400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Адам мен отбасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін өзі тану мұғалімдерне арналған сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп №16_ЖОББМ Сынып 9_Оқушылар саны 25

Мерзімі Мұғалім: Г.Ж.Торсыкбаева.

Тақырып: «Адам мен отбасы»

Құндылық: Қиянат жасамау

Қасиеттер: кеңпейілдік, жауапкершілік, сүйіспеншілік

Мақсаты: Оқушылардың отбасы туралы түсініктерін кеңейту,қарым-қатынас арқылы қиянат жасамау құндылығын меңгерту.

Міндеттері:

1.Білімділік: Отбасының адам үшін маңыздылығын түсіндіру.

2.Дамытушылық: Отбасындағы сыйластық, мейірімділік, жанашырлық қарым-қатынасының дамуына ықпал ету.

3.Тәрбиелік: Өзіне және өзгеге қиянат жасамай кешіре білуге, сүйіспеншілікке тәрбиелеу

Ресурстар:

(слайд, музыка,

Оқулық,

дәптер,үнтаспа,

құралдар,А3 постер,маркерлер

мәліметтер) Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, http://bilim-all.kz/quote/6526

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

«Өзін-өзі тану» сабағының ережесін «5-Т» еске түсіру (тәртіп, талап, тазалық, татулық, тыныштық)

Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»

Ескерту

Топпен атау

Жәй баяу

жағымды музыка қою)

2.Үй тапсырмасын тексеру

М. Арын «Отбасы –ұлт рухының айнасы» әңгімесі бойынша

Талдау сұрақтары

  1. Әңгіме не туралы айтылған?

  2. Адам отбасындағы сыйластыққа қалай қол жеткізе алады?

  3. Қазақ отбасындағы үш ұрпақтың алатын орны қандай?

  4. Баланың әкесіне жасаған құрметі неліктен ерекше айтылған?

  5. Отбасындағы әкенің, атаның, ананың, әкенің ролі дегенді қалай түсінесіңдер?

  6. Өз отбасында кімді үлгі тұтасың ?

124-бет

мәтінді

мазмұндау Интербелсенді тақтадан ашып қою.

3. Дәйексөз

«Жүрегі таза адам ешқашан қиянат жасамайды»

Шәкәрім Құдайбердіұлы

-Дәйексөздің мағынасын қалай түсіндіңіздер?

-Оқушылар дәйексөзді дәптерге жазып,мағынасын ашып, өз ойларын жеткізеді.

Дәйексөзді

дәптерге жазу

Топпен 3 рет қайталау

4. Бірге көреміз (Мұғалімнің сыйы)

«Әке қадірі» атты бейнекөрініс

  1. Отбасынан қандай іс- әрекетті байқадыңыздар?

  2. Отбасы мүшелерінің бір- біріне деген қарым- қатынасы қандай?

3. Келіні неліктен осындай әрекетке барды?


Оқушыларға

Бейнекөрініс

көрсету.


5.Шығармашылық жұмыс

Топтық жұмыс. 1-топ. Мейрімділік

2-топ Сүйіспеншілік

3-топ Сыйластық


1. Атаңа не істесең, алдыңа сол келеді. халық мақалын талдау

2. Бейнесюжеттегі оқиғаны еске түсіре отырып сәтті аяқтауды (сахналау)


3.«Бақытты отбасы» туралы шағын эссе 5-мин






Тапсырманы орындауға

7 минут уақыт беріледі. Тапсырма орындау кезінде баяу музыка қойылады. Тапсырманы орындап болған соң, әр топ өз жұмысын жариялайды

  1. Топпен ән айту

«Қос бәйтерегім» Роза Әлқожа

Әкешім пана болған биік шыңым
Үйреткен мына өмірдің барлық сырын
Жер бетін кезгенменен
Сендердің көздеріңнен
Төгілген жылылықты
Ешкімнен сезбедім мен
 
Анашым ақ сүт беріп мәпелеген
Кешірген көп кетсе де қате менен
Анамның алақаны
Әкемнің қарағаны
Ұқтырды біз екенін
Бақытқа балағаны
 
Сендердің арқаларың жүргеніміз
Алаңсыз бұл өмірде күлгеніміз
Менің қос бәйтерегім
Сендерсіз қайтер едім
Әрқашан бірге болсаң
Түгел ғой бар керегің




ютуб

8.Үйге тапсырма:

Ф. Оңғарсынованың поэмасын оқып келу, талдау. 129-бет


9. Соңғы тыныштық сәті

Сабақтан алған әсерімізді жүрегімізге сақтап, өмірде қолдана білейік.

Бір –бірімізге жақсылып сыйлап, сүйіспеншілікпен өмір сүрейік.

Адамға өмірде ең қымбаты – отбасы. Отбасында сүйіспеншілік, сыйластық, татулық, бауырмалдық болғанда бірлік болады. Бір-бірін аялап, кешіре, түсіне білгенде отбасы берік болады.

Әр қашан жүрегіміз мейірімділікке толы болсын!

Баяу әуен тыңдау














































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 маусым
501
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі