Материалдар / Адам ойының, сөзі мен ісінің бірлігі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Адам ойының, сөзі мен ісінің бірлігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға ойдың, сөзі мен ісінің бірлігінде өмір сүрудің маңыздылығын түсіндіре отырып, ақиқат құндылығының мәнін ашу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қазан 2020
3177
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Пән: Өзін – өзі тану

Мектебі: Есбол орта мектебі

Күні: _______________

6

Мұғалім: Р.Хасанова

Сыныбы: 9

Оқушылардың саны:

Тақырыбы: Адам ойының, сөзі мен ісінің бірлігі

Құндылығы: Ақиқат

Қасиеттері: Шыншылық, адалдық, ізгілік

Мақсаты: Оқушыларға ойдың, сөзі мен ісінің бірлігінде өмір сүрудің маңыздылығын түсіндіре отырып, ақиқат құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

1. Білімділік: Оқушыларға адам баласы өз – өзіне адал болу керек екендігін үйрету

2. Дамытушылық: Оқушылардың бойындағы шыншылдық қасиеттерін дамыту

3. Тәрбиелік: Оқушыларды ізгілікке тәрбиелеу

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

  1. u-s.kz


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Жағымды көңіл күй.


Мен саған сенемін

Әуен ойнап тұрады. Жұп құрып, бір- бірінің көздеріне қарап отырады. «Мен саған сенемін …» өйткені сен жақсы адамсың.


  1. Үйге тапсырманы тексеру.

1. №5 – сабақ. 5 – тапсырманы орындау.

2. Келесі сабақ. №6, «Маңызды шешім» мәтінін оқып келу.

Сұрақтар:

1. Балалы әйел қарт кісіні неге өзімен бірге алып кетті?

2. Сіздің пікіріңізше, балалы әйелдің нақты шешім қабылдауына оның қандай қасиеттері әсер етті?

3. Жас келіншектің вокзалдағы әрекетін жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан қалай түсіндіресіз?

4. Сіздің өзіңіз осындай жылдам шешім қабылдаған кезіңіз болды ма? Ол қандай қажеттіліктен туған еді? Жауабыңызды мысал келтіріп, әңгімелеп беріңіз.


2. Сабақтың дәйексөзі.

(Оқушыларға үш рет айтқызып, дәптерге жаздырту)

Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым болатын – адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек.

Шәкәрім Құдайбердіұлы

Сұрақтар:
1. Таза жүрек дегенде нені түсінесіз?

2. Жақсы өмір сүру деген не?

3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?


4. Оқиға айту (Мұғалім

Түлкі мен отыншы

Аңшылардың қуғынынан қашып келе жатқан түлкі отыншыны көріп, құтқаруын сұрапты. Отыншы оны өзінің үйіне тығып, жасырып қалады. Қуа келген аңшылар да көрінеді. Олар отыншыдан түлкіні сұрайды. Отыншы көрмегенін айтады. Бірақ қолымен түлкіні жасырған үйді нұсқап көрсетеді. Сонда да аңшылар оның белгісін түсіне алмай, сөзіне сенеді де шауып жүре береді. Олар ұзағаннан кейін түлкі де шығып, бір ауыз сөз айтпастан кетіп қалады. Отыншы түлкіні құтқарса да жылы лебіз білдірмегеніне балағаттап жатады. Сонда түлкі тұрып: - Мен саған рахмет айтар едім, егер сөзің мен қолыңның қимылы бірдей болса,- деген екен.

Сұрақтар:

  • Отыншының әрекетінен қандай сабақ алдыңдар?

  • Неліктен адамдардың ойы, сөзі мен ісі бірдей болуы керек?

  • Ойы, сөзі мен ісі бірдей адамдардың бойынан қандай құндылықтар мен қасиеттер көрінеді?

  • Өздеріңнің ойларың, сөздерің мен істерің қаншалықты бір жерден шығады? Әңгімелеп беріңдер.



5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Оқушылар үш топқа бөлінеді.

3-тапсырма. Берілген сөзтізбекте қажет әріпті орнына қойып, дұрыс шешсеңіздер, Абайдың қанатты сөзін оқуға болады. Тапсырманы дәптерде орындаңыздар.



6. Топпен ән айту.

Бір ел болса

Сөзін жазған Мөлдір Айтбай

Әнін жазған Ұшқын Жамалбек

Жазира кең байтақ қазақтың даласы,

Сыр менен Еділдің арасы.

Арманы тауындай асқақ қой қарашы,

Қалдырған ержүрек бабасы.

Шүкір деп жазылды көбінің жарасы,

Ешкімнің жоқ оған таласы.

Осынау далада жыламай анасы,

Өссе екен қазақтың баласы.

Қайырмасы:

Бір ел болса біздей болсын Алатаудай айбары,

Көгіндегі қыран құстай желбіреген байрағы.

Бір ел болса біздей болсын азаттықтың айғағы,

Татулық пен берекенің бұзылмаған қаймағы.

Көліне, шөліне, көгіне тамсанам,

Жүректің үнімен ән салам.

Сағынып жете алмай Отанын аңсаған

Шетте жүр қаракөз қанша адам.

Әр қазақ жалғызым деп бүгін жар салам,

Әніммен жететін жол салам.

Әлемде кім қазақ бауырмын мен соған,

Құшақтай айғара қарсы алам


    1. Үй тапсырмасы.

1. №6 – сабақ. 6 – тапсырманы орындау.

2. Келесі сабақ. №7, «Бұқардың соңғы өсиеті» мәтінін оқып келу.



8. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Рахмет!

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!