400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

адам қалай есейеді 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаратылыстану 1 сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 13.11.2018 ж

Пәні: Жаратылыстану

Сабақ тақырыбы: Адам қалай есейеді?

Сынып: 1

Сабақ негізделген оқу мақсаты

1.2.3.2 адам өмірінің кезеңдерін сипаттау;

1.2.3.3 адамның өсуі мен дамуы үшін керек қажеттіліктерді анықтау

Бағалау критерийлері

Барлық оқушылар істей алады:

адам өмірінің кезеңдерін сипаттай алады

Оқушылардың көпшілігі істей алады:

адам өмірінің кезеңдерін қалай аталатынын біледі.


Кейбір оқушылар істей алады:

жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолдана алады


Тілдік мақсат

Оқушылар:

Адам өмірінің кезеңдерімен танысады.

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Сәби, жасөспірімдік кезең, кемелдену кезеңі, балалық шақ, жастық шақ, қарттық шақ

Сыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік бірліктер

Талқылауға арналған сұрақтар:

Бала сәби шақтан бірден оқушы бола ала ма?

Адамның өміріндегі кезеңдерді ата?

Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?

Адам неліктен өседі және дамиды?


Алдыңғы оқу


Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазыңыз


Ресурстар


Басы





1 мин

5 мин

Топқа бөлу

Қызығушылықты ояту.

-Сенің інің немесе қарындасың (сіңлің) бар ма?

(өз ойларын айтады)

-Сен қалай өстің?

-Суреттерді салыстыр.

-Өзіңнің кішкене кезің есіңде ме?

-Сен өсіп келе жатқанда қалай өзгердің?

Рисунок 1



суреттер
















Ортасы

5 мин















5 мин






















5 мин

1-тапсырма: (ұ)

Мұғалім түсіндірмесі: Сен дүниеге келдің, сәби болдың. Одан әрі сенің балалық шағың басталды. Қазір сен оқушысың.

Сұрақ:

  • Сәбиге, бүлдіршінге және оқушыға не керек?

Әр топқа заттар беріледі. Алған заттарын адам өмірінің кезеңдеріне сәйкес топтайды.

Мыс: сәби------------ бөтелке

Бағалау: мадақтама арқылы

Есте сақта!

Бала сәбилік, балалық шақта және жасөспірімдік кезеңде тез өседі. Жастық шақта өсіп-жетіледі. Кемелденген және қартайған шағында адамның өсуі тежеледі.


2-тапсырма: (Ж )

Суретпен жұмыс:

-Адамның өмірінде тағы қандай кезеңдер бар?

Суреттерді салыстыру

-Қандай сыртқы айырмашылықты байқадың?

-Адам бірден қартая ма, әлде біртіндеп қартая ма?


3-тапсырма (Т)

Зерттейік. Зерттеу бірнеше кезеңде өтеді.Рисунок 2 1-кезең.

- Кім жүз метрлік арақашықтықты тез жүгіріп өтеді: атасы ма әлде немересі ме?

- Адамдар кімнен ақыл сұрайды: әжесінен бе әлде немересінен бе?

-Кім тауға тез көтеріледі: атасы ма әлде немересі ме?

2-кезең:

-Ата-әжелерге не жетіспейді?

-Олар нені жақсы атқарады? Неге?

3-кезең:

«Қариясы бар үйдің қазынасы бар» дегенді қалай түсінесіңдер?

Жасы үлкен адамдарды құрметтеу керек пе?

Бағалау: смайликтер арқылы

Дәптермен жұмыс:

21– жұмыс парағындағы тапсырмаларды орындау

Жауабы: немересі: жүгіру, секіру, велосипед тебу, ағашқа өрмелеу

Атасы: кітап оқу, ертегі айту, табыс табу, естелік айту


Суреттер













































Соңы



2 мин

Кері байланыс:

Смайлик арқылы өз көңіл күйін білдіру.



смайликтер


Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жопарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыстар, қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері, АКТ-мен байланыс. Құндылықтардағы байланыс








1.


Рефлексия

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

- Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?

- Бүгін оқушылар не білді?

- Сыныптағы ахуал қандай болды?

- Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

- Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

- Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Қорытынды бағамдау



Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.


Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.


Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?
















































Shape1







Shape2





Адам өмірі көптеген кезеңдерден тұрады.


Сәби (1 жасқа дейін) — бұл кезеңде адам қор­шаған әлеммен таныса бастайды. Оған ерекше тамақ қажет, ол — ана сүті, арнайы қоспалар.


Ерте балалық шақ (шамамен 1 жастан 4 жасқадейін) — бала көп затты басқа адамның көмегінсіз істеуге тырысады.


Мектепке дейінгі балалық шақ (шамамен 6—7жасқа дейін) — негізгі әрекеті ойын болып табылады. Ойын арқылы бала қоршаған әлемді таниды.


Мектеп жасы (кіші мектеп жасы) (шамамен 11—12 жасқа дейін) — негізгі әрекеті оқуға ауысады.


Жасөспірімдік кезең (шамамен 15 жасқадейін) — адам әлеуметтік ортада өз орнын біледі.

Жастық шақ (шамамен 19 жасқа дейін) — адамөзінің болашақтағы мамандығы туралы ойланады, таңдайды.


Кемелдену кезеңі — адам еңбек етеді, тұрмысқұрады, мансапқа жету жолдарын қарастырады.


Қарттық шақ — адамның өсуі тежеледі, бел­сенділігі төмендейді.


Қазіргі уақытта ересектік пен қарттықтың шегін ажырату қиын. Қалыптасқан пікірлерге қарамастан барлық қарт адамдар жиі ауырмайды, жүре алмай қалмайды­. Қарт адамдардың ішінде денсаулығы мықты, жүрістері қалыпты, өзін жақсы сезінетін адамдар да бар. Саламатты өмір салтын ұстанатын адамдарда сергектік сезімі ұзақ сақталады.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11 наурыз
661
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі