Материалдар / адам табиғаттың ажырамас бөлігі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

адам табиғаттың ажырамас бөлігі

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға арналған эссе
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қараша 2018
868
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады











Жоспар:

І. Кіріспе

  1. Түркістан облысы туралы жалпы түсінік.

ІІ. Негізгі бөлім:

  1. Түркістан облысы табиғаты

  2. Геологиясы мен кен байлықтары

  3. Топырағы, өсімдігі, жануарлар дүниесі

  4. Халқы

  5. Ауыл шаруашылығы

ІІІ.Қорытынды:

  1. Түркістаноблысының экономикалық жағдайы

























Кіріпе:

Түркістан облысы туралы жалпы түсінік.

Түркістан облысы – Қазақстан Республикасының оңтүстігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлік. 1932 жылы 10 наурызда құрылған. 1962 – 92 жылы Шымкент облысы деп аталды.

Аумағы 117,3 мың км². Тұрғыны 2 788 653 адам (2015ж). Орталығы – Шымкент қаласы Солтүстігінде Қарағанды, шығысында Жамбыл, батысында Қызылорда облыстарымен, оңтүстігінде Өзбекстан Республикасымен шектеседі. Облыс құрамында 11 әкімшілік аудан, 4 қалалық әкімдік, 7 қала (Шымкенттен басқа), 13 кент, 171 ауылдық округ, 932 ауыл бар.

 

Табиғаты

Жер бедері. Түркістан облысының жер бедері негізінен жазық (орташа биіктігі 200 – 500 м). Солтүстігінде тасты-сазды Бетпақдала шөлінің оңтүстік-батысы, Ащыкөл ойысы, Тоғызкентау жоны, Шу өзенінің төменгі ағысы және Мойынқұм құмды алқабының батыс бөлігі орналасқан. Облыстың орталық бөлігін Қаратау жотасы солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай екіге бөліп жатыр. Оның ең биік жері – Бессаз (Мыңжылқы) тауы (2176 м). Қаратаудың оңтүстік-шығысында Боралдай (1400 – 1600 м) жотасы орналасқан. Облыс жерінің оңтүстік-шығысын Батыс Тянь-Шань-ның сілемдері (Өгем жотасы), Қаржантау (2800 – 2900 м), Қазығұрт тауы (1700 м), Талас Алатауының батыс сілемдері – Кіші Ақсу (2577 м), Алатау (3137 м) таулары қамтиды. Облыстың ең биік жері – Сайрам шыңы (4299 м). Оңтүстік-батысында Қызылқұм құмы, Қарақтау тауы (388 м), оңтүстігінде Шардара даласы, Ызақұдық құмы, Қауынбай молда (321 м), Белтау (592 м) жоталары, қиыр оңтүстігін Мырзашөл алып жатыр.

 

Геологиясы мен кен байлықтары

Облыс жерінің көпшілік бөлігі Тұран[ плитасының құрамына кіреді. Геологиялық құрылымы негізінен кембрийлік, девондық, тас көмірлік жыныстардан (тақтатас, құмтас, әктас), таулы бөлігі төменгі палеозойлық жыныстардан (құмтас, гранит, конгломерат, жоталар аралығындағы ойыстар девонның қызыл түсті шөгінділеріне толған) түзілген. Жер қойнауынан полиметалл, қоңыр көмір, темір, уран кентастары, фосфорит, вермикулит, тальк, барит, гипс, отқа төзімді саз, әктас, гранит, мәрмәр, кварц, т.б. кен байлықтары барланған. Қаратауда Ащысай, Мырғалымсай, Байжансай қорғасын-мырыш кеніштері 20 ғасырдың 40- 40-жылдарынан жұмыс істейді. Республикада уран кентастарының қоры жағынан бірінші орын, фосфорит және темір кентасының қоры жағынан үшінші орын алады.

 

Климаты

Облыстың климаты континенттік. Қысы қысқа, жұмсақ, қар жамылғысы жұқа, тұрақсыз. Қаңтар айының жылдық орташа температурасы солтүстігінде –7 – 9°С, оңт-нде –2 – 4°С. Жазы ұзақ, ыстық, қуаң және аңызақты. Шілде айының жылдық орташа температурасы 25 – 29°С. Шөлді аймағында жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 100 – 150 мм, тау алдында 300 – 500 мм, биік таулы бөлігінде 800 мм.

 

Гидрографиясы

Өзендері облыс аумағында біркелкі таралмаған. Оңтүстік Қазақстан облысы жерінің оңтүстігінен солтүстік-батысына қарай Сырдария өзені ағып өтеді. Сырдарияға Арыс (378 км), Келес (241 км), Құркелес (98 км) өзендері құяды. Халқы тығыз орналасқан оңтүстік-шығысында Арыс өзенінің салалары: Бадам, Сайрамсу, Ақсу, Жабағылы, Машат, Дауылбаба, Боралдай өзендерінің шаруашылық маңызы зор. Қаратау жотасынан басталатын Бөген, Шаян, Арыстанды, Шылбыр, Байылдыр, Көксарай, т.б. өзендер облыс орталығын сумен қамтамасыз етеді. Шу өз-нің төм. ағысында суы аз, тек көктемде қар еріген кезде ғана суы молайып, Созақ ауданының шаруашылықтарын суландырады. Шардара (ауданы 400 км², су көлемі 5200 млн м³), Бөген (су көлемі 377 млн м³), Бадам (су көлемі 61,5 млн м³), т.б. бөгендер салынған. Арыс өзенінен Арыс – Түркістан, Өзбекстан жеріндегі Сырдариядан Достық (бұрынғы Киров атындағы), Шардара ауданында Қызылқұм магистралды каналдары тартылған. Облыс көлдері негізінен таяз және тұзды, көктемде суға толып, жазда құрғап, сорға айналады. Ірі көлдері: Ақжайқын (48,2 км²), Қызылкөл (17,5 км²), одан басқа Қалдыкөл, Шүйнеккөл, Тұздықдүме, т.б. ұсақ көлдер бар. Жер асты суының қоры мол.

 

Топырағы, өсімдік және жануарлар дүниесі

Облыстың жазық бөлігінде топырақ жамылғысын сұр, сортаңды сұр, бозғылт сұр, құмды, құмдақты топырақ құрайды. Тау етегінде шалғындық, таудың қызыл қоңыр топырағы таралған. Негізінен шөл белдеміне тән өсімдік жамылғысы қалыптасқан. Сексеуіл, жүзгін, жусан, күйреуік, бұйырғын, ши, жантақ, еркекшөп; Сырдария, Шу өзенініңаңғарларында жиде, жыңғыл, тал; тау етегінде бетегелі-жусанды дала, тауларында жеміс ағаштары, арша, альпілік шалғын өседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, қоян, қарсақ, елік, арқар, таутеке, жабайы шошқа, қоңыр аю, барыс, сусар, борсық, шөлді аймақтарда бауырымен жорғалаушылардың түрлері тіршілік етеді. Құстардан ұлар, кекілік, бүркіт, шіл, торғайдың көптеген түрлері мекендейді. Табиғи өсімдіктерді, жануарлар дүниесін сақтап қалу үшін Төле би, Түлкібас аудандары аумағында мемлекеттік Ақсу-Жабағылы қорығы (1926) ұйымдастырылған.

 

Халқы

Түркістан облысында республика халқының 15%-ы тұрады (2011). Тұрғындарының орташа тығыздығы 1 км²-ге 18,6 адамнан келеді. Республика бойынша бала туу жөніндегі ең жоғарғы көрсеткішке (1000 адамға 22,6 сәбиден келеді) және халық санының табиғи өсуінің ең жоғары шамасына (32,5 мың адамнан астам) жетті. Облыс халқының басым бөлігін қазақтар (70,24%) құрайды, одан басқа өзбек (17,1%), орыс (7,2%), татар (1,2%), Әзірбайжан, тәжік, түрік, т.б. ұлт өкілдері тұрады. Мақтаарал, Шардара, Сайрам, Сарыағаш ауданында тұрғындар жиі қоныстанған. Облыс тұрғындарының 47%-ы қалада, 53%-ы ауылда тұрады.

 

Шаруашылығы

Түркістан облысы – республикадағы өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының барлық салалары дамыған, еңбек ресурстары жеткілікті аймақ. Облыс кәсіпорындары Қазақстандағы барлық өнеркәсіп өнімдерінің 5,9%-ын өндіреді. Елімізде шығарылатын трансформаторлардың 98,6%-ы, фармацевтикалық препараттардың 70,1%-ы, минералды және газды сулардың 51,5%-ы, мотор майының, бензиннің 38,9%-ы, рафинатты қорғасынның 23,6%-ы, сыраның 23,6%-ы, цементтің 19,7%-ы, экскаватор, мақта талшығы, мақта майының барлығы дерлік Оңтүстік Қазақстан облысында өндіріледі. Облыс тері шикізаты, жеміс, көкөніс, жүзім, бақша, макарон өнімдерінің ірі өндірушісі болып табылады.

 

Өнеркәсібі

Облыстың өнеркәсіп мүмкіндіктерін негізінен мұнай өңдеуші және металлургия кәсіпорындары құрайды. Түсті металлургия, машина жасау, химия, мұнай өңдеу, тамақ өнеркәсібі, әсіресе, Шымкент, Кентaу қалаларында жақсы дамуда. Облыс өнеркәсібінде 147 ірі және орта кәсіпорын бар. Мұнай-химия өнеркәсібі саласындағы ірі кәсіпорындар: “ПетроКазахстанОйл Продактс” ААҚ (мұнай өңдеу) және “ИнтеркомШина” ААҚ (шина шығару). Металлургия өнеркәсібіндегі басты кәсіпорын “Южполиметалл” ЖАҚ (қорғасын, мырыш, т.б. өнімдер); машина жасау саласының жетекші кәсіпорындары: “Карданвал” ААҚ (автомобильдер мен тракторлар үшін кардан біліктерін шығаратын), “Южмаш-К” ЖАҚ (ұстаханалық-престеу машиналары мен қосалқы бөлшектерін шығару), “Экскаватор” ААҚ, “Кентау трансформатор зауыты” ААҚ, “Түркістан-насос” ААҚ; құрылыс өнеркәсібінен “Шымкентцемент” ААҚ; химия өнеркәсібінен – “Химфарм” ААҚ (дәрі-дәрмек өнімдерін шығару); жеңіл өнеркәсіптен “Восход” ААҚ, “Эластик” ААҚ, “Адал” ЖШС, т.б. жұмыс істеуде. Тамақ өнеркәсібі саласындағы жетекші кәсіпорындарды “Шымкент-май”, “Қайнар”, “Шымкент сыра”, “Бахус-Деронсек” АҚ-дары, “Арай”, “Амангелді” ЖШС-тері, т.б. құрайды. Сарыағаштың минералды суын шығарумен “Әсем-ай”, “Алекс” ЖШС-тері айналысады. Темекі өнімдерін JTL “Central Asіa” ЖАҚ-ы шығарады.

 

Ауыл шаруашылығы

Облыстың ауыл шаруашылығына жарамды жерінің аумағы 10,3 млн га, оның ішінде жыртылатын жер аумағы 0,8 млн га. Ауыл шаруашылығында 63,3 мың шаруа (фермер) қожалығы, 956 ӨК, 6 АҚ, 608 ЖШС жұмыс істейді. Олар жалпы респ. ауыл шаруашылығы өнімінің 12,2%-ын береді. Ауыл шаруашылығының басты саласына стратегиялық маңызы бар мақта өсіру мен өндіру жатады. Оның егіс көлемі 170 мың га-ға (егіс көлемінің 30%-ы) жетті. Шитті мақтаны өңдеумен жылдық қуаты 650 мың тонналық 19 мақта зауыты айналысады. Олар облыстың Мақтаарал, Сарыағаш, Шардара ауданында және Түркістан қалалық әкімдігі жерінде орналасқан. Облыс әкімшілігі 2003 жылдың соңында мақта иіру фабрикаларының құрылысын бастады. Егіннің орташа жылдық өнімі: бидай – 400 мың т, күріш – 10 мың т, шитті мақта – 360 мың т, көкөніс – 400 мың т, бақша өнімдері – 291 мың т, картоп – 115 мың т. 2004 ж. мал саны: ірі қара – 603 мың, қой-ешкі – 3 млн., жылқы – 119 мың, түйе – 14 мың, құс – 1,8 млн., шошқа – 22 мың басқа жетті.

 

Көлігі

Облыс экономикасының тұрақты дамуында темір жол тасымалының үлесі басым. Маңызды темір жол тармақтары: Орынбор – Ташкент, Түркістан – Сібір темір жол Темір жолдың жалпы ұзындығы 443 км-ден асады, қызмет ету шектері Шеңгелді – Арыс және Түркістан – Арыс – Түлкібас станцияларының аралықтары. Автомобиль жолының жалпы ұзындығы 5200 км, оның 800 км-ден астамы республикалық, 4470 км жергілікті маңызы бар жолдар. Облыс жеріндегі ірі автомагистралдар: Алматы – Ташкент, Шымкент – Қызылорда, Шымкент – Жуантөбе. Әуе көлігі жүйесінде “Шымкент әуежайы” ААҚ халықаралық тікелей және транзиттік авиарейстерді жүзеге асыруға қолайлы. Облыс жерінен Бұхара – Шымкент – Алматы газ құбыры, Омбы – Павлодар – Шымкент мұнай құбыры өтеді.

 

Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениеті және мәдени мұралары

Облыста жалпы білім беретін 1007 мектеп, 22 кәсіптік-техникалық мектеп, 36 колледж, 115 мектепке дейінгі мекеме бар (2004). М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы, М.Сапарбаев атынд. Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институты, Қожа Ахмет Иасауиатындағы халықаралық қазақ-түрік университетті және бірнеше мемлекеттік емес жоғарұы оқу орындары студенттерге білім беруде. Облыста 931 мемлекеттік медицина ұйым, оның ішінде 542 фельдштік-акушерлік пункт, 131 отбасылық дәрігерлік амбулатория, 60 ауылдық телімдік аурухана, 12 орталық аудандық және 5 аудандық аурухана, санспединстанция-эпидемиологиялық станция жұмыс істейді. Қарт адамдарға арнап “Ардагерлер үйі”, балаларға “Тау самалы” оқыту-сауықтыру орталық ашылған. Облыс аумағында елімізге белгілі Сарыағаш минералды суына негізделіп ашылған “Сарыағаш” шипажайы, “Арман” санаторийі, “Манкент” санаторий-профилакторийі, т.б. “Шымған”, “Денсаулық”, “Мейірім” сауықтыру орталықтары бар. 365 кітапхана, 9 музей, 6 кинотеатр, 6 театр (3 драма, 2 сазды, 1 қуыршақ), хайуанаттар саябағы, 366 мәдени-демалыс, 2865 спорт-сауықтыру мекемесі жұмыс істейді. Облыстық “Оңтүстік Қазақстан”, “Южный Казахстан”, “Жанубий Қозоғистон” газеттері қазақ, орыс, өзбек тілдерінде шығады. Облыс аумағында Ұлы Жібек жолы өткен көне қалалар (Исфиджаб, Иасы, Сауран, Отырар, т.б.) мен қорғандар болған. 802 тарихи және мәдени ескерткіш, оның ішінде 582 археологиялық, 42 тарихи, 11 монументтік өнер ескерткіштері; дүние жүзіне белгілі қасиетті Қожа Ахмет Ясауи кесенесі Түркістан қаласында орналасқан. Бәйдібек ата кесенесі, Домалақ ана кесенесі, Қарабатыр кесенесі (Бәйдібек ауданы), Арыстан баб кесенесі (Отырар ауданы), Баб ата күмбезі, Қарабура әулие кесенесі (Созақ ауданы), Қарашаш ана күмбезі, Ибраһим ата күмбезі, Қажымұқан Мұңайтпасұлының кесенесі мен мұражайы (Ордабасы ауданы) бар.

 

Қортынды:

Республика бойынша ең ірі кәсіпорындар қатарына «ПетроКазахстан ойл Продактс» ЖШС, «Южполиметалл ӨК» АҚ, «Шымкент цемент» АҚ, «Химфарм» ААҚ, «Шымкентпиво» ЖШС және «Джей Ти Ай Сентрал Азия» ЖАҚ, «Алтын Дән» ЖШС т.б. кіреді.
Оңтүстік Қазақстан облысында едәуір өндірістік-экономикалық мүмкіндіктер бар. Бұл - Қазақстанның еңбек күшінің ең көп шоғырланған аймақтарының бірі. 
Облыс – мақта, тері шикізаты, өсімдік майы, жеміс, көкөніс, жүзім, бақша дақылдары, макарон, темекі өнімдері, сыра, алкогольсіз сусындардың ең ірі өндірушісі және өткізушісі болып табылады. Облыста сонымен қатар, қорғасын, цемент, жанар-жағар май, шифер, шина, экскаватор, трансформатор, ұйық-шұлық, тігін бұйымдары, жиһаз шығарылады.
Экспорттық байланыстар дүние жүзінің 47 мемлекетімен (8-таяу және 39-алыс шетелдермен) жүргізілсе, облысқа тауарлар 87 мемлекеттен жеткізіледі. 
Экспорттың тауарлық құрылымында негізгі үлесті минералды өнімдер – 38,1%, химиялық өнімдер – 24,1%, азық-түлік тауарлары – 20,3%, тоқыма және тоқыма бұйымдары – 11,9%, металдар және оның бұйымдары – 4,3%, басқалар – 1,3% құрайды.
Импорттың тауарлық құрылымында негізгі үлесті машиналар, құрал-жабдықтар, көлік құралдары – 40,8%, минералды өнімдер – 18,9%, химия өнімдері – 11,2%, азық-түлік тауарлары – 9,9%, металдар және оның бұйымдары – 9,1%, басқалары – 10,1 пайыздық үлесін құрайды.
Облыстың климаттық жағдайы ауыл шаруашылығын дамытуға қолайлы.
Бұл саланың құрылымында, негізгі өнім түрлері мақта, дәнді дақылдар, көкөніс және бақша дақылдары болып табылатын, өсімдік шаруашылығының үлес салмағы – 54,3 пайыз. Ауылшаруашылығының жалпы өнім көлемінде 45,7 пайыз мал шаруашылығына тиесілі. Мал шаруашылығында ет, сүт және жұмыртқа өндіру негізгі орынды алады.
Облыс дамуының басымды бағыттарының бірі – шағын кәсіпкерлікті дамыту болып табылады. Шағын бизнес бәсекеге қабілетті, динамикалы және диверсификацияланған экономика құруға үлесін қосуға тиісті. 
Қазіргі таңда, облыста 145,1 мың шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелген, оның ішінде 16,7 мыңы – заңды тұлғалар. Шымкент қаласына облыстың шағын кәсіпкерлік құрылымының 26,9 пайыздық үлесі тиесілі. 
Экономиканың нақты секторындағы салалық бағыттары бойынша шағын кәсіпкерлік субъектілерінің 46,8% – ауыл шаруашылығымен, саудамен – 28,4% айналысады, ал керісінше, көлік және байланыспен – 4,5%, өнеркәсіп өндірісімен – 1,8%, мейрамхана бизнесімен – 2,1%, құрылыспен – 1,9% және басқа да қызмет түрлерімен – 14,5% шұғылданады.
Қазіргі таңда облыс бойынша шағын кәсіпкерлікпен 340,7 мың адам, немесе облыс экономикасында жұмыс істейтін халықтың 30,0% айналысады.
Облыс аумағында 516,2 мың оқушы оқитын 1032 жалпы білім беретін мектептер, 24,7 мың мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелейтін 183 мекеме бар.
Облыста 4 мемлекеттік жоғарғы оқу орындары, оның ішінде: Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медициналық академиясы, Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті, Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Шымкент институты және де 9 жекеменшік жоғарғы оқу орындары мамандар даярлайды. 
Халыққа медициналық көмекті 115 – аурухана, 128 – отбасылық дәрігерлік амбулатория мен дәрігерлік амбулатория және 29 алғашқы медико-санитарлық көмек көрсету орталықтары көрсетеді. Онда 6,4 мың дәрігерлер мен 16,7 мың орта буынды медицина мамандары қызмет етеді (алдын-ала мәлімет).
Облыста тарихи-ағартушылық, ғылыми-техникалық, шығармашылық, қайырымдылық және тағы да басқа жұмыстарға белсене араласатын 10 саяси партиялардың бөлімшелері, 20 ұлттық-мәдени орталықтар, 71 жастар қоғамдық бірлестіктері жұмыс істейді.
Сонымен қатар, мұнда облыстық газеттер «Оңтүстік Қазақстан», «Южный Казахстан», «Дустлик байроги», қалалық газеттер «Шымкент келбеті», «Панорама Шымкента», бұдан басқа «Айғақ», «Шара-Бара» және басқа газеттер басылып шығарылуда. 
Облыс аумағында емдеу және демалысқа пайдалануға болатын табиғи ресурстар бар. Оларға жұмыс істеп тұрған Сарыағаш шипажайының минералды сулары жатады. Ауа-райы қолайлы Кентау қаласынан 20 шақырым оңтүстікте Қаратау бөктерін, Шаға өзенінің әдемі аңғарындағы шипалы минералды, термалды су скважиналарын, Манкент селосы аумағында және Ордабасы ауданының орталығы – Темірлан елді мекенінің жанындағы термалды су көздерін, сонымен қатар, Ақсу, Түлкібас және Тұрар Рысқұлов ауылының аумақтарын жүрек-тамыр аурулары бар адамдардың емделуіне қажетті жағдайлар жасауға болады. 
Ақсу Жабағлы қорығының аумағы, Шымкент қаласының шығысы мен оңтүстік-шығысында орналасқан Өгем жотасының тау бөктері, Қаржантау таулары, Боралдай жотасы мен Арыс, Машат, Сайрамсу, Сырдария, Ақсу, Бадам өзендерінің аңғарларында да демалыс аймақтарын ұйымдастыруға қолайлы болып табылады.

 



































Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қазақ энциклопедиасы «Қазақ энциклопедиасы» 10 том

  2. Берденов.Қ «Қазақстанның мемлекет ретінде қалыптасуы мен экономикасының дамуы» Алматы -1998

  3. Сахариев С.С, Сахариева А.С «Әлем экономикасы» Оқулық 1 бөлім2003

  4. Сахариев С.С, Сахариева А.С «Әлем экономикасы» Оқулық 2 бөлім2004





































«Ғ.Мұартабаев атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі













Реферат



Тақырыбы: «Түркістан облысы»




Орындаған: Абдумажит М

9-Сынып

Қабылдаған: Райбекова

















2018ж

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!