үстіндегі су жаңа жылы
күртесін бейтаныс баланың арқасына жапты. Иығынан бір ауыр жүк
түскендей, бір түрлі жеңілдеп сала берді. Дәл қазір Жер бетінде
өзінен бақытты бала жоқ!.. Сабаққа «Мерседес» әкеліп-әкететін,
жазда үй ішімен шетелдерде демалатын балалардың бұдан қай жері
артық?!. Білімі ме? Асып бара жатқан түгі жоқ. Әшейінде танауларын
көкке көтеріп жүретіндер бақылау жұмысы боларда, маңынан шықпай,
бұнымен «дос» болуға тырысатыны өтірік пе?!. Мектептегі спорт
жарыстарында да әзірге алдына жан салған жоқ. Сынып жетекшісі бұны
ерекше іштартады. Тіпті, анада мектеп директоры да: «Осы бала түбі
бір жерді тесіп шығады», - деп жылы шыраймен арқасынан қаққаны
қайда?!. Ол ыңылдай әндетіп, сыртқа беттеді. Оны әлемдегі ең жақын
жандары асыға күтіп отырған шығар. Дәмге толы дастархан басында...
Ұядай жылы үйдің ішінде...
Сұрақтар:
1. Әңгіме кім
туралы?
2. Әлібек өзінің бақытты
екенін түсінуіне не себеп болды?
3. Қалай ойлайсыңдар Әлібек
дұрыс әрекет жасап, өз қалауына шек қоя алды
ма?
4.Отбасы жарастығы дегенді
қалай түсінесіңдер?
5.Әңгімеден қандай
ой түйдіңдер?
|
|