Адам өміріндегі эмоцияның рөлі

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Адам өміріндегі эмоцияның рөлі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада эмоция туралы қызықты ақпарат берілген
Материалдың қысқаша нұсқасы

Адам өміріндегі эмоцияның рөлі


Мен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде Журналистика факультетінде оқимын.Біз осы жылы психология пәнін оқыдық.Болтаева Алия Масакбаевна бізге психалогия туралы көп ақпарат берді. Бұл пән тұлғалық даму үшін көмектесетін болғандықтан маған ұнайды.Психология пәнінің қыр-сырын ұғып,өзіме қызық болған тақырып бойынша сөз қозғаймын.Маған қызық болған тақырып ол адам өміріндегі эмоцияның рөлі.Эмоция қарапайым құбылыс болғанымен, адам өмірінде маңызды рөл атқарады.

  Адам эмоциясы оның ішкі жан дүниесін баяндайды.Қазіргі заманда адамдар эмоциясын шығарудан қорқады.Себебі 21 ғасыр цифрлық заманға айналды.Адамдар виртуалды өмірге бейімделіп барады.Вируталды әлемде яғни телефон,компьютер ішіндегі әлеуметтік желілер адам санасын улап өздеріне тәуелді етіп алған.Ал,ол адам психалогиясына кері әсерін тигізіп жатыр.Қазір тіпті дені сау,12 мүшесі сау балаларда цифрлық аутизм деген ауру түрі пайда болған.Балалар эмоция түгілі,қарапайым есту,түсіну сезімдерін жоғалтып  жатыр. Бұл елімізге төніп тұрған қауіп.

Ал мен осындай мәселеден қалай сақтанамын? Мен ішкі сезімдерімді, эмоциямды қалай шығарамын?

Осы сұрақтарға жауап берсем. Жалпы мен қазіргі балалар сияқты емес, кішкентай кезімде ойыншық ойнап,ата-анаммен бауырларыммен дені сау қарым-қатынас орнаған заманда өскен соң менде ондай мәселе жоқ десемде болады.Десе де,әлеуметтік желіде көп отырмауға тырысамын,себебі ол миымды улайтынын мойындау керек.Эмоциямды ашық және еркін шығаруға тырысамын.Ренішімді,қуанышымды,мұңымды,ызамды еркін көрсетіп ішімде сақтамауға тырсамын.Эмоция уақытында шықпаса,болашақта ауру болып шығатынын білемін.Сондықтан да барынша өзіммен жұмыс істеймін.Адамдарға айта алмасам қағазға немесе блакнотқа жазуға тырысамын.Оның өзі де,көмектеседі.Эмоция біздің тірі екенімізді,жанымыздың бар екенін көрсетіп тұрған қабілетіміз десемде артық емес.Бірақ оны дұрыс басқара алу керек.Әр нәрсенің жақсы жағымен қоса жаман жағы да болады.Ал оны жақсыға айналдыру да,жаманға айналдыру да өз қолымызда.

Қорытындылай келе,біз эмоцияларымыздан ұялмауыз керек.Ол барлық адамда болады.Эмоция арқылы өз өмірімізді басқарамыз.Егер оны дұрыс қолдана алсақ тек өзімізге емес қоғамға да өз әсерімізді тигіземіз.Айналамызда болып жатқан мәселе де осы ішкі сезімдердің ретсіздігінен туындап жатады.Сондықтан да өз ішімізге үңіліп,оны дұрыс қолдануды үйренейік.


Журналистика факультетінің

1 курс студенті


Орындаған:Аманкелді.С

Оқытушы: Болтаева.А








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.04.2024
368
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі