Материалдар / Адам қаңқасының құрылысы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Адам қаңқасының құрылысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Тірек-қимыл жүйесінің қызметін сипаттау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Ақпан 2020
369
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Ұзақмерзімдіжоспарбөлімі:8.3В Қозғалыс


Мектеп: 40шағын орталықмектеп лицейі

Күні: ___

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Адам қаңқасының құрылысы. (жаңа тақырыпты меңгерту)

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

8.1.6.1 тірек – қимыл жүйесінің қызметтерін сипаттау

Сабақтың мақсаттары

  • Адам қаңқасының құрылысы мен қызметін сипаттау;

  • Тірек-қимыл жүйесінің қызметін сипаттау.

Бағалау критерийлері

  • Адам қаңқасының құрылысы мен қызметін сипаттайды

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Кілт сөз бен суретті сәйкестендіріп, мағынасын ашады.

Қаңқаның құрылысы мен қызметін ауызша сипаттай алады.

Тірек –қимыл жүйес інің қызметі мен маңызын ауызша жазбаша сипаттай алады.


Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Сүйек, бұлшық ет, тарамыс, сіңір қаңқа, бас сүйек, жақ, бұғана, жауырын, қабырға, төс, омыртқа, шынтақ сүйегі, жамбас, сегізкөз, құйымшақ, білек сүйек, алақан сүйегі, ортан жілік), асықты жілік, шыбық сүйек, жіліншік сүйегі, толарсақ , табан, башпай сүйектері

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Сүйектер........қамтамасыз етеді.…

Сүйектер … қорғау

… тірек

… тіреу

Қаңқаның ... бөлімі болады.

Иық белдеуіне...жатады.

Жамбас белдеуіне...жатады.


Құндылықтарды дарыту

Оқу тапсырмасын орындау кезде қоғамдық өмірге дайын болу, өзін бақылауда ұстай білу, бәсекеге қабілетті бола білу құндылықтары дамытылады.

Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін өзі реттей білу құндылықтары дамытылады.

Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады.

Моделдеу арқылы креативтілік, жаңашылдық, тапқырлық, таңдау жасай білу, ризашылық білдіру, ынтымақтастықта бола білу, бейімділік құндылықтары дамытылады.

Таныстырылым кезінде өзіне деген сенімділіқ, талдау жасау, ойды жинақтау, идеяларды үйлестіру тыңдаушылармен байланыс орнату құндылықтары дамытылады.

Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету құндылықтары дамытылады.

Топтық немесе жұптық жұмыс кезінде ортақ іс артқаруда ынтымақтастықта бола білу, жаһандық азаматтық, өз оқуына жауапкершілікпен қарау, сынға алу, ортақ пайдалану құндылықтары дамытылады.

Пәнаралық байланыс

Адам қаңқасындағы сүйектердің орналасу бұрыштары, қозғалу бағыттары туралы қарастырылғанда физика пәнімен байланыс орнатылады.

Алдыңғы білім

6-сыныпта «Жаратылыстану» курсынан оқушылар адамның сүйектерінің бөлімдерін және қозғалысты басқаратын бұлшықеттердің ролін,қозғалыстың тірі ағзаларға ортақ қасиет екенін, 7-сыныптан омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың қозғалыс мүшелерін, қозғалыстың жануарлар мен өсімдіктер үшін маңызын біледі.

Сабақ барысы

Сабақ қезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Оқыту көздері мен ресурстар

Сабақтың басы

0-6 мин


Оқушылардан адамның тірек –қимыл жүйесінің қызметтері көрсетілген сызбаны пайдалана отырып тірек-қимыл жүйесінің атқаратын қызметтерін сипаттап кесте толтыру сұралады. Қаңқаның маңызы неде, бұл қандай мүшелер жүйесіне жатады деп талқылау жүргізу арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсаттары ашылады.

1 -2 слайдтар


Сабақтың ортасы

7-26 мин

Оқушылар ақпараттық парақша, таныстырылым видеоматериалдарды пайдалаа отырып, адам қаңқасының бөлімдеріне жататын сүйектерді қаңқа моделінен тауып атап көрсетеді.

Мұғалім сұрақтар қойып, қай сүйек қандай қызметі атқаратынына назар аудартады.

2 - қосымша

3-13 слайдтар

27-36 мин

Қалыптастырушы бағалау тапсырмасын орындау сұралады.

Кейбір оқушылар қосымша тапсырмалар орындай алады.

Кейбір оқушылар қосымша ақпарат тауып танысып, өз білімдерін тереңдете алады.

Кейбір оқушылар сұрақтар құрастырады.

3- 4 қосымша


Сабақтың соңы

37-40 мин



Кері байланыс

Көк - мен…түсіндім, сенімділік және сабырлылық

Жасыл –менде ….қателіктер болды, бірақ мен қателіктерді түзеттім және бәрін толық түсіндім

Қызыл– мен …түсінбедім, маған көмек керек

14-слайд


Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Кейбір оқушылар қосымша тапсырмалар орындай алады.

Кейбір оқушылар қосымша ақпарат тауып танысып, өз білімдерін тереңдете алады.

Кейбір оқушылар сұрақтар құрастырады.

Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Ауызша жазьаша жауаптары арқылы

Кесте толтырулары арқылы

Қалыптастырушы бағалау тапсырмасын орындаулары арқылы

Сұрақтар құрастырулары арқылы

Қосымша тапсырмалар орындаулары арқылы


Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері

Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Қаңқа моделімен жұмыс кезінде белсенді қозғалыс жасайды



















































Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!