400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 27 материал табылды

«Адам өмірінің қауіпсіздігі»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Азаматтық қорғаныс» деген қандай ұғым беретіні туралы біледі. Қауіпсіздік жағдайлары және оның ішінде су тасқыны жер сілкінісі, өрт, дауыл соққан кезіндегі алдын алу шаралары.
Материалдың қысқаша нұсқасы



«№ 45 ЖОББМ» КММ













«Адам өмірінің қауіпсіздігі» 

(тәрбие сағаты)








Сынып: 2 «В»

Сынып жетекшісі: Кереева Ш.М.




















2018 – 2019 оқу жылы

Сабақ тақырыбы: «Адам өмірінің қауіпсіздігі» 
Мақсаты:

  • Азаматтық қорғаныс туралы түсініктерін кеңейту.

  • Азаматтық қорғаныс дегенге нелер жататындығын түсіндіру.

  • Қауіпсіздік жағдайлары мен алдын алу шараларын ұғындыру.

  • Елі мен жерін қорғаудың алдын алу шараларына тәрбиеле.

  • Алғашқы көмек қалай көрсетуді үйрету.

Көрнекілік: Суреттер, видеороликтер
Ұйымдастыру:

  • Сәлемдесу,

  • Тыныштандыру.

  • Кезекшілер арқылы оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.


Сабақтың мақсатын баяндау: Балалар бүгін біз «Азаматтық қорғаныс» деген қандай ұғым беретіні туралы оқып білеміз. Қауіпсіздік жағдайлары және оның ішінде су тасқыны жер сілкінісі, өрт, дауыл соққан кезіндегі алдын алу шаралары.

Жаңа ұғым:

  • Азаматтық қорғаныс. (бейне ролик көрсете отырып түсінік беру)

Азаматтық Қорғаныс (АҚ) — мемлекеттік қорғаныс шаралары жүйесінің құрамдас бөлігі.

Міндеттері: жергілікті халық пен халықшаруашылығын жау шабуылынан, жаппай қыру қаруынан, табиғат апаттарынан т.б. төтенше жағдайлардан қорғау және қорғану шараларын үйрету; су тасқыны, сел, жер сілкінісі, өрт болған аймақтарда құтқару жұмыстарын жүргізу; халыққа жау шабуылының немесе табиғат апатының қаупі туралы алдын-ала хабарлау,т.б.

Азаматтық қорғаныс бейбіт кезеңде және соғыс уақытында мынадай шараларды жүзеге асырады: жаппай қыру қаруынан сақтану үшін арнайы қорғаныс жайлары салынып, жеке бас қорғаныс жабдықтары дайындалады, ірі қалалар тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп, оларға қорғану тәсілдері үйретіледі, ықтимал қауіп туралы халыққа егжей-тегжейлі түсіндіріледі, соғыс кезінде өндіріс орындары мен мекемелерде жұмыс тоқтамау үшін әртүрлі ұйымдастыру және инженер-техникалық шаралар жүргізіледі, нақты өндіріс орындары қорғалады, математика-техника құралдар, электр энергиясын шығару көздері, газбенсумен қамтамасыз ету қорлары жасалады; қираған шаруашылықтарды қалпына келтіруге қажетті қосалқы жабдықтар жинастырылады, арнайы азаматтық қорғаныс топтары құрылады т.б. 

Қазақстан Республикасындаазаматтық қорғаныс барлық жерде аймақтық-өндірістік принциппен ұйымдастырылған. Оны Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы тікелей басқарады. Комитеттің облыстық, қалалық және аудандық бөлімдері бар. Жергілікті жерлерде мекеме, ұйым, оқу орындары, өнеркәсіп басшылары және азаматтық қорғаныс шараларын өткізуге жауапты болып табылады.


  • ТЖ (ЧС) дегеніміз - Төтенше жағдай

  • Төтенше жағдайлар кезінде адам өзін қалай ұстау керек және алғашқы көмекті қалай көрсету керектігін түсіндіру.

    Су тасқыны, өрт ,жер сілкінісі, қар көшкін, сел , дауыл туралы оқушылар топқа бөліне отырып түсініктерін жеткізе білу.


Бекіту:

3-топқа бөлінеміз.

1-топ: - Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік шараларды оқушылар түсіндіре отырып көрсетеді.

2-топ: - Өрт кезіндегі қауіпсіздік. Күйік шалғанда қандай көмек көрсету керек.

3-топ: - Су тасқыны кезіндегі алғашқы көмек.

Әр топқа бөлініп суреттер бойынша жауаптарын осылай дәлелдей отырып тәжирбеде көрсетеді.


Ұжымдық жұмыс: Тағы ұжымдаса отырып,

  • үсік шалғанда көрсетілетін көмекті көсетіп түсідіреді.

  • қан қысымы көтерілгендегі алғашқы көмек жасауды көрсету.

Қорытындылау:

  • Балалар салған суреттерін түсіндіреді.

  • Балалар сендерге бүгінгі сынып сағаты ұнады ма?

  • Қандай ақпараттар алдық?

  • Балалар сендер азаматтық қорғаныстың не екенін өздерің түсіндіре отырып көрсетіп бердіңдер. Абайсызда осындай жағдайларға кезігіп жатсаңдар осы тәжірбиемізді өмірде қолданамыз.





























2 «В» сыныбында өткен тәрбие сағатына

А Н Ы Қ Т А М А



Күні:

Сабақ тақырыбы: «Адам өмірінің қауіпсіздігі» 
Мақсаты:

  • Азаматтық қорғаныс туралы алғашқы түсінік беру

  • Азаматтық қорғаныс дегенге нелер жататындығын түсіндіру.

  • Қауіпсіздік жағдайлары мен алдын алу шараларын ұғындыру.

  • Елі мен жерін қорғаудың алдын алу шараларына тәрбиеле.

  • Алғашқы көмек қалай көрсетуді үйрету.

Барысы:

  1. Ұйымдастыру

  2. Сабақтың мақсатын баяндау

  3. Жаңа ұғым

  • Азаматтық қорғаныс деген не?

  • Бейне роликтер көрсету

  • Мағынаны ашу

  • Алғашқы көмек түрлері (әр түрлі апатты жағдайларға байланысты)

  • Топтық жұмыс

  • Ұжымдық жұмыс

  • Қорытынды

Қорытынды:

Азаматтық қорғаныс туралы түсініктері кеңейеді. Азаматтық қорғаныс дегенге нелер жататындығын түсінеді. Қауіпсіздік жағдайлары мен алдын алу шараларын ұғынады. Алғашқы көмек қалай көрсетуді үйренеді.






Сынып жетекшісі: Кереева Ш.М.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
03.04.2019
1253
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі