400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 25 материал табылды

Адам мен қоғам

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ жоспары ,мектеп мұғалімдеріне көмегі бар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзін - өзі тану сабағының жоспары

Мектеп№49 Мерзімі: 27-28 Сабақ


Сабақтың тақырыбы: Адам мен қоғам.

Құндылық: Қиянат жасамау..

Қасиеттер: Татулық,қамқорлық,мейірімділік,бірлік.

Мұғалім: Омарбаева А.А. Сынып: 9 Оқушылар саны:

Мақсаты: Оқушыларды адам мен қоғам туралы түсінік бере отырып, қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу.

пайдаланатын

көрнекіліктер

Міндеттері:

Қоғамның адам үшін маңыздылығын аша отырып, әлеуметтік негізінде түсіндіру;

қайырымдылық,жанашырлық қасиеттерін дамыту;

оқушыларды жан-жағына, отбасына, отанына, достарына адал болуға тәрбиелеу.

оқулық, дәптер,А3 бет, ,әуен,маркер,стикерлер

Сабақ барысы:


Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгендеу.Сыныптағы « Тәртіп,талап,тыныштық, тазалық,татулық» ережесін естеріне түсіріп, барлық ойымыз,сөзіміз, ісімізді осы ережеге бағындыруға шақырады. Тыныштық сәті.

Жайлы, баяу музыка қойылады.

Нұрға бөлену.

Ыңғайланып отырыңыздар,денелеріңізді түзу ұстаңыздар.Аяқ- қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады.Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.Елестетіп көріңіз:Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады.кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан.Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді.Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды,әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек -қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын еслестетіңіз.Ол біртіндеп күшейе тусуде,оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп,сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда.Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы,ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз,құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді.Нұр көздерімізге де жетті,көзіміз тек жақсыға қарап,бәрінен жақсылықты ғана көреді.Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп,басыңызға тек ізгі,сәулелі ой келеді.Нұр бірте- бірте қарқынмен шұғылана бастайды,сіздің денеңізден шығып,жан -жағыңызға сәуле шашады.Осы нұрды туысқандарыңызға,мұғалімдеріңізге,достарыңызға,таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей,ренжісіп журген адамдарға да бағыттаңыз,олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге:барлық адамдарға,жан- жануарларға,өсімдіктерге,барлық тірі жанға таралсын...Ғаламның барлық түпкір түпкіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз: “Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын”.

Осындай Нұр,махаббат және тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады. Қандай әсер алдыңыздар?


Үй тапсырмасын тексеру.Үй тапсырмасы « Отбасым-бақытым» тақырыбына эссе жазып келу.

Әр топтан бір бала эссе оқып шығады.


Дәйексөз: « Егер жақсы өмір сүргің келсе, жақсы адам ізде,ал жақсы адам тапқың келсе,жақсы сөйлеп, жақсылық жаса» (мақал)

Оқушылар дәйексөздің мағынасын түсіндіреді.

Мұғалім қорытынды жасайды: Жақсылық жасау үшін үлкен нәрсе іздеудің қажеті жоқ,кішкентай нәрсенің өзін бар ықыласыңмен орындап, мұқият қараудың өзі жақсылық болып табылатынын, Отанға, ел-жұртқа деген ыстық сезім, сүйіспеншілік отбасынан басталады.


Мұғалім сыйы: Аңыз әңгіме –Ормандағы ағаш адамдар.

1 Адасқан қыз бен ағаш а дам не туралы сөйлесті?

2 Ағаш адам қандай шешімге келді және неліктен?

3 Осы әңгімеден өздерің қандай сабақ алдыңдар?


Шығармашылық жұмыс,топтық жұмыс. Адам мен қоғамның байланысы тақырыбында ойларын дәптерге жазу.


Үй тапсырмасы:


Жүректен –жүрекке. Сынып сабақты әнмен аяқтайды


Соңғы тыныштық сәті.Баяу әуен орындалып тұрады.Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүрегімізге саламыз.Бәріңізгі үлкен рахмет!




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
05.04.2019
778
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі