Материалдар / Адам өміріндегі нанның рөлі.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Адам өміріндегі нанның рөлі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Нанның адам үшін маңыздылығы, нанның бидайдан жасалатынын, оның дастарханға үлкен еңбекпен келетіні, бидайдың өсуі, нан пісіру кезеңдері, бидайдың құндылығы туралы түсінік беру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Сәуір 2022
636
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Есік қаласындағы облыстық зерде бұзылыстары бар

балаларға арналған мектеп-интернаты»

Педагог-дефектолог Оспанова Кенже Ерсиновна

Қысқа мерзімді жоспар

Күні:

Сынып: 5

Пәні: Айналадағы әлем

Мұғалімі: Оспанова К.Е.

Мектеп:Облыстық арнайы мектеп-интернаты

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Адам өміріндегі нанның рөлі.

Сабақтың мақсаты

Білімділігі – нанның адам үшін маңыздылығы, нанның бидайдан жасалатынын, оның дастарханға үлкен еңбекпен келетіні, бидайдың өсуі, нан пісіру кезеңдері, бидайдың құндылығы туралы түсінік беру.
Дамытушылығы – бақылағыштығын, қиялын, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін, сөздік қорларын, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілігі нанды қадірлеуге, қастерлеуге, нанды даярлайтын адамдарға деген құрмет сезімдерін, диқан еңбегін бағалай білуге, еңбекке деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу.

Көрсету жабдықтары

Суреттер, үлестірмелі материалдар.

Пәнаралық байланыс

жаратылыстану, ана тілі.

Сабақ кезеңдері

Мұғалім мен оқушылардың біріккен қызметі мазмұны

Сараланған және жекеленген тәсілдер

1-2 топ

3-топ

4-топ

Ұйымдастыру

Амандасу

-Сәлеметсіңдер ме, балалар!

-Қазір қандай сабақ?

Психологиялық дайындық.




Үй тапсырмасын тексеру

Сұрақ-жауап алу, тексеру.

-үйге қандай тапсырма берілді?

«Егін егу» тақы-

рыбынан оқығаны-нан түсінік айту.

Өсімдік түрлерін атау.


Сабақтың мақсат-міндеттерін анықтау

Қызығушылықты ояту. Жұмбақтар.

Ұзын мұртты сарылар, Қойынында наны бар. (бидай)
Үсті тас,
асты тас Ортасында піскен ас. (нан)
Мұғалім: - Балалар, дұрыс таптыңдар. Нан мен бидайдың арасында қандай байланыс бар?
– Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Адам өміріндегі нанның рөлі» деп аталады.




Жаңа тақырыпты түсіндіру

Нан – дастарханның көркі. Олай болса, мына суретке назар аударайық. Ауылда той дастарханының сәні – бауырсақ. Бауырсақты ауылда әжелер мен апалар қара қазанға пісіреді. Қазан маңында бауырсақ жеп жүрген балалар ерекше көңілді.
- Балалардың көңілді, әрі қуанышты өмір сүруі үшін дастарханға келетін бір түйір нанға қаншама адамның маңдай тері сіңеді. Енді соған тереңірек тоқталайық.
- Ерте көктем келісімен адамдар трактормен жер жыртып, дән себеді. Оны күтіп, баптайды. Тыңайтқыштар сеуіп, арам шөптерін жұлып, зиянкестерге қарсы дәрі сеуіп жаз бойы егін басында жүреді.

- Егін піскен кезде адамдар оны комбайнмен жинауға кіріседі. Күн демей, түн демей егін алқабында егін жинаумен болады. Жиналған егінді машинаға құйып, диірменге апарады.Диірменде бидайдан ұн тартады. Ұнның үш сорты болады. Ұнды қапқа салып, вагондарға тиеп, қалалар мен ауылдарға жөнелтеді. Қапқа салынған ұн наубайханаларға апарылады. Наубайханада ұнның әр сортынан нан түрлері пісіріледі. Наубайханада ұннан қамыр илеп, қамырдан нанның формасын жасап, пешке салып пісіреді. Наубайханадан дүкендерге жіберіледі. Дүкеннен адамдар сатып алып, дастарханға қояды.

Міне, нанның дастарханға келуі үшін қаншама адамның маңдай тері сіңеді.




Жаңа тақырыпты бекіту және қайталау

Тыйым сөздер
1.Нанды бір қолмен үзуге болмайды.
2.Нанды төңкеріп қоюға болмайды.
3.Нанды аяқ астына тастама.
4. Дүкенге барғанда нанның сапасын қолыңызбен анықтамаңыз. Бұл тазалыққа да, мәдениеттілікке де жатпайды.
5.Нанды сатып алғанда таза дорбаға салыңыз.

Мақал-мәтелдер:

1.Қоныс көркі – там,
Дастархан көркі – ... (нан)
2.Дастарханында наны жоқтың
Тамағының .... жоқ. (дәмі)
3.Нан болса, ... болады. (ән)
4.Тістем нанның қадірін,
Тарыққанда ... (білесің)
5.Нан қиқымын шашпаңдар,
Жерде жатса ...
(баспаңдар)

Сөзжұмбақ шешу.
1. Астық неден алынады?
2. Механизатор әйелді ата.
3. Нан қайда пісіріледі?
4. Ұнның сорты
5. Бидайдан ұн жасайтын жер.
6. Тары атасы кім?
7. Бидайды немен орады?
8. Күріш атасы атанған адам.

Сөзжұмбақ шешу.
1. Астық неден алынады?
2. Механизатор әйелді ата.
3. Нан қайда пісіріледі?
4. Ұнның сорты
5. Бидайдан ұн жасайтын жер.
6. Тары атасы кім?
7. Бидайды немен орады?
8. Күріш атасы атанған адам.

«Нан – береке бастауы» бастырып жазу.

Сабақ қорытындысы және оқушылар ды бағалау.

-Не біліп, не үйрендік?

-Бүгінгі сабақ ұнады ма?





Үйге тапсырма беру.


Нан туралы өлең жаттау.

Тақырыпты оқу.

Мақалды жаттау. «Нан – береке бастауы»







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!