400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Адам өміріне ауа-райының әсері 2-сынып дүниетану

Материал туралы қысқаша түсінік
2-сыныпқа арналған сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: дүниетану

Ұзақ мерзімді жоспар

№129 мектеп 2

Мұғалімнің аты-жөні: Жуманова Айсулу

7-бөлім: Қоршаған орта

Күні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Адам өміріне ауа-райының әсері.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.2.2.1. Адамның өмірі және шаруашылық әрекеті үшін ауа райының қолайлы және қолайсыз сипатын талдау


Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар: Оқушылар:

  • оқулықтың мәтіні және суреттерінен қажетті ақпаратты алады.

Көпшілігі:

  • «бағдарлау» түсінігімен танысады, тұсбағдар бойынша бағдарлаудың тәсілдерін қарастырады.

Кейбір оқушылар

  • сабақта қол жеткізген жетістіктеріне ой қорытады.

  • сөздік қорын Солтүстік С, Оңтүстік О, Шығыс Ш, Батыс Б сөздерімен толықтырады.

Тілдік мақсат

Оқушылар:

Талқылауға арналған сұрақтар:

Тұсбағдар, көкжиек бағыттары, бағдарлау сөздерінің мағынасын түсіндіру.

Бағалау критерийлері

  • бағдарлау түсінігін және ненің көмегімен кеңістікте орналасқан жеріңді анықтауға болатынын айта алса;

  • сабақтың оқу міндетін түсіне алса және орындай алса;

  • сабақта жеткен жетістіктеріне ой қорыта алса;

  • жұптық және топтық жұмысқа белсенді қатыса алса

Құндылықты дамыту

Рухани жаңғыру,мейірімділік,қамқорлық.

Пәнаралық байланыстар

Әдебиеттік оқу, көркем еңбек.

АКТ қолдану дағдысы

Ноутбук.

Бастапқы білім

Алдыңғы бөлімде алған білімдері


Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы

2 мин




Қызығушылықты ояту:

Сыныпты қалыпқа келтіру.

Сабақта жағымды орта қалыптастыру.

Қуан, шаттан!

Қуан, шаттан!

Қуанатын күн бүгін,

Баршаңызға қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін!

Оқушылар қайталайды.


Сабақтың ортасы

4 мин

Топтық жұмыс.






Жаңа білім















Тыңдау және орындау











.




























12 мин




























Графикалық диктант

12 мин

Топтағы жұмыстың ережелерін талқылау.

Қозғалысқа келтіретін тапсырма. «Кім жылдам?» Тапсырманы орындап, сөз құрастырыңдар.


С

1 жыл

12 ай

А

Астанамыз?

Астана

Я

Мемлекеттік рәміздер?

Ту, Гимн, Елтаңба

Х

Мемлекетіміздің Ата Заңы

Конституция

А

Ақшамыз?

Теңге

Т

Шөл кемесі

Түйе

Қалай ойлайсыңдар, біз қайда аттанамыз? Қандай мақсатпен?

– Саяхаттау үшін не қажет?

Арқақоржынды аламын,

Сәттілік, үмітті саламын.

Достарымды ертіп ап,

Білімімді шыңдап ап,

Саяхатқа шығамыз.

– Бүгін біз сендермен қызыққа толы саяхатқа аттанамыз. Ал саяхатымыздың бастамасын ежелгі грек аңызынан бастаймыз.

– Аңыз дегеніміз не?

Аңыз – табиғат құбылыстары және қоғамның пайда болуы туралы ежелгі халық ертегісі.

Әңгіме.

Баяғы бір заманда Крит аралында, көк теңіз шайып жатқан жағалауда Минос деген патша өмір сүріпті. Оның әдемі әрі ақылды Ариадна деген қызы болыпты. Оның жер иелігіне үлкен ақ сарай салынады. Ол сарайдың басқа сарайлардан бір ерекшелігі – кірген адам шыға алмайтын етіп жасалған шытырман дәлізі – лабиринті болыпты.

– Лабиринт дегеніміз не?

Лабиринт – ертедегі Грекия мен Египетте салынатын, күрделі орналасқан және шырмалған дәліздері бар құрылыс.

– Сол лабиринттің ортасында Минотавр деген айдаһар тұрыпты.

Әрбір тоғыз жыл сайын 7 жас жігіт пен 7 жас қыз лабиринт ішіне баруға мәжбүр болатын. Кімде-кім лабиринттен қайтар жолды таппаса, соны айдаһар жеп қоятын. Сондай тағдыр ханзада Тесейді де күтті.

– Болжамдап көріңдер, Тесей лабиринттан шыға алар ма еді? Қандай жолмен?

– Бірақ Тесейді асқан сұлу Ариадна сүйіп қалады. Ол оған бір үлкен шүйке жіп берді.

– Тесей жіптің бір ұшын лабиринттің кіреберісіне байлап кетеді және қайтар жолды сол жіп арқылы тауып алады.

– Содан бері саяхатшылар Ариаднаның жібін жол бастар бағдар деп атап кетті.

– Бағдар дегеніміз не?

– «Бағдарлау» дегеніміз не?

– Сабағымыздың тақырыбы – жергілікті жерді бағдарлау.

Түсіндірме сөздігіне жүгінейік.

Бағдарлау – бақылаушының өзі тұрған жерін айналасына, көкжиек тұстарына және жер бедері элементтерінің кейбір өзгешеліктеріне қарап анықтауы.

– Айтыңдаршы, неліктен бағдарлай білу керек?

– Бағдарлаудың қандай түрлері бар?


Кластер құру

Бағдарлау



Күнге қарап Жергілікті табиғи

Тұсбағдармен белгілерге қарап


– Бүгінгі сабағымыз қандай тақырыпқа арналады?

– Қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабағымызда біз нені үйренуіміз керек?

«САНАДАҒЫ КИНОФИЛЬМ» стратегиясы

Жұмыс алгоритмі

1. Оқушылар көздерін жұмады.

2. Сыныпқа қысқа оқиғаны оқиды немесе оқушылардың алда не істейтіндерін түсіндіреді.

3. Оқушылардан оқып жатқан ақпаратты көз алдарына келтіруді сұрау.

4. Ақпаратты оқуды тоқтатып, оқушылардан оқиғаны тоқтаған жерден жалғастырып, одан әрі дамытуды сұрау.

5. Одан кейін оқушылар шағын топта өздерінің «ойындағы кинокартинада» не болғандығы туралы әңгімелейді . Бұл – мәселені талқылауды дамытатын тәсілі.


Теңізбен жүзіп келеміз деп елестетіңдер. Сендер көкжиек тұстарының атауларын білесіңдер, сондай-ақ біз баратын қаланы және оның оңтүстікте орналасқанын да білесіңдер. Бірақ оңтүстік қайда екенін қайдан білеміз? Бағдарлау және бағытты дұрыс таңдау үшін адамдар тұсбағдарды пайдаланады.

– Тұсбағдар сөзі нені білдіреді?

Тұсбағдар – көкжиектің тұстарын анықтайтын құрал.

Тұсбағдар қандай құрал? Оны қашан ойлап тапты?

Тұсбағдар – (теңізшілер пайдаланған құрал).

Дүние бөліктерін (көкжиек тұстарын) анықтайтын құрал.

Магниттік тұсбағдар (әрдайым солтүстікті көрсететін магниттелген тілшесі бар құрал).

Оқулықпен жұмыс. Бағыттап оқыту:

  • Суреттерді қарастырайық. Мәтінді оқыту. Сұрақтар бойынша талқылауды ұйымдастыру.

Жаңа сөздерді енгізу.

– Балалар, жаңа сөздерге мән беріңдер. Солтүстік С, Оңтүстік О, Шығыс Ш, Батыс Б.

Графикалық диктант.

1 қадам – 1 торша:

Бастапқы қызыл нүктеден батысқа қарай 3 қадам (1 қадам – 1 тор), оңтүстікке 2 қадам, шығысқа 3 қадам, қайтып оңтүстікке 3 қадам және батысқа 3 қадам жүріңдер. Не шықты? (5) Кімде «5» саны – шықты, сол көкжиек тұстарын жақсы біледі.

«+» белгісімен дұрыс тұжырымдарды белгіле:

1. Көкжиек – біз көретін өзіміздің айналамыздағы жергілікті орын. (+)

2. Бағдарлау үшін дүние бөлігінің 5 тұсын пайдаланады. (–)

3. Тұсбағдар – көкжиек тұстарын анықтайтын құрал. (+)

4. Тұсбағдардың көк тілшесі оңтүстікті көрсетеді.(-)

5. Тұсбағдар адаспау үшін қажет. (+)

6. Күн әрқашан шығыстан шығады. (+)

7. Түс кезінде күн солтүстікте болады. (–)













Оқулық

Жұмыс

дәптерлер




























Кері байланыс

5 мин


Бағалауды және рефлексиялық әңгімелесуді ұйымдастыру.

  • Бүгінгі сабақта өздерің үшін жаңадан не аштыңдар?

  • Сабақта орындаған жұмысына кімнің көңілі толады?

  • Нақты неге көңілдерің толды?

  • Парталарыңда жатқан дөңгелекті алыңдар.

  • Одан смайлик жасайық, көздерін суреттеңдер.

– Егер сабақта барлығы түсінікті болса және сендер материалды жақсы меңгерсеңдер, сондай-ақ сендердің қолдарыңнан барлығы келсе, онда мұрынның орнына леп белгісін қойыңдар.

– Егер қандай да бір сұрақтармен күмәнданатын жайттар қалатын болса, сұрақ белгісін жазыңдар.

– Егер сабақта жақсы көңіл күй болса, жымиыс салыңдар.

– Егер сендерді бірдеңе көңілдеріңді қалдырса немесе қандай да бір қиындықтар туындаса, онда көңілсіз смайликті суреттеңдер.

– Егер сабақ ешқандай сезімге арқау болмаса, бірқалыпты өтсе, байыпты түзу оймақ ауыз салыңдар.

Өз таңдауларын түсіндіреді.

Қорытындылау

3мин


«Өзінді тексер».

  • Жұмбақты шешіңдер.

Таба алмай оң менен солыңды,

Адассаң қапылыста.

Дәл сілтер көрсетіп жолыңды,

Шығысқа, батысқа.

Адассаң ал қолыңа,

Бағыт сілтер жолыңа.

– Сабағымызда тұсбағдар туралы не білдіңдер?

– Кәне, тағы бір рет тұсбағдарды пайдалануды еске түсірейік!

– Бағдарлау дегеніміз не?

– Бағдарлаудың бірінші көмекшісін атаңдар

– Айтыңдаршы, барлық жағдайларда тұсбағдар бейтаныс жерлерде дұрыс бағдарлауға көмектесе ме?

– Бағдарлаудың қандай тәсілдерін біз білдік?

– Жергілікті жерді қалай бағдарлауға болады?

Бұны білу не үшін қажет?


Сұрақтарға жауап береді.


Бағалау

ҚБ бағалаулар


Үйге тапсырма

1 мин

Үй тапсырмасы оқу,

  • Жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындау.



Саралау - оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді

жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін

қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік

техникасының сақталуы.







Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың мақсаттары / оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Сабақтың уақыттың кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?


Жалпы бағалау

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі. (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады. (Оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік / қиындықтары нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?











































































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
8 мамыр
1372
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі