400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Адам құқығы мен бостандығы - мемлекеттің тірегі

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Адам құқығы мен бостандығы

Мектеп: Л.Қылышев атындағы ОЖББМ

Күні: 03.12.2019 жыл

Мұғалімнің аты-жөні: Султанова С.С.

Сынып: 9 «б»

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Адам құқығы мен бостандығы – мемлекеттің негізгі тірегі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.1.1.1 мәтін мазмұны бойынша дайындалған сұрақтарға болжаммен жауап беру, түпнұсқамен салыстыру.

9.4.4.2 салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіру.

Сабақтың мақсаты

Салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажыратып, түрлендіреді.

Мәтін мазмұны бойынша дайындалған сұрақтарға болжаммен жауап береді, түпнұсқамен салыстырады.

Бағалау критерийі

Мәтін мазмұны бойынша дайындалған сұрақтарға болжаммен жауап бере, түпнұсқамен салыстыра алады.

Салалас құрмалас сөйлемдердің қолданылу мақсатын түсіндіре алады Сөйлемдерді түрлендіріп, мақсатты түрде қолдана алады

Тілдік мақсаттар


Пән лексикасы және терминология: сөз бостандығы, адам құқығы, заңдылықтар, негізгі заңдар.

Құндылықтарға

баулу

Адам құқығын, сөз бостандығын қорғай білуге тәрбиелеу

Пәнаралық

байланыс

Құқық

Тақырып

бойынша

алдыңғы білім

Алдыңғы сабақта «Студенттік универсиада» деген тақырыпта пікірталас ұйымдастырылып, оқушылар өз көзқарастарын ортаға салып, бір-бірімен ой алмасты.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері



Ресурстар


Сабақтың басы

3 минут


  • Оқушылармен амандасу, сабаққа дайындығын анықтау.

  • Тақырыпты таныстыру.

  • Мақсатпен таныстыру

  • Бағалау критерийлерін сыныппен бірге шығару


Сабақтың ортасы


5 минут















































15 минут






















































10 минут

Қызығушылықты ояту

Суретке қарап қандай ой түюге болар еді?

Қалай ойласыңдар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болуы мүмкін?

Сынып оқушылары «Адам құқықтары- жоғары құндылық» тақырыбындағы бейнебаянды көреді.

Миға шабуыл

«Сыртқы және ішкі шеңбер» әдісі

Бейнебаянды көріп болғаннан кейін сыртқы және ішкі шеңбер құрып «Адам құқығы мен сөз бостандығын қалай түсінесің?» тақырыбында сұрақ –жауап арқылы сұхбат жүргізеді. Сыртқы шеңбер сұрақ қояды, ішкі шеңбер жауап береді.Мұғалім оқушылардың ойларын қорытындылай келе, сабақтың тақырыбы мен мақсатын айтады.

Тыңдалымалды тапсырмасы

  1. Әр оқушыға екі мәтін беріледі.

Оқушылар мәтіндегі көтерілген мәселені SWOT арқылы талдайды.

  • S- мәтіндегі көтерілген мәселенің мықты жақтары

  • W- мәтіндегі көтерілген мәселенің әлсіз жақтары

  • О- мәтіндегі көтерілген мәселенің мүмкіндіктері

  • T- мәтіндегі көтерілген мәселенің қауіпті жағы

  1. Жанындағы жұбымен тапсырманың дұрыстығын салыстырып, тексереді.




Тыңдалым тапсырмасы

Сынып оқушылары берілген мәтіндер бойынша жұппен талқылау сұрақтарын дайындап, жауап береді.

Талқылау сұрағы:

  • Сіздің пікіріңізше, адам нені түсінгеннен кейін мемлекеттік құқықтарды жақсы орындайды?

  • «Әр елдің негізгі заңдары, басшы, адам мен азаматтардың өмір сүруін қамтамасыз ету үшін заңдылықтар болу керек» дегенге көзқарасыңыз қандай?

1-мәтін

Адам құқығы-менің құқығым!

Адам құқығы туралы айтқан кезде,бүгін біз адам мен мемлекеттің арасындағы өзара өзара қатынасын айтамыз.

М.Новицкий.

Біздің елімізде тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап- ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына қатты көңіл бөлінуде. Соның айқын бір көрінісі – Конституциямыздың бірінші бабында адам құқықтары: «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы – адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп бекітілді.

Қазіргі замандағы адам құқықтары – жалпы адамзаттық мәдениеттің қуатты бөлігі. Ол – аса қымбат, баға жетпес, асыл мұра, оны құрметтеу,сақтау және қорғау-мемлекеттің,жоқ, әрбір азаматтың міндеті деп ойлаймын. Адам құқығын, оны қалай қорғап қалуды білуі керек, әйтпесе құқықтың тиімділігі туралы айтудың мән-мағынасы болмайды. Еліміздегі адам құқығын қорғау өте үлкен жауапкершілікті талап етеді. Соның ішінде, әсіресе, жоғары деңгейде қарастырылатын құқықтың ең маңызды бір түрі – бала құқығы. Ал Елбасынша айтсақ, бала – тәуелсіз Қазақстанның болашағы. Өскелең ұрпақтың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау Қазақстан Республикасының ұлттық саясатының басты бағыттарының бірі болып табылады.

«Адам құқығы» және «Азамат құқығы» деген ұғым бар. Бірақ, ол екеуінің арасында айырмашылықтар бар. Біріншіден, адам құқығы мемлекеттік бекітулерден, қандай да бір мемлекеттік қатынасына қарамай тәуелсіз өмір сүруі. Екіншіден, мәртебесі жоқ, яғни олар адам құқығының иегері болады. Міне, осылар жаңағы екі ұғымның ерекшеліктері болып табылады.

Адам өмір сүруге құқылы, ал ол өз өмірін қиюға қақысы жоқ. Азат өмір сүруге құқылы. Ал заңның ала жібін аттағандар соттың үкімімен қамауға не тағы басқа жазамен жауапқа тартылады. Олай болған күнде де, тұтқындалушының сотқа шағымдануына құқығы бар. Осындай құқықтық заңдар кез келген адамның, қандай болса да, құқығы бар екенін дәлелдейді. Заң алдында барлығымыз тең дәрежеліміз.

2-мәтін

Менің құқығым

«Адам құқығы бала құқығын қорғаудан басталады» дейді. Иә, шынында, бала дүниге келген сәтінен-ақ өзінің құқығына ие болады. Қазақстан Республикасының Конституциясының бірінші бабында «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы - адам, оның өмірі, құқығы мен бостандығы» деп айтылған.

Мемлекеттік биліктің бастауы - халық. Яғни адам өзінің ойын, пікірін еркін айтуға да құқылы.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың балалардың өмірін жақсартуға бағытталған «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауын балалардың құқықтарының қорғалуына дәлел ретінде айтуға болады.

Әр елде негізгі заңдары, басшы, адам мен азаматтардың өмір сүруін қамтамасыз ету үшін заңдылықтар болуы керек. Қазақ елін ерте заманнан бері хандар басқарып, Тәуке ханның «Жеті жарғысы», Есім ханның «Ескі жолы», Қасым ханның «Қасқа жолы» сияқты заңдар шығарған. Ал қазіргі таңда елімізде талай өзгерістер болып жатыр. Адам құқығына байланысты Конституция бір мың тоғыз жүз тоқсан бесінші жылы отызыншы тамызда референдумда бекітілген болатын. Белгілі заңгер ғалым А.К.Котов былай деп айтқан: «Жалпы социологиялық категория «адам құқығы» мен мемлекеттік құқықтық ұғым «азамат құқығының» байланыста болуы – табиғи жағдай. Олардың арасындағы айырмашылық – адам құқығы мемлекеттік құқықтың мойындауынан тыс бола береді. Олар дүниежүзілік қауымдастықпен гуманистік құндылық ретінде мойындалған. Негізінде, адам құқығын сыйлайтын мемлекет олардың негізгілерін өз Конституцияларында бекітеді, сонымен қатар күнделікті заңнамаларда тәптіштейді». Осы сөзден әрбір « елдің адамы, азаматы өзінің құқығы мен міндетін білу қажет» деген қорытынды шығаруға болады. Кез келген азамат өз елінің құқығын білу қажет. Себебі заңдарды, құқықтарды, міндеттерді білген азамат, мемлекеттік құқықтардың не екенін түсініп, заңдарды орындайды. Бірақ оның барлығын толық білу үшін, тек қана бойында жауапкершілік болғаны абзал. Ата заңның баптарын жүректен өткізетін болса, сол адам өз құқығын дұрыс біліп, қорғай алмақ, қорғана алмақ!

3.Тыңдалымнан кейінгі тапсырма

Мұғалім белгіленген уақыттан бұрын жұмыстарын аяқтаған оқушылардан шығармашылық топ құрады. Шығармашылық топ мәтін талдау тапсырмасы бойынша көзқарастары, ойлары ұқсас оқушыларды анықтап, шағын топқа біріктіреді.

Әр топта 5 оқушы болуы керек.

Топтық тапсырма: «Әңгіме картасы 2-Ұқсастыру»

Берілген мәтінге сүйеніп, 1-2-топ адам құқығы және сөз бостандығына ақпараттық мақала, 3-4-топ ақпараттық хат жазады.

Жұмыстарын шығармашылық топқа ұсынады.

Бағалау. Шығармашылық топ бағалау критерийі арқылы топ жұмысын бағалап, қорытындысын айтады.


Бағалау критерийі

Дескриптор

Мәтін мазмұны бойынша дайындалған сұрақтарға болжаммен жауап бере, түпнұсқамен салыстыра алады.


  • Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар дайындайды;

  • сұрақтарға болжаммен жауап береді.




























Сабақтың соңы

5 минут


Кері байланыс (сабақты қортындылау):

Мұғалімнің жалпы сабаққа пікірі, бағасы, критерийлер арқылы қорытынды шығару, үздік жауаптар мен белсенді топты атап өту, ұсыныс айту



Рефлексия

«Аяқталмаған сөйлем»

Мен ....................................................................білдім

Мен....................................................................үйрендім

Маған..................................................................ұнады.

Маған...............................................қиындық туғызды

Менің көңіл-күйім...........................................................


Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?


Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


Саралау:тілдік кедергілері бар топқа мәтін сөйлемдеріне сілтеме жасап, мысал үлгі көрсету (қажетінше)

Саралау: қабілеті жоғары оқушыларға жауап мазмұнына қарай күрделі сұрақтарды қояды. Мысалы: адам құқығы қаншалықты сақталуда, заң актілерінде әлі де жетілдіруді қажет етені тұстары бар ма?

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ кезінде нені үйренгендерін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдерді жазыңыз.


Оқылымалды тапсырмасы. Оқушылдардың барлығына бірдей тапсырма беріледі, әр оқушы өз қабілетіне қарай жеңілден күрделіге принципімен тапсырмаларды орындайды.


Бағалау: мұғалім қарсы топтан пікір білдірген топтың не түсінгенін, нені білгісі келетінін сұрап кері байланыс жасайды. Түсіндіреді.

  • мәтін мазмұны бойынша болжам жасайды

Бағалау:шығармашылық топ өздерінің жасаған жұмысына критерийлер арқылы пікір білдіреді



Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолдану.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары


Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
9 ұстаз жүктеп алған
8 қаңтар
4103
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі