Материалдар / Адам ұжымда
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Адам ұжымда

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қараша 2018
491
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өзiн-өзi тану сабағының жоспарыМектеп «Күйкен орта мектебі КММ» Мерзiмі: 23.01-02.02.2018ж Бекітемін:_________Мұғалiм: Укенова С Сынып 5 «ә,г»Тақырып: Адам ұжымда 19Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: сыйластық, түсіністік, татулық
Сабақ мақсаты: Оқушыларға ұжымдағы қарым-қатынастың маңызын ұғындыру арқылы, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашуМіндеттері: Білімділік: оқушыларға ұжымдағы қарым-қатынастың мәнін түсіндіре отырып, сыйластық қасиетіне түсінік беру;Дамытушылық: оқушыларға ұжымдағы ізгі қарым-қатынас жасау мәдениетіне түсіністік қасиеттері арқылы арттыру;Тәрбиелік: оқушыларды айнала қоршаған ортамен үндестікте, үйлесімде өмір сүруге татулық қасиеті арқылы тәрбиелеу.Ресурстар:үнтаспа,суреттер,нақыл сөздер
Сабақ барысыҰйымдастыру кезеңi. «Сабақтың 5 Т ережесін» қайталау1.Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену.Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.Нұр бірте-бірте шұғылалана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, балаларыңызға, мұғалімдерге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын».Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз…Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет.Сабақ барысын талқылау:
2.Үй тапсырмасын тексеруД.Қасеновтың «Мойындау» әңгімесін оқу

3.Дәйексөз«Сыпайылық, сабырлық- асыл адам белгісі»
  • Хормен оқыту
  • Қыздарға бөлек, ұлдарға бөлек оқыту
  • Оқушыларға дәптерге жаздырту
  • Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
  • Балалардың жауаптары негізінде дәйексөзді қорытындылау


  • Халық мақалы
    4.Мәтінмен жұмыс (Мұғалімнің сыйы)Машқар Гумеровтвң  «Күмән» шығармасы  Оқушылар соңғы сабаққа кіргенде, сыныптағы үлкен терезенің бір көзі сынғанын көрді. Кезекші Рақила болатын. – Терезені Боранбай сындырды. Өз көзіммен көрдім,–деп айқайға басты ол. Боранбай танып әлек. У-шу ұлғайып бара жатқанда, мұғалім кірді де, жағдайды білген соң: – Сабақтан кейін сыныпта қалыңдар. Анықтаймыз. Ал қазір тынышталыңдар, сабақ бастаймыз,–деді. Сынып ішіндегі мына у-шу сол айтыстың жалғасы еді. Мұғалім қағаздарын тастап, қайтып оралмақ. Істің ақиқатына жетудің орнына, салғыласа берсе, ұзақ отырып қалмай ма? Әтіргүлдің қарны ашты, үйіне қайтуға асықты. Тамағын кенеп, бар даусымен: – Балалар! – деді. – Қазір апай келеді. Не айтамыз? Құр сарылып отыра береміз бе? Терезені кім сындырды? Айтсаңдаршы біреуің! Рақила, сен анық көрдің бе? Кім сындырды? Әйнек өз-өзінен сынбайды ғойОсы кезде көпшілік арасынан Дәуіт деген қара домалақ бала суырылып шығыпСындырған мен! – дедіСыныптағылар аң-таң. Дәуіт ең момын бала едіӨтірік! – деді Рақила қызараңдапТүк те өтірік емес. Рас. Мен сындырдымЕндеше неге бірден айтпадың? – деді Әтіргүл. – Жұртты осынша дауластырып қойғаның не? Е,маған сөз тиді ме? Өздерің ғой шуылдасып... Онысы рас. Жұрт шуылдасып жатқанда, бұның өмірі үні шықпайтынДәуіт терезені қалай сындырғанын айтып берді. Терезеде қалбалақтап жүрген әдемі көбелекті ұстаймын деп, байқамай әйнекті сындырып алыпты да, сасқанынан сыртқа зып беріпті. Бұл кезде сыныпта ешкім жоқ екенБалалардың барлығы Рақилаға қарады– Ау, кезекші! Бұл қалай? Боранбай сындырды деп ең? Оны қайдан көрдің? – деді екі-үш бала. Рақила қысылғаннан жұртқа тура қарай алмады. Есікке тұра ұмтылдыМән-жай анықталған соң балалар көңілденіп, парталарына жайғасып отырдыКөрмегенді көрдім деуең жаман әдет, әрі-беріден соң олжалақорлық. Жиында басқасынан гөрі осы туралы көбірек сөз болдыӘтіргүл ұстаз үстелінің қасында жалғыз өзі тұр еді. Жолдастары алдында тауы шағылған Рақилаға жаны ашып, есіктен көзін алмады. «Ұят-ай! Бұрын да осындай ұсақ-түйек оқиғалар болған. Бұдан былай балалар Рақиланың шын сөзіне де сенбей, күмәнданатын шығар-ау. Жолдастарының сеніміне кіру үшін оған қанша уақыт қажет боларын кім білсін!.» Сұрақтар:• Әңгімедегі оқиғадан сынып оқушыларының қандай жақсы қасиеттерін көруге болады? • Олардың бойынан қандай жағымсыз қасиеттерді байқадыңдар? Одан қалай арылуға болады? Сендер не істеген болар едіңдер? • «Сенімге кіру үшін оған қанша уақыт қажет болады», – дегенді қалай түсінесіңдер? • Өз сыныптарыңда осыған ұқсас оқиғалар болды ма? Естеріңе түсіріп айтып беріңдер. 

    5.Шығармашылық іс-әрекет, топпен жұмыс1-тапсырма: жағдаят шешу2-тапсырма: Берілген сөйлемді аяқтау

    6.Топпен ән айту. «Достар» әні Мәтіні: Фариза Оңғарсынованікі Әні: Айжігіт Асановтікі

    7.Үй тапсырмасы. Ә.Қалдыбаевтың «Кластың тоқтамы» әңгімесін оқу

    8. Сабақтың соңғы тыныштық сәтіБалалар, бүгінгі сабақта айтылған жақсы қасиеттерді жүректеріңе сақтап алыңдар. Сабақ аяқталды. Сау болыңдар!



    Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
    Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
    Ресми байқаулар тізімі
    Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!