Материалдар / Адам өміріндегі судың маңызы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Адам өміріндегі судың маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
Оңтүстік Қазақстан Облысы білім басқармасы Б.Өтеп атындағы "Өнер" мамандырылған мектеп-интернаты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Желтоқсан 2018
681
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Адам тіршілігіндегі судың маңызы

Мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні

СЫНЫП: 3

Қатысқан оқушылар саны

Қатыспағандар

Оқу мақсаттары

Ой-өрістерін кеңейту, танымдық қабілеттерін дамыту,

табиғи материалдарды көркем бейнеге айналдыра білу.

Бағдарламалық міндеті

3.1.1.1

3.2.1.1

Мақсатқа жету үшін орындалатын міндеттер

Мұғалім үшін: судың адам өміріндегі маңызын талдап, суды қадірлеуге үйрету, судың әртүрлі күйімен

(сұйықтық, мұз, бу), ою-өрнектердегі судың бейнелерімен таныстыру.

Оқушылардың шығармашылық міндеті: адамның өміріндегі судың маңызы туралы әңгіме құрау. №2

жұмыс дәптерінің 18–19-беттеріндегі тапсырмаларды орындау.

Оқушылардың міндеті

Мұғалімнің және оқулықтағы сұрақтарға жауап беру, судың әртүрлі күйін сипаттау (мұз қатты, пішіні бар, түссіз, шыныға ұқсайды, суық; бу – белгілі бір пішіні жоқ, оның пішіні үнемі өзгеріп отырады, ыстық, түссіз, бірақ ауада көрінеді) және т.б.

Тірек сөздер: су, су айдыны, судың пішіні, жауын- шашын, қар, бұршақ; су – адамның тірегі, су – тіршілік көзі, табиғаттағы су айналымы, меандр – ежелгі гректің суды бейнелейтін өрнегі, бітпес оюы.

Талқылауға арналған сұрақтар мен оған берілетін жауаптар:

  1. Судың адам өміріндегі маңызы қандай?

Жауап. Судың адам өміріндегі маңызы зор. Сумен үйді тазалап, кір жуамыз. Сусыз тамақ пісіре алмаймыз. Адам күніне екі литрдей су ішеді.

  1. Өздерің білетін су айдындарын атаңдар. Жауап. Мұхит, теңіз, өзен, көл.

  2. Елімізде қандай өзендер бар?

Сырдария, Ертіс, Есіл, Тобыл, Іле, Шу және т.б.

  1. Судың қандай күйлері бар?

Жауап. Су сұйық, қатты (мұз, қар), бу тәрізді (шәйнектің буы, бұлт) болады.

  1. Ежелгі гректің меандр өрнегі нені білдіреді? Жауап. Меандр өзеннің иірімді жағалауы мен оның ағысын білдіреді.

  2. Қазақтың «бітпес» өрнегімен нені әшекейлейді? Жауап. Бұл өрнек түрімен қолөнер бұйымдарын; кілем, текемет пен сырмақты, киім-кешек пен ыдыстарды

әшекейлейді.




Күтілетін нәтиже

Барлық оқушылар: судың адам өміріндегі маңызын, суды бейнелейтін өрнектерді біледі.

Табиғи материалдарды көркем бейнеге айналдырып үйренеді.

Оқушылардың көпшілігі: су бейнелі өрнек түрлерін қоса отырып, табиғи материалдарды көркем бейнеге

айналдырады.

Кейбір оқушылар: су бейнелі өрнектерді қосып және оларды әшекейлей отырып, табиғи материалдарды

көркем бейнеге айналдырады.

Бұрын алған білімдері

Жаратылыстану және дүниетану пәндерінен меңгерген білімдері. Белгі символдары, 3-сынып. Ою-өрнек, ою-

өрнек құрастыру, 2-сынып.

Пәнаралық байланыс

Бұл сабақта мына пәндермен байланыс орнайды: жаратылыстану, дүниетану, музыка, әдебиеттік оқу. Оқушылар тақырыпты талқылап, әдеби туындыларды тыңдау барысында дұрыс әрі бейнелі түрде сөйлеу

дағдыларын дамытады. Оқушылар жаратылыстану сабақтарынан алған жанды табиғат туралы білімдерін

пайдаланады. Шығармашылық шабыттарын ояту үшін

2 қосымшадағы өлеңдерді оқиды.

Сабақтың барысы

Сабақ

кезеңдері

Жоспарланған жұмыс түрлері

Дереккөздер

Сабақ тақырыбына кіріспе

Сыныпта жақсы психологиялық ахуал мен шығармашылық жағдай жасау. Сабақтың басында

2 қосымшадағы әндердің бірін қосып қоюға болады.

Судың әртүрлі күйі бейнеленген фото- суреттер (өзен, теңіздегі су, қар, қырау, мұз, сүңгі,

бұлт).

2 қосымшадағы музыкалық үзінді- лер.

Алған білімнің өмірмен байланысы. Жаңа білім мен дағдыға қол жеткізу

Адам сусыз бір күн де өмір сүре алмайды. Кәне, адамға су не үшін керек екенін атап шығайықшы.

Адамға су қажет болғандықтан, оны қастерлей білу керек. Суретшіге де сусыз қиын соғатыны белгілі.

Оқушылардан сусыз пайдалануға болмайтын бояуларды атауды сұрайды (акварель, гуашь).

Судың қасиеті, оның пішіні, адамдар бұрын суды қалай бейнелегендері туралы білімдері алдағы уақытта керек болады.

Оқулық.

Судың әртүрлі күйі бейнеленген

фотосуреттер (өзен, теңіздегі су, қар, қырау, мұз, сүңгі,

бұлт). Суды

білдіретін ою-өрнек- тер.



Материалды түсіндіру

Сабақтың басында судың адам өміріндегі маңызына тоқталған дұрыс. Бұл тақырып жаратылыстану сабағында да өтілетін

болғандықтан, оқушылар осы тақырып бойынша хабардар, сондықтан тақырыпты талдауға белсене қатыса алады. Оқушылар судың адам өміріндегі маңызы туралы әңгіме құрап, «Су – тіршілік көзі» деген тіркесті қалай түсінетіндерін айтады.

Олардың назарын судың қандай күйде болатыны-

Оқулық.

Судың әртүрлі күйі бейнеленген

фотосуреттер (өзен, теңіздегі су, қар, қырау, мұз, сүңгі,

бұлт). Суды

білдіретін ою- өрнектер.



на аударуға болады. Одан әрі әртүрлі халықтардың өрнектеріндегі судың бейнеленуіне көшеді.

Ақпаратты оқулықтан, сондай-ақ кітаптар мен ғаламтордан алуға болады. Суды бейнелейтін әртүрлі өрнектерді көрсетеді. Су өрнектері неліктен ең көне өрнек түрлеріне жататыны туралы әңгімелесуге болады, оқушылар басқа

сабақтардағы мәліметтерді еске түсіре отырып, өз ойларын ортаға салсын. Ұлттық кілемдердің

жиегіне салынатын «бітпес» оюын көрсеткен жөн. Оқушылар бұйымдарды бұл өрнекпен әшекейлеу арқылы шеберлер не айтқысы келгенін айтып

берсін. Тақтаға шығып, суретін сала алады. Сабақтың соңында мұғалім 100–101-беттегі жобаны ата-аналарымен қалай орындайтынын айтады. Бұл жобаны оқушылар тақырыптың соңына қарай орындайды да, таныстыру са-

бағында жоба туралы айтып береді. Жоба бойынша негізгі жұмысты оқушылар өздері орындайды, ата- аналары бөтелкені табуға, тұзды кептіруге,

бұйымды жасауға көмектеседі. Тұзды әртүрлі түске бояп, кептіру көп орынды алады, сондықтан оны сыныпта орындау мүмкін емес.

2 қосымшаның

7 тақырыбындағы материалдар.

Өздік жұмысты орындау

Оқушылар альбомдарына толқынның, қардың суретін салады. Кейбір оқушылар сол бейнелердің негізінде өрнек құрастырады. Ал енді бір оқушылар жасалған өрнектермен әртүрлі заттарды (ваза, тәрелке, жастық, жамылғы) қалай

әшекейлеуге болатынын ойланады.

Альбом, қара, көк не көгілдір түсті

фломастерлер мен түсті қарындаштар.

Сабақтың қорытынды- сы

Оқушылар адам өміріндегі судың маңызын, суды бейнелейтін өрнектерді білді.

Су бейнелі өрнекті құрастыра отырып, табиғи материалдарды көркем бейнеге айналдыруды үйренді.


Қосымша ақпарат

Дифференциация Оқушылардың бәрі судың адам өміріндегі маңызын, суды

бейнелейтін өрнектерді білді. Табиғи материалдарды көркем бейнеге айналдырып үйренді.

2 жұмыс дәптерінің

18-бетіндегі тапсырманы орындады.

Оқушылардың көпшілігі су бейнелі өрнек түрін қоса

отырып, табиғи материалдарды көркем бейнеге айналдырды.

2 жұмыс дәптерінің

18-бетіндегі тапсырманы орындады.

Кейбір оқушылар су бейнелі

Оқушылардың ақпаратты меңгергенін қалай тексересіз?

  1. Оқушылардың мұғалімге берген

жауабынан (оқулық- тағы);

  1. жасаған жұмыс- тарынан (жақсы

жасалған жұмыстарды ғана бағалаңыз);

  1. жасаған жұмысты талқылауларынан.

АКТ-мен байланыс

Сабақтың барысында мұғалім СD-дискідегі материалдарды, интерактивті тақтаны қолданады.


Мұғалім өздік жұмыстың басында қайшымен жұмыс

істеу ережесін еске түсіреді.


өрнек түрін қосып және оларды әшекейлей отырып, табиғи материалдарды көркем бейнеге айналдырды.

Тапсырманы альбомдарына орындады.



Оқушыларға қалай қолдау көрсетесіз?

Сабақтың барысында оқушыларды бағалайды: Жарайсың, сен сұрақтарға толық жауап бересің! Сен өте байқампазсың! Сен табиғат

нысандарын жақсы суреттейсің (суретшілер туындыларын)!

Сен тапсырманы жақсы орындауға тырыстың! Сен жұмыстарды талқылауға

белсене қатыстың! және т.б.

Бағалау

Сабақта оқушыларды бағалау:

  1. оқушылардың мұғалімнің және оқулықтағы сұрақтарға жауабы;

  2. туындылардың репродукцияларын суреттеуі;

  3. жұмысты талдап, талқылауға қатысуы;

  4. жұмыс дәптерінде орындалған тапсыр- малар (жақсы жасалған жұмыстарды ғана

бағалаңыз).

Құндылықтармен байланыс Анималист-суретшілер мен пейзажшылардың жұмыс- тарын, жанды табиғат

фотосуреттерін көрсетіп, табиғатқа, туған өлкеге сүйіспеншіліктерін оятып,

эстетикалық көзқарастарын қалыптастыруға септігін тигізетін №2 қосымшадағы өлеңдер мен материалдарды қолданады.

Рефлексия. Мұғалім жылдың басында әрбір оқушыға бірнеше смайлик дайындап қояды. Оқушыларды сабақ барысында смайликтермен бағалайды. Мысалы: «Өте қызық!», «Мен көп жаңа нәрсе білдім!», «Мен көп нәрсе үйрендім!», «Маған қиындау болды!», «Мен

бәрін жасап үлгермедім!», «Мұның маған пайдасы бар!» және т.б. Оқушылар сабақтың соңында смайликтерін көрсетеді. Сабақтың қалай өткенін, ең қызықты нәрсе не болды, қандай жаңа нәрсе білгендерін, нені үйренгендерін айтады.




1


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!