Мұқан Ажар Серікқызы
Семей қаласының №6 гимназиясының
2 «Ә» сынып оқушысы
Эссе
Адам үшін денсаулықтың маңызы.
Менің ойымша адам денсаулығы болмаса өмір сүре алмайды. Неге? Өйткені денсаулық – адам өміріндегі ең қымбат дүние. Денсаулығымыз алтыннан да қымбат. Адамның денсаулығы болмаса, көңіл-күйі нашар болады, еш нәрсеге қызықпайды, байлықты да керек қылмайды. Сондықтан да «Бірінші байлық – денсаулық, екінші байлық –ақ жаулық, үшінші байлық – он саулық» деген халық даналығы тегін айтылмаған болар. Денсаулығымыз мықты болу үшін, біріншіден, таза жүруіміз керек, екіншіден, дұрыс тамақтануымыз керек, үшіншіден, жаман әдеттен сақтануымыз керек, төртіншіден спортпен шұғылдануымыз керек, бесіншіден, қоршаған ортаға зиянымызды тигізбей, таза ауада көп жүруіміз керек. Денсаулықты сақтаудың ең басты қағидасы күн тәртібін сақтау. Егер , біз күнделікті ерте жатпасақ, кеш жатып, кеш тұрсақ, тамағымызды уақытымен ішпесек біздің ағзамыз әлсірейді, өз-өзімізді жайсыз сезінеміз. Сондықтан күн тәртібін бұзбай жүруіміз керек. Деніміз сау болсын десек, ылғи да көтеріңкі көңіл-күйде болуымыз керек. Денсаулығымыз мықты болу үшін, физикалық тұрғыда емес, ішкі жандүниемізді де жақсы ұстауымыз керек. Мысалы, кітап оқып рухани азық жинауымыз керек.
Денсаулыққа жететін байлық жоқ. Тазалық – саулық негізі, саулық – байлық негізі.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Адам үшін денсаулықтың маңызы.
Адам үшін денсаулықтың маңызы.
Мұқан Ажар Серікқызы
Семей қаласының №6 гимназиясының
2 «Ә» сынып оқушысы
Эссе
Адам үшін денсаулықтың маңызы.
Менің ойымша адам денсаулығы болмаса өмір сүре алмайды. Неге? Өйткені денсаулық – адам өміріндегі ең қымбат дүние. Денсаулығымыз алтыннан да қымбат. Адамның денсаулығы болмаса, көңіл-күйі нашар болады, еш нәрсеге қызықпайды, байлықты да керек қылмайды. Сондықтан да «Бірінші байлық – денсаулық, екінші байлық –ақ жаулық, үшінші байлық – он саулық» деген халық даналығы тегін айтылмаған болар. Денсаулығымыз мықты болу үшін, біріншіден, таза жүруіміз керек, екіншіден, дұрыс тамақтануымыз керек, үшіншіден, жаман әдеттен сақтануымыз керек, төртіншіден спортпен шұғылдануымыз керек, бесіншіден, қоршаған ортаға зиянымызды тигізбей, таза ауада көп жүруіміз керек. Денсаулықты сақтаудың ең басты қағидасы күн тәртібін сақтау. Егер , біз күнделікті ерте жатпасақ, кеш жатып, кеш тұрсақ, тамағымызды уақытымен ішпесек біздің ағзамыз әлсірейді, өз-өзімізді жайсыз сезінеміз. Сондықтан күн тәртібін бұзбай жүруіміз керек. Деніміз сау болсын десек, ылғи да көтеріңкі көңіл-күйде болуымыз керек. Денсаулығымыз мықты болу үшін, физикалық тұрғыда емес, ішкі жандүниемізді де жақсы ұстауымыз керек. Мысалы, кітап оқып рухани азық жинауымыз керек.
Денсаулыққа жететін байлық жоқ. Тазалық – саулық негізі, саулық – байлық негізі.
шағым қалдыра аласыз













