400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Адам тамақтанатын орындар. Сөз құрамы. Түбір мен қосымша

Материал туралы қысқаша түсінік
• Тиімді тамақтану адам біраз ауру-сырқауға ұшырамай, оларды оңай жеңіп отырады. • Тиімді тамақтану мезгілсіз, ерте қартаюдан алдын-ала сақтандырады. • Асқазаны, жүрек-қан тамыры т. б. сырқатқа ұшырағанда тамақтанудың арнайы ойластырылып жасалған ас үлесі (рацион) мен режимі емнің бір түрі болып табылады. • Тамақтану бүкіл организмнің бір қалыпты дамуы мен үйлесімді қызметін қамтамасыз ететіндей болып ұйымдастырылуы тиіс. • Адамның кәсібіне, жасына, жынысына сәйкес, тіршілік әрекетіне қарай қажет тамақтық рационы оның құрамындағы ақуыз, май,көмірсулар т. б. заттардың сапасы мен мөлшері жағынан реттелу керек. Организмнің физиологиялық қажеті көптеген жағдайға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күнтізбелік тақырыптық жоспардың

сабақ жоспары

№_______













Сабақтың тақырыбы: Адам тамақтанатын орындар.

Гр. Сөз құрамы. Түбір мен қосымша

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға адам тамақтанатын орындар туралы түсінік беру

Білімділік: жемістен көкөністен жаслған тағамдарды дайындау процесіне қойылатын санитарлық талаптар және оларды қалай сақтау керек екендігін үйрету.
Дамытушылық: Студенттерге сөз құрамы . Түбір және қосымша туралы айту арқылы оқушының сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, тілді құрметтеуге, тіл байлығын, маңызын түсіне білуге баулу.
Сабақтың көрнекіліктері: суреттер
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй жұмысын сұрау

1-тапсырма. Берілген мәтінді түсініп оқып , орыс тіліне аударыңыздар. 

Адам тамақтанатын орындар

Тамақтану - ағзаның қуат шығынының орнын толтыруға, тіндер құрылуына және жаңартылуына және қызметтерін реттеп отыруға кажетті, ағзаға түсетін заттардың қорытылу, сіңу және сіңірілу үрдістері. ағзаның өмір сүруге, денсаулықты және жұмысқа қабілеттілікті сақтауға қажет нәрлі заттарды (ақуыз, май, көміртегі, дәрумендер, минералды тұздар) бойға сіңіру процесі.

Shape1

Тиімді тамақтану

  • Тиімді тамақтану адам біраз ауру-сырқауға ұшырамай, оларды оңай жеңіп отырады.

  • Тиімді тамақтану мезгілсіз, ерте қартаюдан алдын-ала сақтандырады.

  • Асқазаны, жүрек-қан тамыры т. б. сырқатқа ұшырағанда тамақтанудың арнайы ойластырылып жасалған ас үлесі (рацион) мен режимі емнің бір түрі болып табылады.

  • Тамақтану бүкіл организмнің бір қалыпты дамуы мен үйлесімді қызметін қамтамасыз ететіндей болып ұйымдастырылуы тиіс.

  • Адамның кәсібіне, жасына, жынысына сәйкес, тіршілік әрекетіне қарай қажет тамақтық рационы оның құрамындағы ақуыз, май,көмірсулар т. б. заттардың сапасы мен мөлшері жағынан реттелу керек. Организмнің физиологиялық қажеті көптеген жағдайға байланысты, олар ұдайы өзгеріп отырады.

  • Организмнің тамақтан жұғымды заттарды дәл осы сәтте қажетті мөлшерде бойына сіңіріп зат алмасу процесінде бір затты екінші түрге айналдыратын, керекті кезінде пайдалануға болатындай қор жасайтын, реттеуші механизмі болады. Бірақ организмнің реттеу мүмкіндігінің белгілі шегі бар; ол мүмкіндік бала кезде және егде тартқан шақта көбірек шектеледі.

  • Бірқатар заттарды, кейбір витаминдер, алмастырылмайтын амино қышқылын адам организмі зат алмасу процесінде жинақтай алмайды, ол дайын күйінде тамақпен бірге берілуі тиіс, өйтпеген күнде кісі тамақ жұқпайтын ауруға ұшырайды.

Тамақтың жұғымдылығы

  • Тамақтық жұғымдылығы оның құрамындағы ақуыз, май, углеводтардың саны мен сапасына байланысты.

  • Дені сау адамның тамақтану рационында ақуыз, май және углеводтардың ара қатынасы 1:1:4-ке жуық болуы керек. 1 грамм ақуыздың, майдың жәнекөмірсулартың қуаттылық құндылығы олардың сіңімділігін ескергенде тиісінше 4,9 және 4 ккал болады.

  • Тамақтың бойға сіңетін құнары организмнің өмірлік маңызы бар функцияларын, оның ішінде зат алмасу мен депо қызметін дұрыс атқаруына жұмсалады.

  • Тамақты сіңіру кезінде организмнің бөлген қуатының мөлшерін тағамның калориясы деп атайды.

  • Тамақтану рационын жасағанда адамның жынысын, жасын кәсібін ескеру қажет; ауыр дене жұмысын істейтін адамдар, болат қорытушылар, ағаш кесушілер, ауыл шаруашылығының механизаторлары жеңіл дене еңбегімен немесе ой еңбегімен шұғылданатын адамдарға қарағанда ақуыз, май,көмірсулартары көп тамақтарды қажет етеді.[2]

Тамақтану мезгілдері

Адамдар күніне 3-5 рет тамақтанады.

  • Негізгі тамақтану мезгілі үшке бөлінеді:

    • таңертеңгі ас (сағат 7.00-9.00 аралығы) - ас үлесі (рацион) қант қосылған ботқа, сүт тоқаш, сары май т.б. - организмде қант құрамын тұрақтандырады, тәбетті ретке келтіреді, сонымен қатар күні бойы тамақты шамадан тыс көп жеуден және семіруден сақтайды;

    • түскі ас (сағат 13.00-14.00 аралығы) - ас үлесі (рацион) құнды - әр түрлі тағамдар жиынтығы, организмді керекті құнарлы заттармен қанықтырады;

    • кешкі ас (сағат18.00-19.00) - ас үлесі (рацион) жеңіл тағамдар - ұйқы кезінде адам организмін жайландырып, қорытылуына көп қуат кетпейтін тағамдар;

  • Аралық тамақтану:

    • таңертеңгі ас пен түскі ас ортасында - екінші таңетртеңгі ас (ланч) - жеміс-жидек немесе тоқаш, сусын немесе шырын;

    • түскі ас пен кешкі астың ортасында - түстік - көмеш немесе ашыма, сусын немесе шырын, айран.

Емдік тамақтану

Емдік тамақтану емдік шаралар кешенімен бірге бірқатар аурулардың алдын алу және асқындырмай емдеу үшін пайдаланылады.

Толық мақаласы: Емдік тағам

Қоғамдық тамақтану

Қоғамдық тамақтану - тамақ өнімдерін дайындап, оларды жекелеген халық тобына өткізумен айналысатын қоғамдық тамақтандыру кәспорындарында тамақтану.



2-тапсырма. Берілген сөздерді орыс тіліне аударыңыздар.

Адам -

Тамақтану –

Асхана –

Наубайхана –

Емдік –

Қоғамдық –

Таңертең –

Кешкі –

Түскі ас



3-тапсырма. Сөйлемдерді аяқтау. Жауап үлгісі: 
1. Асхананы жабдықтау үшін ... 
2. Үстелдің үсті әрқашан ... 
3. Асхана ыдыстары бірдей ... 
4. Асхананың қабырғасына түрлі 
5. Асхананың ауасы ... 
6. Асханада тазалық әрқашан ... 1. тұрмыстық құралдар қажет. 
2. тазартылып тұруы қажет. 
3. болғаны абзал. 
4. суреттер ілінгені әдемі. 
5. таза болуы керек. 
6. сақталуы керек. 

4-тапсырма. Берілген сөз тіркестерінен сөйлемдер құрау. 
Асхана жабдығы, үстел тазалығы, кең бөлме, алма шырыны, салқын тағамдар, тамақ әзірлеу, майлықтарды дайындау, ыдыс-аяқты тазалау, әдемі суреттерді ілу, қажетті заттар. 
Жауап үлгісі: Асхана жабдығы түгел болған жағдайда ғана тамақ әзірлеуге кірісу керек. Үстел тазалығы белгілі бір этикаға сай келуі тиіс. Үстелдер мен орындықтар тұрған кең бөлме жарық болғаны дұрыс. Даяшы үстелдерге алма шырынын қойып шықты. Бұл асханада салқын тағамдар өте дәмді жасалады. Тамақ әзірлеу үшін керекті заттарды алдын – ала даярлап қою керек. Әр үстелге майлықтарды дайындап, сәндеп қойыпты. Ас ішіліп болған соң ыдыс-аяқты тазалау керек. Асхананың қабырғаларына әдемі суреттерді іліп қойыпты. Қажетті заттардың бәрі өз орындарында тұр. 
5-тапсырма. Ереже

Сөз құрамы. Түбір және қосымша

Сөз құрамы (Состав слова)
Қазақ тілінде сөз құрамы түбір сөзден, түбір мен қосымшадан /түбір+жұрнақ, түбір+жалғау, түбір+жұрнақ+жалғау/-қосымшалы сөз, туынды сөз, қос сөз, қысқарған сөздер, сөз тіркестерінен тұрады.
(В казахском языке состав слова состоит из корня, корня и аффиксов /составные слова/, производных слов, удвоенных слов, сложносокращенных слов, словосочетаний).
Түбір – сөздердің ешқандай тұлғалық бөлшектерге бөлінбейтін түпкі, негізгі қазығы, жаңа сөз жасаудың негізі. (Корень – первоначальная, неделимая основа слова).
Түбір түрлері (Виды корня)
1. Дара түбір (простой корень). Мысалы: ата, кітап, адам, мектеп т.б.
2. Қос сөздер (удвоенные слова). Мысалы: тау-тау, кезек-кезек, ата-ана т.б.
3. Біріккен сөздер (сращенные слова). Мысалы: белбеу, Көкшетау, боөторғай т.б.
Негізгі түбір – қосымшасыз жеке тұрып, бір мағынаға ие болады.
(Непроизводный корень /основа/ - слово без аффиксов, имеет одно значение). Мысалы: бала, оқы, т.б.
Туынды түбір – түбірге жұрнақтар қосылып, жаңадан түбір сөз пайда болады.
(Производный корень – образованный новый корень с помощью суффиксов).
Мысалы: бала – бала+лық, мал – мал+шы, дәрі – дәрі+гер, өнер - өнер+паз т.б.
Түбірлес сөздер – бір түбірден пайда болған бірнеше сөз.
(Однокоренные слова – слова, образованные из одного корня.
Мысалы: өн –өнім - өндіріс - өніс - өнгіш т.б.
Туынды сөздер мен туынды түбір сөздер бірдей емес. Туынды түбір жұрнақтар арқылы негізгі түбірден туған сөз болса, туынды сөз тек туынды түбірден ғана жасалады. Сонымен бірге туынды түбірден туынды сөздер өрби береді.
(Производный корень и производные слова – это не одно и то же понятие. Производный корень образуется от непроизводного корня при помощи суффикса, а производные слова образуются только от производного корня). Мысалы: біл – білім – туынды түбір (производный корень).
білім – білімді, білімпаз – туынды сөздер (производные слова).
Қосымшалы сөз – түбір мен қосымшадан құрылып тұрған сөз.
Қосымшаның екі түрі бар: біріншісі – жұрнақ, екіншісі – жалғау.
(Қосымша –это прибавочная морфема, т.е. аффикс. Аффиксальное слово состоит из корня и аффикса. Аффикс бывает двух видов: первый – суффикс, второй – окончание).


6-тапсырма. Берілген сөздерді сөз құрамына талдаңыздар.

Қазақстанда, асханамен, кітаппен, оқушыларға, колледжде, емханада, студенттермен

V. Сабақты қорытындылау. 

Бағалау

Үйге тапсырма: Сөз құрамы. Түбір және қосымша ережесін оқу.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 ақпан
588
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі