400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 24 материал табылды

Адам табиғат перзенті

Материал туралы қысқаша түсінік
Дүниетану оқулығы Атамұра-2014жыл, АКТ, суреттер, кестелер Адамның табиғаттағы алатын орны, дене мүшелерімен, тері гигиенасымен таныстыру. Адам мен жануарлардың өмір сүруі үшін қолайлы жағдайларды теріп айтып, оны түсіндіру. Адам табиғат перзенті екенін дәлел келтіріп әңгімелеу. Мақал мәтелдерден мысал келтіріп, мағынасын түсіндіру. Адамның табиғаттағы алатын орны, дене мүшелерімен, тері гигиенасымен танысты.Өз денсаулықтарын сақтауға, таза жүруге үйренді
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ынтымағы жарасқан ел


Мақсаты: 1- мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні екенін балаларға жеткізу;

Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.


(зал мерекеге сай безендірілген)

Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, ұжымдастар, балалар бүгінгі меркеңіз құтты болсын!

Тәуелсіздік кіндігін
Кескен халық бірлігі.
Ынтымағы барша ұлттың
Нұрын шашқан күн бүгін.


Жергілік ұлт қазақтармен бірге басқа да 130-дай ұлт өкілдері тұрады. Мұнда ұлтына, нәсіліне қарамай барлық халық өкілдері бір-бірімен туысқандай болып кеткен. Қазақстанның шаруашылығы мен мәдениетін дамытуға барлық ұлт өкілдері белсене қатысып, бірлесе еңбек етіп келеді. Сондықтан 1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні болып аталады. Бүгінгі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

Олай болса балабақша бүлдіршіндерін қол соғып қарсы алайық.

(музыка әуенімен шаңырақ ұстап балалар ортаға шығады)


Барлығы бірге: Болсын су мен жерде ортақ

Болсын бізге тауда ортақ

Ақпыз, қара, сарымыз

Ағайынбыз бәріміз.


Жүргізуші: Құрметті ұжымдастар, балалар қазір ортаға балабақша директоры ________________________ сөз кезегін береміз

Жүргізуші: Жарасқан байрақтың мәні бар,
Көк аспан, күн – қыран сәні бар.
Көк байрақ ашық күн кеңісім,
Алтын күн белгісі жеңістің.

Балалардың орындауында Хор: «Әрқашан күн сөнбесін»


Жүргізуші: Көрікті өлкеме қарашы,
Тізілген орман – тау, қаласы.
Алтай мен Атырау арасы,
Қазақтың кең – байтақ даласы.

Олай болса, балалардың тақпақтарын қабыл алыңыздар.



Нұртілек: Достығымыз жарасқан

Ақпыз, қара, сарымыз

Қара жер мен көк аспан,

Отақ дала туымыз.



Ақкүміс: Бірлік біздің туымыз,

Бейбітшілік жырымыз,

Дос туалы ән айтсақ

Жарқын шығар үніміз.


Жаннұр: Ақпыз, қара, сарымыз

Ағайынбыз бәріміз.

Бір отанда тұрамыз

Бір бақшаға барамыз.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, қадірлі ата-аналар ендігі кезекте балалардың биін тамашалаңыздар.


Би: «Қазақ биі»

(Рамазан-Жанэль, Асхат-Ақерке)


Жүргізуші: Кім білмес қазағымның қою шайын,
Жал-жая, қазы-қарта, құрт пен майын.
Ақ тілекпен әрбір келген қонағына,
Құрметпен шығаратын төрі дайын.
Келіңіз ұсынамын төрден орын,
«Досым» деген адамға міне қолым.
Әр қазақтың жүрегінде осы тілек,
Адамзат, оң сапарда болсын жолың!

(Осы кезде ортаға музыка әуенімен Сайқымазақ кіреді)


Сайқымазақ: Сәламатсыздар ма! Бұл жерде не болып жатыр?


Жүргізуші: Бүгін бізде балабақша бүлдішіндеріміздің «Ынтымақ мерекесін» тойлаудамыз.


Сайқымазақ: Мен де сіздермен бірге ән салып, би билесем болама?


Жүргізуші: Балалар мерекені Сайқымазақпен бірге жалғастырамызба?


Балалар: Ия


Сайқымазақ: Олай болса сіздермен бірге «көңілді би» билейік

(балалармен бірге көңілді би)



Жүргізуші: Ендеше Сайқымазақпен бірге сурет салайықшы.

(Балалар мерекеге арналған суреттерді сайқымазақпен бірге салады)

Жүргізуші: Бірлігі мен ынтымағы халықтың,
Көзімізде жарқырайды жарық күн.
Ырыс, дәулет, бақыт үшін халықтың

Жайнай берсін, жайнай берсін жарық күн.

Өзге ұлт өкілдерінің өнерін тамашалаңыздар.


Самина: Ұлтым менің молдаван

Достықты елім қолдаған

Ынтымақ күні сіздерге

Құттықтауын жолдаған


Қызбақыт: Татар қыз құлпырып

Сұлулығы тұр тұнып

Мерекеңмен құттықтап,

Алдыңызға тұр шығып


Диана: Азербайжан еліміз

Достыққа біз сенеміз

Жер бетінде бар ұлты

Бауырым деп білеміз


Жүргізуші: Достық бізге тым ыстық,
Бірлік – байлық, ырыс – құт.
Жарқырасын күніміз,
Жаса, жаса тыныштық!


Ортаға орыс ұлтын қарсы алайық


Би: «Орыс биі»

(Шұғыла-Нұрсәт)


Сайқымазақ: Жарайсыңдар балалар, қандай әдемі боялған. Сіздердің өнерлерің маған өте қатты ұнады. Мен мұны өзіммен бірге алып кетейін. Балалар мен басқа да балабақшаға баруым керек, күтіп қалған шығар. Олай болса кездескенше. Қош сау болыңыздар балалар?

(шығып кетеді)


Балалар: Сауболыңыз


Жүргізуші: Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман.


Кезекте балалардың тақпақтарын қабыл алыңыздыр


Бекнұр: Аталарым достықты

Сара жолын қуыпты

Өсиет боп халықтың

Жүрегінде қалыпты

Бейбарыс: Қара, ағы, бәріде

Туыс бізге әрие

Ынтымақпен достықты

Шығарамын төріме


Саясат: Тыңда, тыңда, тыңда мені,

Ұлы жұртым орыс халқым.

Сен тербетіп өсіргенсің,

Сенің даңқын, менің даңқым.


Жүргізуші: Достық бізге тым ыстық,

Бірлік – байлық, ырыс – құт.

Жарқырасын күніміз,

Жаса, жаса тыныштық!


Ортаға «Өзбек» ұлтының биін қабыл алыңыздар.

(Асель, Ақмаржан)

Жүргізуші: Әй,әлемнің әділ жанды балалары,

Әкелермен аталарға айтайық

Ажал оғын атпасын

Тыныштықты сақтасын.


Осымен бүгінгі балабақша бүлдіршіндеріміздің бірлік күніне арналған «Ынтымағы жарасқан ел» атты кешіміз өз мәресіне жетті. Кездескенше қош сау болыңыз.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
645
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі