400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Адам қалай есейеді?

Материал туралы қысқаша түсінік
қоршаған әлемнің құбылыстарын, үдерістерін және нысандарды зерттеудің маңыздылығын түсіну.
Материалдың қысқаша нұсқасы



ШАШ ҚАС ҚҰЛАҚ МОЙЫН ҚОЛ

САУСАҚ КІРПІК АЯҚ БАС КӨЗ

МҰРЫН АУЫЗ ІШ





Shape13 Shape12 Shape11 Shape10 Shape5 Shape6 Shape7 Shape8 Shape9 Shape1 Shape2 Shape3 Shape4




















Сабақ тақырыбы:

Адам қалай есейеді?

Мектеп:

Күні : 21.11.17


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

Барлық оқушылар: адам өмірінің кезеңдерін сипаттау;


Оқушылардың басым бөлігі: қоршаған әлемнің құбылыстарын, үдерістерін және нысандарды зерттеудің маңыздылығын түсіну.

Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Ресурстар:

оқушылар өмірінің түрлі кезеңдерінің фото­ суреттері;

адам өмірінің түрлі кезеңдеріне арналған заттар, мысалы, тамақтандыруға арналған бөтелке, кішкентай пирамида, қаламсауыт, сылдырмақ, үлкен текше, картон кітап;

фломастер, шытыра моншақ, мата қиындысы, бау.

Күтілетін нәтижелер:

  1. Оқушылар:

  2. адамның өсу кезеңдерімен танысады;

  3. адамның есеюі арқылы өзгеретінін біледі, салыс­ тырады;

  4. үлкенді сыйлауға, құрметтеуге үйренеді.

Сабақтың мақсаты:

1.2.3.2 адам өмірінің кезеңдерін сипаттау;

1.2.3.3 адамның өсуі мен дамуы үшін керек қажеттіліктерді анықтау

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Адам өмірі көптеген кезеңдерден тұрады.


Сәби (1 жасқа дейін) — бұл кезеңде адам қор­шаған әлеммен таныса бастайды. Оған ерекше тамақ қажет, ол — ана сүті, арнайы қоспалар.


Ерте балалық шақ (шамамен 1 жастан 4 жасқадейін) — бала көп затты басқа адамның көмегінсіз істеуге тырысады.


Мектепке дейінгі балалық шақ (шамамен 6—7жасқа дейін) — негізгі әрекеті ойын болып табылады. Ойын арқылы бала қоршаған әлемді таниды.


Мектеп жасы (кіші мектеп жасы) (шамамен 11—12 жасқа дейін) — негізгі әрекеті оқуға ауысады.


Жасөспірімдік кезең (шамамен 15 жасқадейін) — адам әлеуметтік ортада өз орнын біледі.

Жастық шақ (шамамен 19 жасқа дейін) — адамөзінің болашақтағы мамандығы туралы ойланады, таңдайды.


Кемелдену кезеңі — адам еңбек етеді, тұрмысқұрады, мансапқа жету жолдарын қарастырады.


Қарттық шақ — адамның өсуі тежеледі, бел­сенділігі төмендейді.


Қазіргі уақытта ересектік пен қарттықтың шегін ажырату қиын. Қалыптасқан пікірлерге қарамастан барлық қарт адамдар жиі ауырмайды, жүре алмай қалмайды­. Қарт адамдардың ішінде денсаулығы мықты, жүрістері қалыпты, өзін жақсы сезінетін адамдар да бар. Саламатты өмір салтын ұстанатын адамдарда сергектік сезімі ұзақ сақталады.


Сенің інің немесе қарындасың (сіңлің) бар ма? Олар туралы айтып бер.

Сен қалай өстің?

Суреттерді салыстыр.

Өзіңнің кішкене кезің есіңде ме?

Сен өсіп келе жатқанда қалай өзгердің?

Shape14

Сен дүниеге келдің, сәби болдың. Одан әрі сенің балалық шағың басталды. Қазір сен оқушысың.

Сәбиге, бүлдіршінге және оқушыға не керек?

Суреттердің көмегімен өсіп, дамыған кезеңдеріңде саған не қажет болғанын есіңе түсір.

Тағы қандай заттарды қосуға болады?

Кіші мектеп жасынан кейін жасөспірімдік кезең, одан кейін жастық шақ, кемелдену кезеңі, қарттық шақ келеді.

Есте сақта!

Бала сәбилік, балалық шақта және жасөспірімдік кезеңде тез өседі. Жастық шақта өсіп-жетіледі. Кемелденген және қартайған шағында адамның өсуі тежеледі.




Shape15

Зерттейік. Оқушылар жұмысты топпен жалғас­ тырады. Зерттеу бірнеше кезеңде өтеді.

Нұсқау

1-кезең. Бастапқыда мұғалім сұрақ қояды, топ мүшелері ақылдасып, дәлелмен жауап береді. Әр топқа атасын немесе әжесін қосуға болады.

Сұрақтар:

— Кім жүз метрлік арақашықтықты тез жүгіріп өтеді: атасы ма әлде немересі ме?

— Адамдар кімнен ақыл сұрайды: әжесінен бе әлде немересінен бе?

— Кім тауға тез көтеріледі: атасы ма әлде немересі ме?

Пәнаралық байланыс


Қосымша тапсырмалар



Сәбиге, бүлдіршінге және оқушыға не керек?

Мынадай сұрақ қойыңыз: Сәби қалай тамақтанады? Оған не беру керек? Қандай ойыншықтар керек? Содан кейін оқушыларды топқа бөліңіз. Әр топқа бірнеше заттан алуды сұраңыз, мысалы, тамақ­ тандыратын бөтелке, қаламсауыт,­ сылдырмақ, текше және т.б. Алған заттарын­ өмірінің кезеңдеріндегі қажеттілігіне байланысты­ төрт топқа бөліп, таң­ дауының себебін түсіндіруін сұраңыз.

Жауабы:

Сәбилік шақ: тамақтандыратын бөтелке, сыл­ дырмақ ойыншық.

Ерте балалық шақ: текше. Мектепке дейінгі кезең: кітап. Оқушы: портфель.

Бағалау


Оқушылар өмір кезеңдерінің ретін біледі.

Отбасы. Оқушылар кестедегі бағандарға өз­ дерінің отбасы мүшелерін өмір кезеңіне сәйкес орналастырады. Ал кейбіреуі отбасы мүшелерінің атын және жасын ғана жазып қоймай, оларды жасы­ ның өсу ретімен жаза алады.

Оқушылар кезеңдердің жастық ерекшеліктерін біледі (балалық шақ және қарттық шақ).

Атасы мен немересі. Оқушылар бір түспен атасы немесе немересі орындай алатын іс-әрекетті бояйды. Тапсырманы мұқият және қатесіз орындаған оқушыны мақтаңыз.

Жауабы

Немересі: жүгіру, секіру, велосипед тебу, ағашқа өрмелеу.

Атасы: оқу, ертегі айту, жазу, табыс табу, естелік айту.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?










































Оқушының аты-жөні:_____________________________________

Жаратылыстану

Бөлімше 2.3 «Адам»

Оқу мақсаты:

1.2.3.2 Адам өмірінің кезеңдерін сипаттау.

Ойлау дағдыларының

Білу және түсіну

деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі:

Білім алушы


Адам өмірінің жас кезеңдерін атайды және сипаттайды.


Адам өмірінің жас кезеңдерінің ретін анықтайды.

1-тапсырма

Берілген суреттерді адам өмірінің жас кезеңдерімен сәйкестендіріп сызыңыз. Адам өмірінің жас кезеңдерінің ерекшелігін әңгімелеңіз.










Shape16 Shape17

Сәби азамат Shape18 қарт

Shape19


Дескриптор: Білім алушы


  • адам өмірінің жас кезеңдерін (сәби, азамат, қарт) атайды;

    • суреттерді сәйкес сөздермен сәйкестендіреді;

  • адам өмірінің негізгі кезеңдерінің ерекшелігін әңгімелейді.


2-тапсырма

Адам өмірінің кезеңдерін өсу ретімен белгілеп (цифрмен) көрсетіңіз.






















Жұптық жұмыс.


Кішкентай кезіңізден есіңізде қалған оқиғаны баяндап беріңіз.

  • Мен кішкентай кезімде .....

Дескриптор: Білім алушы


  • адам өмірі кезеңдерінің ретін белгілейді;

  • өзінің сәбилік кезіндегі әрекеттері туралы әңгімелейді.



Жалпы ұпай саны: Білім алушының ұпай саны:

















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
445
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі