|
Ұйымдастыру
іздестіру
|
Педагог балаларға
әлемдегі адамдар туралы слайд көрсете отырып, олардың өмір сүру,
еңбек ету ерекшелігіне тоқталады. Адамдардың ұлтына, жынысына, жас
шамасына қарай бөлінетіндігін айта отырып, адамдардың сәбилік
шағынан бастап қартайғанға дейінгі кезеңдерді слайдтан көрсетеді.
Слайд көрсету арқылы адамдардың жастары есейген сайын бет
әлпетінің, дауысы мен жүріс – тұрысының да өзгеретінін түсіндіреді.
Сонымен қатар адамдардың сырт келбеті мен әдеттеріне тоқталып,
олардың ұқсастықтары мен айырмашылығын сыртқы белгілеріне қарап
ажыратуға болатындығын айтады. Соңынан екі баланың уретін көрсетіп,
ұқсастықтары мен айырмашылығын айтып беруді
тапсырады.
-Кәне, балалар, оң
қолдарыңмен сол жақ кеуделеріңді ұстап көріңдерші. Не
байқадыңдар?
-Балалар ол соғып
тұрған сендердің жүректерің, барлық адамдарда жүрек болады. Және
адамдардың барлығында өкпе, бүйрек, бауыр сияқты ішкі құрылыстары
болады. Оларды күтіп ұстау үшін сендер спортпен шұғылданып, дұрыс
тамақтанып және таза ауада көп серуендеулерің
керек.
-Гүлдер өсіп жетілу
үшін не керек деп
ойлайсыңдар?
-Ал адамдардың да
өсіп жетілуі үшін не керек?
- Дұрыс айтасыңдар,
сонымен қатар күтім әрі демалыс керек екен. Ал егер адам кешке
дейін немесе бірнеше күндер, айлар бойы демалыссыз жұмыс істеп,
уақытында тамақтанып, таза ауада серуендемей, күтінбей жүре берсе
не болар еді?
-Ондай адамдар
аурушаң әрі тезашуланғыш, үнемі көңіл күйі болмай жүретін еді. Сол
себепті кез келген адам өзін-өзі күту керек
екен.
-Кешкісін сендер
ата-аналарыңды көргенде қандай сезімде
боласыңдар?
-Ата-аналарың да
сендерді көргенде қуанады. Себебі: олар сендерді, сағынады, жқсы
көреді. Сол себепті сендерді көргенше
асығады.
-Ал сендер
ата-аналарыңды қалай қуантар
едіңдер?
-Міне, көрдіңдер ме
балалар, ата-аналарың сендердің тәтті қылықтарың мен жетістіктеріне
қатты қуанады екен. Тек сендердің ата-аналарың ғана емес, барлық
адамдар да қуанышты хабар естісе
қуанады.
Педагог осылайша
адамдардың бірдей сезімді сезінетіндігін (қуаныш, ауру, өкініш)
түсіндіреді.
Сергіту
сәті.
Қолдарымды
созамын,
Суға сүңгіп
аламын.
Суда жүріп
жүземін,
Оң қолымды бір
сермеп,
Сол қолымды бір
сермеп,
Шынықтырып
денемді
Спортсмен
боламын
|
Балалар суретке
қарап, екі баланың ұқсастығы мен айырмашылығын айтып
береді.
-Думанның бойы
қысқа, шашы қара әрі қысқа, құлағы үлкен, көздері
қара.
-Алешаның бойы ұзын,
шашының түсі сары, көзі көк
т.б.
-Бүлкілдейді,
қозғалады, тарсылдайды.
-Ауа, жарық,
топырақ, су керек.
-Ауа, жарық, жылу,
тамақ керек.
-Онда ол адам
аурушаң болады.
-Қуанамыз.
Балалар мұқият
тыңдап, өздерінің ата-аналарына қаншалықты қымбат екендігін
түсінеді, көңіл күйлері көтеріліп, қуанышты сезімде
болады.
-Мен, өлең айтып, би
билеп беріп қуантамын.
-Анама көмектесемін,
сонда ол қатты қуанады.
-Мен анам мен әкеме
қатты жақсы көретіндігімді
айтамын.
-Мен оларды қатты
құшақтаймын.
Орындарынан тұрып сергіту
жаттығцын орындайды.
|