жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Адам виртуалды кеңістікте. 7-сынып Арман ПВ. ҚМЖ. Сабақ жоспары
Қысқамерзімді жоспар
|
Мектеп: |
4-бөлім: Ғаламтор ғаламаты |
|
Педагогтің аты-жөні: |
|
|
Күні: |
...01.25 ж. |
|
Сыныбы: |
7 А |
|
Сабақтың тақырыбы: |
Адам виртуалды кеңістікте |
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты |
7.3.3.1- мәтін құрылымын (кіріспе бөлім, жалпы мәлімет беру, детальді мәлімет беру) сақтай отырып, графиктік мәтін(шартты белгі, сурет, сызба) түрінде берілген процесті сипаттап жазу; 7.4.4.3. Шылау түрлерін ажырата білу, орынды қолдану |
|
Сабақтың мақсаты: |
- мәтін құрылымын (кіріспе бөлім, жалпы мәлімет беру, детальді мәлімет беру) сақтай отырып, графиктік мәтін(шартты белгі, сурет, сызба) түрінде берілген процесті сипаттап жазу; шылау туралы түсінік қалыптастырады |
Сабақтың барысы:
|
Сабақ кезеңі/Уақыты |
Педагогтің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|
Сабақтың басы Қызығушылықты ояту
|
Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық ахуал тудыру
|
«Сенің есімін» жаттығуы. Мақсаты: топ ішінде жағымды атмосфера қалыптастыру, өздерін жоғары бағалауға дағдыландыру. Әр оқушы өз есімін параққа жазып, әр әріпіне жағымды сөздер табады. Мысалы: Мақсат М-мейірімді А-ақылды Қ-қабілетті С-сыпайы А-айбарлы Т-терең ойлы Жағымды сөздерді жазғаннан кейін барлығы оқып шығады. |
Тиімділігі: оқушының өзі туралы жақсы қасиет айту арқылы көңіл-күйін көтереді. |
Оқулық, жұмыс дәптерлері
|
|
Өткен тақырыптарды қайталау Үй тапсырмасын сұрау |
Қызығушылықты ояту 1-тапсырма. Тыңдалым алды тапсырмасы 2-тапсырма. Жеке Айтылым
|
Өмір – ең алдымен виртуалдылылықпен емес, шындықпен кездесу. Альберт Эйнштейн Өлеңді тыңдап, адам болып қалудың маңыздылығын түсіндір,. Өз жауабыңды жұбыңның жауабымен салыстыр.
Тыңдалған мәтіннің негізгі идеясын Стив Джобстың : «Уақытыңыз шектеулі, оны виртуалды әлемде басқа біреудің өмірімен өтізіп алмаңыз»,- деген сөзімен байланыстырып, әңгімеле. |
Дескриптор: - тыңдалымда айтылған негізгі ойды анықтайды; -екі жақты пікірді салыстырады; Жақсы жауаптар үшін ауызша мадақтау түрлері қолданылады: Жарайсың! Керемет шешім! Ойлы шешім! |
Ноутбук, компьютер, колонка |
|
Сабақтың ортасы . |
3-тапсырма. Оқылым Топтық жұмыс 4-тапсырма Жұптық жұмыс ӘТН 5-тапсырма. Жұптық жұмыс Үлгерімі төмен оқушымен жұмыс. |
Мәтінді оқып, проблемалық сұрақтар құрастыр. Тақырыбы: «Виртуалды әлемде адасқандар» Виртуалды әлемді өз қажетіңе жаратып, жақсы мен жаманды ажырата алуға кім (не) көмектеседі деп ойлайсың? Грамматикалық тақырып. Ережемен танысып, шылау туралы түсінгендерін «Түртіп алу» әдісі арқылы дәптерге жазады.
Мәтіннен шылауларды тауып, қызметін анықта. Үлгі: мен де. «Де» торлық мағыналы сөзге күшейту мәнін үстеп тұр. Ғаламтордағы барлық ақпаратқа сенетін едім. Бірле «You Tube» желісінен ұялы телефонның беріктігін текеру туралы бейнежазба көрдім. Сол сияқты мен де телефонымды суға салып, тексердім. Аздан соң телефоным істен шығып қалды. Осыдан соң ғаламтордағы барлық ақпаратқа сенуге юолмайтынын түсіндім. Көп нүктенің орнына тиісті шылауларды
қой
|
Дескриптор: --виртуалды әлемде адасқандар туралы мәтінді оқиды; -мәтін бойынша сұрақтар құрастырады; -ережені меңгереді -шылаудың қызметін түсіндіре алады; |
Оқулық, жұмыс дәптерлері, ДК |
|
Сергіту сәті |
"Көзді жұмып, бағытты табу" |
- Мақсаты: Оқушылардың зейінін арттыру және сенсорлық дағдыларды дамыту. - Жаттығу: - Оқушылардың біреуі көзін жұмып, сыныптағы белгілі бір затты табуы керек. Қалған оқушылар тек сөзбен бағыттай алады. - Мысалы: "Сол жақта жүр, енді оңға бұрыл!". - Бұл жаттығу оқушылардың назарын жинақтап, оларды көңілді әрі белсенді етеді. |
|
|
|
Сабақты бекіту |
6-тапсырма. |
Мәтін құрылымын (кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды) сақтап, графиктік ақпаратты сипаттап, жинақы мәтін жаз.
|
Дескриптор: -графиктік ақпаратпен жұмыс жасайды; -мәтін құрастырады |
Оқулық |
|
Үй тапсырмасы |
7-тапсырма. |
Оқылым мәтініндегі ойды жалғап, бүкіләлемдік ғаламтордың тарихы туралы жаз. |
|
Оқулық |
|
Сабақ соңындағы рефлексия |
«3-2-1»әдісі. |
Оқушылар таратпа қағаздарға сөз және сөз тіркестерімен жауап береді.
|
|
|
Қосымша тапсырмалар
Сәйкестендіру стратегиясы «Менің бағытым» ойыны. Сөздерді өзіне тиісті шылаумен байланыстыру.
Бардың дейін
Өзің шейін
Ана ғана
Отан туралы
Көрдің үшін
Ауылға ба?
Кешке бе?
шағым қалдыра аласыз






Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген