400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Адам мінезімен танылады, көңілімен жайланады»

Материал туралы қысқаша түсінік
ОҚУШЫЛАРҒА
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 5.12.2019ж

Тақырыбы: «Адам мінезімен танылады, көңілімен жайланады»

Мақсаты: Оқушылар арасындағы қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл- күйден арылу, күш-қуат жинау, өзін еркін сезінуге көмектесу. Сынып арасындағы байланысты нығайта отырып, эмоцианолды жігер беру, бірі-бірі кеңірек танып білуге, көңіл күйлерін көтеру.

Қажетті құрал-жабдықтар: қағаз, түрлі-түсті қарындаштар,бояулар, стикер қағаз, музыкалық әуен.

Ұйымдастыру кезеңі: (5 минут)

Тренер сөзі: Сәлеметсіздерме оқушылар.Бүгін сіздерді пихологиялық көңіл- күйлеріңізді көтеру өз бойларыңыздағы шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай білуге өз-өзіңізге құрметпен қарауға, бір-бірімізбен сыйластық қарым-қатынаста болуға жиналып отырмыз.

Жұмыс жасау ережесі: Сіздерден өтінетінім жұмыс барысында шынайы болуларыңыз керек. Сіздердің көңілдеріңіз, сезімдеріңіз қаншалықты шынайы болса біздің жұмысымыз соншалықты нәтижелі болады. Топ ішінде өтірік айтуға болмайды, егер де шын талдауға дайын болмасаңыздар, онда еш нәрсе айтпаңыздар. Не айтсақ та осы топ ішінде қалу керек. Ол біздің жұмысымыздың этикалық негізінің бірі. Бір мұғалімнің мәселесін тренингке қатыспаған адамға айтып талдамаймыз. Онын барлығын тренинг барысында орындаймыз. Тренингке қатысушы әр адам тек өз атынан ғана сөйлейді. Мысалы «барлығы солай ойлайды» деген болмайды. Оның орнына «мен солай ойлаймын», «маған солай көрінеді» т.б. Бір- бірімізді сынамаймыз, өйткені осы өмірде бізді жеткілікті сынайды, бағалайды. Топ ішінде бір- бірімізді түсінуге тырысамыз.

1-жаттығу. Амандасу

Қатысушылар шеңбер құрып отырады. Нұсқаулық: барлық қатысушылар ортаға шығады..Енді «бір өтірік,бір шындық» әдісі арқылы өзімізді таныстырсақ.МЫС: Мен Кенжебекқызы Гүлсезім ,Мен Қызылорда қаласының әкімін деген сияқты.

2-жаттығу Топқа бөліну

Қатысушыларға өздеріңіз қалаған стикер түрлерін таңдау ұсынылады. Осы таңдаған стикер түрлері арқылы 2 топқа бөліну.Араларыңыздан топ басшысы мен топ атымен таныстыру.

3-жаттығу Стакандарды деммен құлату

Яғни барлығыңызға шар беріледі,сол шарды кезекпен-кезек үрлеп,стакандарды құлату.Қай команда бірінші болады сол жеңске жетеді.

4-жаттығу «Актер болып көрейік» жаттығуы.

Бұл жаттығудың басты мақсаты – қатысушылардың психо-эмоционалдық жағдайларын жақсарту, шығармашылықпен жұмыс жасай білуіне ықпал жасау. Қатысушыларға «Мен жақсы оқушымын » деген сөйлемді әр түрлі дауыс ырғағымен айту ұсынылады. Әр қатысушы қандай дауыспен айтатынын анықтау үшін карточка таңдап алады. Қандай дауыс түссе, сөйлемді солай айту керек.

5-жаттығу

Берілген әріптердің ішінен өлең атауын тауып айтып беру.

Ауваарвааарманитмтмадастырмайцуакменіаолкқояткамтұр


Макаұстазыммамамменіңмакаукаұстазыммкмпак

«Тілек тілеу»

Қорытындылауды өздеріне жасау

Қорытынды: Тренинг соңында оқушылардың алған әсерлерімен білу.

Көңіл-күйлерінің көтерілгендігін байқау.























Ұжымда психологиялық ахуалды қалыптастыру, кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп, көңіл-күйін көтеру. Сонымен қатар ұйымшылдыққа, сенімділікке, бір-бірімен жақын танысып, білісіп, ашылуына көмектесу.

Қажетті құралдар: жіп, қарындаш, бос шырын құтысы
Ережесі: Жіп қатысушылар санына қарай бөлінеді. 20 қатысушы болса 11 бөлікке бөлінген 2м жіп қажет. Әр қатысушның қолында жіптің бір ұшы қалуы тиіс. Ақылдаса отырып жіптерді алмастырып, қар үлгісін жасайды. Ортасына қарындаш қойылады. Қарындашты жерге түсірмей құтыға салу қажет. Егер қарындаш жерге түсіп кеткен жағдайда ойын қайта басталады. Жаттығуды сөйлемей дыбыссыз өткізу, ойынның қызығушылығын арттыра түседі.

1. Тыңдай білу. 

2. Белсенділік. 

3.Шығармашылық. 

4. Төзімділік. 

5. Сыйластық. 

Талдау: ойын жаттығуы аяқталғаннан кейін қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, өз ойларын ортаға салады.

Топқа берілетін тапсырма: Құрметті достар, сіздер мына жіптің көмегімен, карындашты шырын бөтелкесіне салуларыңыз қажет. Әр адамның қолында жіптің бір ұшы қалу керек. Топқа ойлануға уақыт беріледі. Жаттығу кезінде сөйлеуге тиым салынады. Егер карындаш жерге түсіп кеткен жағдайда қайта жалғастырады. Ойын жаттығуы аяқталғаннан кейін қатысушылар талдау жасап өз ойларын білдіреді. "Жіптік курстың" ұстанымы  "Бірлік бар жерде тірлік бар".

7-жаттығу

«Ипподром» жаттығуы

Қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Нұсқаулық: Барлығымыз орнымыздан тұрып шеңбер құрайық. Ат жарысына келіп тұрмыз. Барлығымыз дайындалайық, 1- алақандарымызбен аяғымызды соғамыз, жылдамдатымыз. Барьер дегенде – оп-оп дейміз. Құмда алақанды үшбұрыштар бір-біріне біріге соғады. Су дегенде-еріндерін саусағымен қозғайды. Қыздар трибурасында –иии , ұлдар трибурасында- ооо. Финиш дегенде – ура.

8- жаттығу

«Би терапиясы»

Мақсаты: Қатысушылардың көңіл-күйін көтеру, жағымды көңіл-күй тудыру.

Нұсқау: Мұғалімдер аталған дене мүшелерін қозғалту арқылы билейді. Психолог ең алдымен қатысушыларға қасымен, көзімен билеуге нұсқау береді. Кейін осы дене мүшелеріне ауыз қосылады. Сөйтіп, иық, қол, аяқ т.б. дене мүшелері қосылады. Ең соңында барлық дене мүшелері билейді.



9-жаттығу

Релаксация

«Теңізге саяхат» релаксациялық жаттығу.

Бұл медитативтілік техника денедегі қысымды түсіруге бағытталған, музыкамен орындалады.

Жүргізуші. Жайланып отырыңыз, көзіңізді жұмыңыз. Терең демалыңыз, денеңізді бос ұстаңыз, денеңізді ауырлап бара жатқандай және оны теңіз толқынының лебі ұрып жатқандай сезініңіз. Өзіңізді жартастың үстінде тұрмын деп есептеңіз және алысқа көз жіберіңіз. Сіздің алдыңызда көгілдір теңіз, ашық аспан және күн. Теңіз барқалыпты дем алып, асау толқандары жағаға соғылып, қайтадан кейін қайтуда.

Теңіз толқындарының шуын естіп, толқындарға қызыға қарап, жағалаудағы теңіздің тұзды ауасын жұтып тұрсыз. Өз бойыңыздағы асқан ауыртпалықтан бір сәтке болса да арылғандайсыз. Сіздің рухыңыз жайлылық сезіміне толы. Сіз төменге түсіп, аяғыңызды шештіңіз, жалаң аяқ құмның қызуы мен жұмсақтығын сезіне отырып жүгірудесіз. Міне сіз судың жанына келдіңіз, толқындар сіздің аяғыңызды жуып жатыр, су жып-жылы әрі жұп-жұмсақ. Сіз қолдарыңызды бос тастап, басыңызды шалқайттыңыз. Күн сәулесі мен жеңіл самал жел сіздің бетіңізді өбуде, теңіз толқындарының тамшылары сіздің денеңізді баурап алғандай. Ерніңізде теңіздің тұзды суының кермек дәмі және бақыт күлкісі. Сіз өзіңізді кішкентай бала сияқты сезініп, жүгіргіңіз, секіргіңіз, су шашып ойнағыңыз, күлгіңіз келеді. Өзіңізге осы бірнеше минут ішінде не істегіңіз келсе, соны істеуге рұқсат етіңіз.

Сіздің қайтатын уақытыңыз болды. Міне сіз тағы да жардың басында тұрсыз. Сіздің демалыс пен бақыт сыйлаған ғажайып әлемге алғысыңызды айтыңыз. Көздеріңізді асықпай ашыңыз!

Қандай сезімде болдыңыз? Не сезіндіңіз?


Қорытынды: Сабақ соңында психолог барлығына орындарынан тұрып, шеңберге тұруын ұсынады. Әрбір қатысушы жеміс-жидектен дәм татып отырып, тілектерін айтады барлық қатысушылар бір сөзбен қандай да бір жақсы тілек айтуы керек. Соңында психолог барлығына сәттілік пен жақсы көңіл-күй тілейді.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 ақпан
585
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі