400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Адам мен отбасы 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімге көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзін-өзі тану сабағының жоспары


Мектеп : М.Хасенов атындағы Бестерек орта мектеп-бақша және мектеп жанындағы интернат» КММ

Тақырып: Адам мен отбасы

Құндылық : Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Мейірімділік, кішіпейілдік, жанашырлық

Сынып : 9 «А»

Мұғалім: Шотамбекова Гульфайраз Каримовна

Мақсаты: Отбасының адам өміріндегі маңыздылығын айта

отырып, жалпыадамзаттық, отбасылық

« сүйіспеншілік » құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  1. Білімділік : Отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынас:

мейірімділік, жаңашырлық,сенімділік,

сүйіспеншілік ұғымдарын кеңейту.

  1. Дамытушылық: Оқушыларға отбасы мүшелері

арасындағы ізеттілік құндылықтарын сараптау және дамыту.

  1. Тәрбиелік :Оқушыларды мейірімділікке ,сүйіспеншілікке,

шыншылдыққа, жанашырлыққа тәрбиелеу.


Ресурстар:

(белсенді тақта, оқулық, дәптер, маркер, плакат)


Сабақ барысы:

5 «Т» - ұстанымын еске түсіру:

  1. Тәртіп

  2. Талап

  3. Тазалық

  4. Тыныштық

  5. Татулық

Тәртіп болса, талап болады, онда өзіңде тыныштық болады, тыныштық болса тазалық болады, тазалық болған жерде татулық болады.

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аударып, жағымды көңіл-күйге ену үшін тыныштық сәтін өткізу.

/ Жайлы, баяу музыка қойылады./

Нұрға бөлену.

Ыңғайланып отырыныздар, денелерінізді түзу ұстаныздар. Аяқ – қолыңызды айқастырмаңыз. Қолынызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көрініз: Күн нұры сіздің төбенізден өтіп, кеудеңізге қарай бойланып барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан бояу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойынызды, әр сезіміңізді, эмоцияныз бен тілек – қалауынызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұр қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыныз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәуле шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралдарына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузынызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарынызға бағыттаныз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты кіреді. Сіздің басыныз түгелдей нұрға бөленіп, басынызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқынмен шұғылана бастайды, сіздің дененізден шығып, жан-жағынызғы сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарымызға, мұғалімдеріңізге, достарынызға, таныстарынызға бағыттаныз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаныз, олардында жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан – жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаныз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмың».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінеде отыра тұрыныз..

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жірегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаныз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Оқушылар өз әсерлерімен бөліседі.


Үй тапсырмасын тексеру (мәтінмен жұмыс).

« Мен оны пір тұтамын» Ж.Солтиева . 114-118 бет

Мәтін бойынша пікіралмасу сұрақтары:

  1. «Отбасы бақыты» дегеніміз не?

  2. Мұраттың отбасына қандай қиындық түсті?

  3. Қиындықты жеңуіне не себеп болды?

  4. Мұраттың бойында қандай қасиеттер бар?

  5. Жақсы отбасы болу үшін адамға не қажет?

  6. Сен өзіңді бақытты отбасы болуға қалай даярлайсың?

Оқушылар алған әсерлері туралы айтады.

Дәйексөз:

« Өз туған жеріңе деген сүйіспеншілігіңді ең алдымен отбасыңа арнамай тұрып, барша әлемді сүю мүмкін емес »

Мұхтар Шаханов

Оқушылар талдап болған соң қыздарға және ұлдарға айтқызу.

–Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Дәйексөздің мағынасын ашу. Балалардың жауабын тыңдаған соң мұғалім өзі толықтырып, қорытындылайды. Балалар дәтерлеріне жазады.

Оқушылардың пікірін тыңдау

Әңгімелеу: «Бақытты отбасының сыры» өсиет әңгіме.

Бір шағын қалада көрші екі отбасы өмір сүреді. Бір отбасында үнемі ұрыс болады , екінші отбасында барлығы тату - тәтті өмір сүреді. Мазасыз әйел көрші үйдің бақытына қызғана қарайды. Өзінің күйеуіне былай дейді: Барып көрші үйді бақылап кел, неге оларда үнемі барлығы жақсы болады екен. Күйеуі көрші үйге келіп , кіреді және бәр жерге жасырынып қалады, сонан соң бақылап отырады. Ал үйдің әйелі бір көңілді әнді айтып жүреді де, үйді тазалайды. Осы сәтте бір қымбат құмараны сүртіп тұрған. Кенеттен біреу телефон соғады, әйел құмараны үстелдің шетіне қойып кетеді. Оның күйеуі бөлмеге кіріп бір затты іздейді, сол кезде жаңағы құмыраға сүйкеніп, абайсыздан құлатып жібереді. Құмыра құлап , сынады.Көрші : «Міне қазір ұрыс басталады» - деп ойлайды.Әйелі оны көріп , күйеуіне былай дейді:

  • Кешір , қымбаттым. Мен кінәлімін. Мен оны үстелдің үстіне дұрыс қоймадым.

  • Не дегенің , жаным? Мен өзім кінәлімін. Асығып, байқамай қалдым. Жарайды. Еш нәрсе болған жоқ, бұл болмашы нәрсе.

..... Көршінің жүрегі ауырып кетеді.Үйіне ашуланып келеді. Әйелі оған:

  • Не болды сонша жоғалып, көрдің бе?

  • Иә!

  • Қалай екен? Бақыттың сыры неде? Олар бізден несімен ерекшеленеді?

  • Олардың отбасында барлығы кінәлі. Ал біздің отбасында әр кезде барлығымыз « менікі дұрыс» деп, шығамыз.

  1. Екі отбасының тіршілігі қандай деп ойлайсың?

  2. Мазасыз әйел күйеуіне қандай тапсырма берді?

  3. Екінші отбасының тату- тәтті өмір сүруіне не себеп?

  4. «Бақытты отбасы» дегенді қалай түсінесің?

  5. Өзіңнің отбасыңды бақытты отбасы қатарынан көресің бе?

Әңгіме желісі бойынша сұрақ қоя отырып, бақытты отбасының сырын неде екендігін айту.

Шығармашылық жұмыс

1 топ - « Сүйіспеншілік» тобы.

Тақырып: Үлкен баласы көшедегі төбелеске қатысып , үйге жарақаттанып келеді.

/ Рөлдерді бөліп алады.Жағдаятты 3-7 минутта ойнап шығады./

Талқылауға арналған сұрақ : Осы сахналық көріністе отбасының бірлігін сақтап қалдыңызба? Сізде осындай қиын сәт болғанда отбасыңыздың бірлігін сақтап қалған кезіңіз болды ма? /

2 топ - «Мейірімділік » тобы.

« Жеті атамызды білеміз бе?» тақырыбына генеалогиялық тізбе жасау

3 топ- «Жанашырлық» тобы

« Бақытты отбасы» өлең құрастыру.

Әрқашан біздің отбасымызда күннің көзі жарқырап тұрсын десек, күннің бетіндегі бұлттарды ала отырып,

« Мен үшін отбасым...» , « Отбасы маған не үйретті.... » , « Отбасы бақытты болу үшін....» - деген сөйлемдерді аяқтап, өз ойларыңды жазып «Тілек» ағашына жапсырайық.

Уақытты тиімді пайдалана отырып, тыныштық сақтау. Сөзді бөлмей, өз ойларын ортаға салады.

Топпен ән. «Бақыт деген»

Сөзі М.Мақатаевты.

  1. Бақыт жайлы менің мынау білгенім.
    Бақыт деген – б
    ірде шаттық, бірде мұң.
    Бақыты сол – тәрік етіп түндерін,
    Бақыт іздеп азаптанса, кімде-кім.

 

Бақыт деген – сенің бала күндерің,
Бақытсыз-ақ бақытты боп жүргенің.
Бақытын да, басқасын да білмеуің,
Бақытсыз-ақ ойнағаның, күлгенің.

 

  1. Бақыт деген – әркімдерде бір арман,
    Сол арманның шыққан жері құмардан.
    Ал сен үшін бақыт деген дәл қазір –
    Бақыт жайлы жаза алмаған шығармаң
    .


Үй тапсырмасы « Туған күн» оқып келу.

З.Жұманова 121-124 бет

Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазу.

Соңғы тыныштық сәті.

  • Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Енді бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап көздеріңізді ашуға болады.

Бәріңізге үлкен рахмет!!!






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 қаңтар
665
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі