«Адам құқығы мен бостандығы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Адам құқығы мен бостандығы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Материал туралы қысқаша түсінік
«Адам құқығы мен бостандығы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 1 нұсқа
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Адам құқығы мен бостандығы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

І нұсқа

Оқу мақсаты:

9.2.5.1 Мәтінде көтерілген мәселеге оқырманның қарым-қатынасын анықтауға арналған талқылау сұрақтарын құрастыру;

9.3.4.1 Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, көтерілген мәселе бойынша екіжақты пікірді немесе жағдаятты талқылау, біреуіне таңдау жасап, өз ойын дәлелдеп жазу(аргументативті эссе);

9.4.4.2 Салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіру.

Бағалау критерийі:

Білім алушы

  • Мәтінде көтерілген мәселеге қатысты сұрақтар құрастырады;

  • Көтерілген мәселе бойынша аргументативті эссе жазады;

  • Салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажыратып, түрлендіре қолданады.

Ойлау дағдысының деңгейлері:

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты:

15-20 минут

1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз. Мәтінде көтерілген мәселеге оқырманның қарым-қатынасын анықтауға арналған талқылау сұрақтарын құрастырыңыз.

Сен және сенің құқығың

Әрбір адам өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын заңдарды білуі қажет. Сондай-ақ, заң адамға міндеттер жүктейді. Адам басқалардың құқықтарын бұзбауы, олардың өміріне, денсаулығына, ар-намысына қол сұқпауы керек. Адам түрлі жағдайда өмір сүреді: отбасында, жұмыста, мектепте, көпшілік жерде. Адамның қоғам мен мемлекет алдындағы міндеті: мемлекетті қорғау, салық төлеу, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу.

Әр елдің, мемлекеттің өз азаматтарына арналған Заңы – Конституциясы бар. Бұл Заңда біздің құқықтарымыз ғана емес, міндеттеріміз де қатар жазылған. Балалар адамға қатысты барлық құқықтарға ие. Бірақ ересектерге қарағанда өз құқықтарын қорғау мүмкіндіктері аз болғандықтан ерекше құқықтық қорғауды қажет етеді. Қазақстанда балалардың құқықтық жағдайы мына заңдарда көрініс тапқан:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы.

  2. Бала құқықтары туралы Конвенция.

  3. Бала құқықтары туралы Декларация.

  4. Азаматтық кодекс.

  5. Неке және отбасы туралы Заң.

 Көптеген адамдар санасында құқық ұғымы жазалау, соттау, құқық бұзылуының ұғымдарымен байланысты түсіндіріледі. Бірақ құқық әділеттілік, теңдік, ізгілік екендігін, қоғамға негізделген тәртіп ережелері екенін естен шығармау керек.

Дүние жүзінің балаларын қорғауға арналған «Балалар конвенцияның 6-бабында былай делінген: «Сіздің өмір сүруге құқығыңыз бар, ал мемлекет сіздің жан-жақты еркін дамуыңызға көмектесуге міндетті. Денсаулығына, өміріңе қамқорлық жасап, қорғауға міндетті»

(174 сөз)

bilimainasy.kz

1-тапсырма. Кестені толтырыңыз.


Сұрақ түрлері

Шарты

Оқушы сұрағы

Нақты сұрақтар

Мәтін мазмұнында бар фактілер арқылы жауап беруге болады.







Тұжырым сұрақтар

Мәтіннің нақты бір бөлігіне интерпретация немесе талдау жасау арқылы жауап беріледі.










Пікір таластырушы сұрақтар

Бұл мәтін идеясы негізіндегі ашық сұрақтар.











2-тапсырма.

Көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп («келісу, келіспеу») эссесін жазыңыз. Эссе жазу барысында оқылым мәтінінің ақпаратын және себеп-салдар мен қарсылықты салалас сөйлемдерді қолданыңыз.

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


3-тапсырма. Салалас құрмалас сөйлемдерді мағыналық түрлеріне қарай сәйкестендіріңіз.

Мағыналық түрі

Мысал

1

Ыңғайластық салалас

а) Оның өлеңінің балаларға әсер еткендігі сонша – олар әлгі партизан шалды көз алдында шын көріп тұрғандай болды.

2

Қарсылықты салалас

ә) Ол кезде мен толқындай шапшыған сөздерді жақсы көруші ем, я болмаса шапқан аттай шаңдатқан сөздерді жақсы көруші ем.

3

Себеп-салдар салалас

б) Келгендер арасында Абай бұрыннан білетін Дәндібай, Еренай сияқты қарттар бар және екі-үш орта жастағы адам бар.

4

Түсіндірмелі салалас

в) Сәуле біресе отыра қалып жазады, біресе комбайынның макетімен шұғылданады.

5

Талғаулы салалас

г) Үйде шешен, – дауда жоқ.

6

Кезектес салалас

ғ) Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас: қар суы секілді тез суалар.



«Адам құқығы мен бостандығы» бөлімі


Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл

Мәтінде көтерілген мәселеге қатысты сұрақтар құрастырады.


1

Мәтіндегі көтерілген мәселені анықтайды.

1

Нақты сұрақтар құрастырады.

1

Тұжырым сұрақтар құрастырады.

1

Пікір таластырушы сұрақтар құрастырады.


Салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажыратады.

2

Салалас құрмалас сөйлемдердің түрлерін біледі;

1

Мысалдарды салаластың мағыналық түрлеріне қарай сәйкестендіре алады;

Көтерілген мәселе бойынша аргументативті эссе жазады.

3

тақырыпты ашады;

1

жанрға сай жазады;

1

көзқарасын білдіреді;

1

дәлелдер келтіреді;

1

Барлығы – 8 балл


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.12.2024
267
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі