400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Адам өмірі үшін судың, құмның, күн, ай сәулесінің, саздың тастардың маңызын түсіну

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың су, күн және ай туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыру, олардың адам өмірі мен табиғаттағы маңызын түсіндіру. Табиғатқа сүйіспеншілікпен қарап, оны қорғауға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық сабақ Мектепалды даярлық тобы

Тақырыбы: Адам өмірі үшін судың, құмның, күн, ай сәулесінің, саздың тастардың маңызын түсіну

Мақсаты: Балалардың су, күн және ай туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыру, олардың адам өмірі мен табиғаттағы маңызын түсіндіру. Табиғатқа сүйіспеншілікпен қарап, оны қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: слайд, суреттер, үлестірмелі материалдар

Әдіс- тәсілдер: түсіндіру , көрсету, сұрақ-жауап

Мұғалім іс-әрекеті

Балалардың назарын сабаққа аударып шаттық шеңберге тұрғызу. Бүгін сабаққа қонақ болып апайлар келіпті, орнымыздан тұрып келген қонақ апайлармен сәлемдесейік.

Сәлем бердік атын күн,

Сәлем бердік ашық аспан.

Сәлем бердік Жер-Ана,

Сәлем бердік баршаға!

Балалар бүгін біз сабақта бізді қоршаған табиғаттағы су, күн ай, тастардың маңыздылығы мен танысамыз. Балалар су -тіршілік көзі. Су ішеміз, жуынамыз, өсімдіктерді суарамыз.Сусыз адам да жануарлар да, өсімдіктер де өмір сүре алмайды. Күн -жерге жарық пен жылу береді. Күннің арқасында өсімдіктер өседі, адамдар мен жанарлар тіршілік етеді. Ай сәулесі -түнде жарық береді. Айдың сәулесі -түнде жарық береді. Айдың шығуы түнгі табиғаттың әдемілігін көрсетеді. Ал тастар болса үй, көпір, жол салуда қолданылады. Табиғатта әртүрлі әдемі тастар кездеседі.

Су , күн, ай сәулесі, саз және тастар- табиғаттың байлығы. Олардың барлығы адам өмірінде маңызды орын алады. Сондықтан табиғатты қорғап оны аялауымыз керек.

Жаңа сабаққа байланысты видеоролик көрсету.Видеороликте тақырыпқа байланысты материал көрсетіледі.

Сергіту

Күн шықты – қолымызды жоғары көтереміз

Жылуын шашты- қолымызды екі жаққа жайамыз.

Жаңбыр жауды – саусақтарымызбен төмен қарай қимыл жасаймыз

Ай туды- екі қолымызбен айдың пішінін көрсетеміз

Жұлдыздар жанды -саусақтрмызды ашып-жұмамыз

Жайлап рындарымызға отырамыз.



Топқа бірігу

Балалар қазір әрқайсың бір карточка аласыңдар.Карточкадағы суретке қарап, дәл сондай суреті бар достарыңды тауып бірге тұрыңдар. Осылайша біз топқа бірігеміз.

Балаларға топ бойынша тапсырма.Қай топ бірінші тапсырманы орындайды.....









\

Жарайсыңдар балалар. Әр дұрыс орындаған тапсырмаға жұлдызша беріп отырамын.









Топтағы балалармен бірігіп артық заттарды табады. Бірінші орындаған топқа көп жұлдызша беріледі.

Сұрақ-жауап

Су болмаса не болады?

Күн болмаса не болар еді?

Айды қай уақытта көреміз?

Жұмбақ қай топ табады

Өзі мөлдір, өзі таза, Ішсең шөлің қанады. Бұл не? (Су)

Аспанда бір алып шар, жерге жылуын шашар. Бұл не? (Күн)

Түнде күліп қарайды, күндіз көрінбей қалады. Бұл не? (Ай)

Жарайсыңдар балалар. Ал енді қай топ жұлдызшаны көп жинады...

Қорытынды

Бүгінгі сабақта біліп үйренгендерің мол болды деп ойлаймын. Табиғатымызды аялап таза ұстай білейік.

Ал балалар тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Кездескеге күн жақсы,

Сау саламат болайық









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19.07.2026
32
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі