400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Адам мен табиғат"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды табиғат пен қоғам арасындағы өзара байланыстарымен таныстыру, оның ерекшеліктері мен маңызына тоқталу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Адам мен табиғат арасындағы қатынас

Сабақтың мақсаттары:

  • адам мен табиғаттың үйлесімділігі, табиғаттың тылсым құдіреті, оның адам тіршілігіне әсер;
    - табиғаттағы жұмбаққа толы дүниені тануға құштарлыққа, олардың сырларын ашуға қызығушылыққа, табиғат құбылыстарын дұрыс пайымдай білуге баулу;

1. Білімділік:Оқушыларды табиғат пен қоғам арасындағы өзара байланыстарымен таныстыру, оның ерекшеліктері мен маңызына тоқталу.

2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, танымдық белсенділіктерін ояту, шығармашылықтармен жұмыс істеуге дағдыландыру.

3. Тәрбиелік: Оқушылардың басқа елге, жерге, мемлекеттерге деген көзқарастарын біле отырып, елін, жерін, табиғатты аялайға, қорғауға, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Сарамандық сабақ.

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Карта, оқулық, қосымша материалдар, суреттер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту.

Жаңа сабақты түсіндіру:

Кең дала көремісің сонау жатқан, Тасып жатқан өзендер жағасынан.
Жібектей жасыл шөппен бетін басқан. Сары белде сағымдар арасынан.
Асқар тау, айдын шалқар көл мен өзен, Тарайды дән жұпары бар әлемге.
Әне, сол анам еді мені тапқан. Қазақтың қасиетті даласынан.

Көз алдыңда көгілдір тау мұнартып, Сұлу дала! Менің сүйген еркемсің,
Аспанымда аққудың әні қалғып. Жаным сенен жаратылған өлкемсің.
Құшақтап бір өзіңді туған далам. Қандай жақсы қазақ болып туғаным.
Жатамын көк шалғында жаным балқып. О туған жер, тамашасың, көркемсің.

Адам мен табиғат арасындағы қатынас — динамикалық арақатынас. Ол қатынас адам экожүйесінің ерекшелігімен анықталады да, байланыс «табиғатты бағындырумен», «иемденумен» ғана емес, сондай-ақ адам денсаулығы мен тіршілігіне кері әсерін тигізетін экологиялық өзгерістермен айқындалады.

Адамның табиғатпен ара қатынасы – мәңгілік және әрқашан заманауи, өйткені адам өзінің пайда болуымен, тіршілігімен және болашағымен табиғи ортамен байланысты. Табиғаттың элементі ретінде ол «табиғат – қоғам» деген күрделі жүйенің бір бөлігі болып келеді. Адамзат өзінің көптеген мұқтаждықтарын табиғаттың есебінен қамтамасыздандырады.

Табиғаттың барлық элементтері қоршаған ортаны құрайды. «Қоршаған орта» түсінігіне адамның қолымен жасалған нысандар (ғимараттар, автокөліктер және т. б.) кірмейді, өйткені олар бүкіл қоғамды емес, жеке адамдарды ғана қоршап тұр. Бірақ адамның қызметі арқылы өзгерген табиғат телімдері (қалалар, ауыл шаруашылығы жерлері, су қоймалары, орман алқаптары) қоғам ортасын түзгендіктен, қоршаған ортаға кіреді.

Табиғат байлықтары.Бүгінгі таңда адамзаттың табиғат байлықтарына деген сұранысы артып келеді. Адамдар табиғаттан және табиғат байлықтарынан оқшау тіршілік ете алмайды.

Табиғаттың адам қажетіне жарайтын барлық мүмкіншілігін табиғат байлығы деп атайды. Табиғат байлықтарының минералдық, климаттық, су, жер және биологиялық деп аталатын негізгі бес түрге ажыратылады. Олар сарқылатын және сарқылмайтын байлықтар тобына ажыратылады.

Дүние жүзі елдерінде пайдалы қазбалар өндіру жылдан-жылға артып келеді. Соңғы кезде мұхит қайраңдары мен суларынан да түрлі пайдалы қазбалар өндіріледі. Мамандардың есептеуінше, пайдалы қазбаларды өндіру қарқынды жүргізіле беретін болса, ХХІ ғасырдың ортасына қарай адамзат олардың барлық қорын тауысады. Әсіресе металдардың ең көп пайдаланылатын кейбір түрлері жақын жылдарда-ақ сарқылуы мүмкін.

Табиғат жағдайларының адамдар тіршілігіне әсері. Адам тіршілік ететін географиялық орта адам денсаулығын сақтау мен нығайтуға жағдай жасайды, адамның шаруашылық әрекетінің сипатын анықтайды. Сондықтан адам үшін өзі өмір сүретін табиғи ортасының жай күйі, яғни ауа мен суының тазалығы, климаттық жағдайының қолайлы болуына аса маңызды.

Шаруашылық әрекеттің табиғатқа әсері. Табиғат пен адам арасындағы қарым-қатынас адамдардың шаруашылық әрекетінен неғұрлым айқын көрінеді. Алғашқы адамдар табиғаттың дайын «сыйын» ғана пайдаланды, яғни жеуге жарамды өсімдіктерді жинады, аң және балық аулаумен күнелтті. Сондықтан олардың тіршілік әрекеті табиғатқа айтарлықтай нұқсан келтірген жоқ. Біртіндеп неғұрлым жетілдірілген еңбек құралдарын пайдалану нәтижесінде адам табиғи ортаға белсендірек ықпал ете бастады. Ормандар кесіліп, мәдени дақылдар егілді, қуаңшылық аудандарда суландыру жүйесі тартылды. Кеме қатынасына жарамды болу үшін өзен арналары тереңдетілді және т.б. Шаруашылықты ұйымдастыру барысында табиғатты қорғау, қалпына келтіру және табиғат байлығын мүмкіндігінше сақтау кезек күттірмейтін мәселе болып отыр.

Жер шарындағы қазіргі экологиялық жағдай. Адамның табиғат байлықтарын есепсіз пайдалануы, табиғи орта заңдылықтарын ескермеуі экологиялық зардаптарға әкеліп соқтыруда. Қазіргі кезде экологиялық зардаптар ғаламдық сипат алуда. Грек тілінен аударғанда «үй, қоныс» деген мағына беретін экология ұғымын алғаш рет 1866 жылы неміс ғалымы Э.Геккель енгізген. Географиялық қабықтың біртұтастығына байланысты ортақ үйіміз – Жер ғаламшарының кез келген түкпіріндегі экологиялық зардаптар бүкіл Жер шары табиғатына кері әсерін тигізеді. Сондықтан табиғат қорғау шараларын жергілікті, ұлттық және халықаралық деңгейде қатар ұйымдастырылып, жүргізу қажет.

Табиғаттың бауырысың, досысың


Аянбау да керек шығар дос үшін


Екеуіңнің арадағы байланыс


Өмірбақи үзілмесін, қосылсын



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
586
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі