жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Адам ұжымда
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп «Күйкен орта мектебі КММ» Мерзiмі: 23.01-02.02.2018ж Бекітемін:_________
Мұғалiм: Укенова С Сынып 5 «ә,г»
Тақырып: Адам ұжымда № 19
Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: сыйластық, түсіністік, татулық
|
Сабақ мақсаты: Оқушыларға ұжымдағы қарым-қатынастың маңызын ұғындыру арқылы, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу Міндеттері: Білімділік: оқушыларға ұжымдағы қарым-қатынастың мәнін түсіндіре отырып, сыйластық қасиетіне түсінік беру; Дамытушылық: оқушыларға ұжымдағы ізгі қарым-қатынас жасау мәдениетіне түсіністік қасиеттері арқылы арттыру; Тәрбиелік: оқушыларды айнала қоршаған ортамен үндестікте, үйлесімде өмір сүруге татулық қасиеті арқылы тәрбиелеу. |
Ресурстар: үнтаспа, суреттер, нақыл сөздер |
|
Сабақ барысы Ұйымдастыру кезеңi. «Сабақтың 5 Т ережесін» қайталау 1.Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену. Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.Нұр бірте-бірте шұғылалана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, балаларыңызға, мұғалімдерге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын».Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз…Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет. |
Сабақ барысын талқылау: |
|
2.Үй тапсырмасын тексеру Д.Қасеновтың «Мойындау» әңгімесін оқу |
|
|
3.Дәйексөз «Сыпайылық, сабырлық- асыл адам белгісі»
|
Халық мақалы |
|
4.Мәтінмен жұмыс (Мұғалімнің сыйы) Машқар Гумеровтвң «Күмән»
шығармасы Сұрақтар: |
|
|
5.Шығармашылық іс-әрекет, топпен жұмыс 1-тапсырма: жағдаят шешу 2-тапсырма: Берілген сөйлемді аяқтау |
|
|
6.Топпен ән айту. «Достар» әні Мәтіні: Фариза Оңғарсынованікі Әні: Айжігіт Асановтікі |
|
|
7.Үй тапсырмасы. Ә.Қалдыбаевтың «Кластың тоқтамы» әңгімесін оқу |
|
|
8. Сабақтың соңғы тыныштық сәті Балалар, бүгінгі сабақта айтылған жақсы қасиеттерді жүректеріңе сақтап алыңдар. Сабақ аяқталды. Сау болыңдар! |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген