Материалдар / "Адам қаңқасының құрылысы. Тірек-қимыл жүйесінің маңызы мен қызметі"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Адам қаңқасының құрылысы. Тірек-қимыл жүйесінің маңызы мен қызметі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Адам қаңқасының құрылысы. Тірек-қимыл жүйесінің маңызы мен қызметі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қазан 2020
444
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҰМЖ: 8.3В Қозғалыс

Мектеп: №247 жалпы орта мектеп

Күні: 29.09.2020ж

Мұғалімнің аты-жөні: Бердибекова Ш.Ж

Сынып: 8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Адам қаңқасының құрылысы. Тірек-қимыл жүйесінің маңызы мен қызметі (жаңа тақырыпты меңгерту)

Оқу мақсаттары

8.1.6.1 тірек – қимыл жүйесінің қызметтерін сипаттау

Сабақтың мақсаттары

  • Адам қаңқасының құрылысы мен қызметін сипаттау;

  • Тірек-қимыл жүйесінің маңызын сипаттау.

Сабақ нәтижесі

  • Оқушылардың барлығы: Тақырып мазмұнын түсінеді. Қаңқаның құрылысы мен қызметін ауызша сипаттай алады. Сұрақтарға жауап береді.Тірек –қимыл жүйесінің қызметі мен маңызын ауызша, жазбаша сипаттай алады.

  • Оқушылардың көбісі:Өз бетінше жұмыс жасайды. Жұптық, топтық жұмыстарды бірлесе атқарады. Сұрақтарға жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды. Тірек- қимыл жүйесінің маңызын көрсететін мысалдар келтіре алады.

  • Оқушылардың кейбіреуі: Оқулықтан тыс берілген күрделірек тапсырмаларды орындайды. Тірек-қимыл жүйесінің маңызына, қаңқадағы сүйектер ерекшелігіне тірек-сызбабелгілер құрып, мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийлері

  • Адам қаңқасының құрылысы мен қызметін сипаттайды

  • Тірек-қимыл жүйесінің маңызын түсіндіреді.

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Сүйек, бұлшық ет, тарамыс, сіңір қаңқа, бас сүйек, жақ, бұғана, жауырын, қабырға, төс, омыртқа, шынтақ сүйегі, жамбас, сегізкөз, құйымшақ, білек сүйек, алақан сүйегі, ортан жілік), асықты жілік, шыбық сүйек, жіліншік сүйегі, толарсақ , табан, башпай сүйектері

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Сүйектер........қамтамасыз етеді.…

Сүйектер … қорғау … тірек … тіреу

Қаңқаның ... бөлімі болады. Иық белдеуіне...жатады.

Жамбас белдеуіне...жатады.

Құндылықтарды дарыту

Оқу тапсырмасын орындау кезде қоғамдық өмірге дайын болу, өзін бақылауда ұстай білу, бәсекеге қабілетті бола білу құндылықтары дамытылады.

Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін өзі реттей білу құндылықтары дамытылады.

Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады.

Моделдеу арқылы креативтілік, жаңашылдық, тапқырлық, таңдау жасай білу, ризашылық білдіру, ынтымақтастықта бола білу, бейімділік құндылықтары дамытылады.

Таныстырылым кезінде өзіне деген сенімділіқ, талдау жасау, ойды жинақтау, идеяларды үйлестіру тыңдаушылармен байланыс орнату құндылықтары дамытылады.



Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету құндылықтары дамытылады.

Топтық немесе жұптық жұмыс кезінде ортақ іс артқаруда ынтымақтастықта бола білу, жаһандық азаматтық, өз оқуына жауапкершілікпен қарау, сынға алу, ортақ пайдалану құндылықтары дамытылады.

Пәнаралық байланыс

Тарих, физика пәнімен байланыс орнатылады.

Алдыңғы білім

6-сыныпта «Жаратылыстану» курсынан оқушылар адамның сүйектерінің бөлімдерін және қозғалысты басқаратын бұлшықеттердің ролін,қозғалыстың тірі ағзаларға ортақ қасиет екенін, 7-сыныптан омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың қозғалыс мүшелерін, қозғалыстың жануарлар мен өсімдіктер үшін маңызын біледі.

Сабақ барысы

Сабақ қезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Оқыту көздері мен ресурстар

Сабақтың басы

0-4 мин

Оқушыларды қатысатын спорт түріне байланысты топтарға бөлу.

І топ: Волейбол

ІІ топ: Бокс

ІІІ топ: Ауыр атлетика, Жеңіл атлетика

Психологиялық ахуал қалыптастыру

- Әр топтағы оқушылар спорттық сайыстарда мерейі үстем болған сәттегі қуаныштарын қимылмен көрседі.

«Талап қыл артық білуге» Абай Құнанбайұлы

Білу

1.«Алтын адам» суретін көрсетіп, бұл сурет туралы не айтуға болады? – деп оқушылар жауабынан «қаңқа», «сүйек» сөзін алып, адам қаңқасын көрсетіп, кім қанша сүйекті атай алады деп сүйектерді ататып, қаңқаның маңызы неде, бұл қандай мүшелер жүйесіне жатады деп талқылау жүргізу арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсаттары ашылады.

1 –4 слайдтар


Сабақтың ортасы

5-15 мин


Түсіну

Стр: «Галлереяға саяхат»

Оқушыларға адам қаңқасының бөлімдерін оқулықтағы мәліметтер және қабырғаға ілінген суреттер ұсынылады. Оқушылар жұпта кезекпен аралап жүріп танысады, білімді меңгереді.

Rectangle 1










Дескрипторлар:

  • Мәтіндегі сүйек аттарын атап, суреті бойынша ажыратады.

  • Қаңқа бөлімдерін талдап, оны құрайтын сүйектерді жүйелейді.

Видеосөздік: Қаңқа құрылысы

5 слайд

2 - қосымша

Адам қаңқа бөліктерінің суреттері, бас сүйек муляжы


16-36 мин

Қолдану Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары.

Жеке жұмыс

Бас сүйек муляжына әр сүйек атауларын(кеспе қағазға жазылған) дұрыс орналастыру.

Ойлан-жұптас- пікірлес

С үйекті атау, қызметін түсіндіру.

-Омыртқа жотасы -Кеуде қуысы






Жеке жұмыс

Адам қаңқасын құрайтын суреттегі әр сүйектің аттарын жазу.

А , В деңгей: 1-18 сүйек аттарын жазу.

С деңгей: 1-6 сүйек аттарын жазу.

Жинақтау

Сергіту. The skeleton dance

Топтық жұмыс

Сәйкестендір: сүйек аттарын әр қаңқа бөліміне.

Атау: адам қаңқасының үлгісінде қаңқа бөлімдері мен оларға жататын сүйектерді.

Қабілетті оқушыларға тапсырма:

Кейбір оқушыларға сүйектерді жалпақ, түтіктәрізді, қысқа сүйектер деп топтастыру тапсырмасын беруге болады.

Жуан сұрақтар

Ересек адамда сүйек саны 208 жуық екенін білдік, ал нәресте кезде сүйек саны қанша болады? Неліктен?

Жуан сұрақтар

Сәбиде сүйек саны 300, ал ересек адамда қанша? Неліктен өзгеше?

Бағалау

Бүгінгі тақырыптың (ТҚЖ) спортшы ретінде сендерге берері не?

3-қосымша

6-14 слайдтар


Сабақтың соңы

37-40 мин

Кері байланыс

Бір ауыз сөз...

-Оқушылар қағаздан жасалған сүйек қимасына өз ойын бір ауыз сөзбен жазып, тақтадағы адам тұлғасына орнатып адам қаңқасының үлгісін жасайды.

15слайд










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!