Материалдар / Адамдар арасында өмір сүру өнері.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Адамдар арасында өмір сүру өнері.

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың адам өміріндегі өнердің маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейту. Адамның жасампаздық мүмкіндіктері мен рухани адамгершілік тұлғасының өзара байланысын ашу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Наурыз 2022
1613
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Құдабаева Айгул №5 мектеп-лицей

«Бекітемін»

Оқу ісі жөніндегі дирек тордың

орынбасары Н.Ю.Зарипова -сынып № сабақ Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Адамдар арасында өмір сүру өнері.

.

Сабақтың мақсаты: оқушылардың адам өміріндегі өнердің маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейту

Сабақтың міндеттері:

а) адамның жасампаздық мүмкіндіктері мен рухани адамгершілік тұлғасының өзара байланысын ашу;

ә) жасампаздық қабілеттерінің дамуына ықпал ету;

б) өмірді сұлулық, жақсылық қырынан қабылдай білуге тәрбиелеу.

Құндылық: ішкі тыныштық (эмоционалдық деңгей) , сүйіспеншілік (адамгершілік деңгей)

Қасиеттер: білуге құштарлық, еңбекқорлық, қабілеттілік, дарындылық, жасампаздық, табандылық.

Ресурстар: интерактивті тақта, электрондық диск Робертино Лоретти «Абе Мария»,С.Тұрысбеков күй «Көңіл толқыны», слайдтар, А-4 қағаздар, түсті қарандаштар, Әлемнің 7 кереметі слайдтар

Мұғалім: К.Мұңайтбасова Сынып: 8а, 8ә

Іс-әрекет кезеңдері

Уақыт

Мұғалімнің іс әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар



1.Ұйымдастыру кезеңі

Аутотренинг






Тыныштық сәті




Ән тыңдау

1 минут









2 минут

Аутотренинг арқылы жаңа сабаққа психологиялық дайындық үшін «Саусақтарыңызды түйістіріп1,2,3,4,5 деп санап, қолдарын уқалап : Жазда жақсы дем алдым, енді өзін-өзі тану пәніне кірісемін, мен қуаныштымын дей келе алақандарын уқалап. Ал, енді кірісейік! деп бастаймын


«Менің ғаламшарым»

Одан соң Робертино Лореттидің әнін тыңдауға шақыру

Балалардың музыканы тыңдай білу қабілетін бақылау

Оқушылар мұғалімнің айтқандарын қайталап қолды уқалау арқылы аутотренинг жасайды.







Оқушылар үнсіз тыңдауына не қосылуына да болады

Музыканы тыңдап, мазмұнына, ырғағына, Робертиноның даусының кереметтігіне назар аудару










Бейнебаян



2. Үй тапсырмасын тексеру

5 минут

  • Авраам Линкольннің етікшінің баласы бола тұра президенттікке сайланарда Сенаттағы аристократтар дың қорлау мақсатында қойған сұрағына жауапты сұрау (жағдаятты ешу)

  • Оқушылар жауап қайтаруын бақылау (слайд 3)

Авраам Линкольнның жауабын интернеттен қарау не болжау

Ойланайық, пікірлесейік айдары бойынша сұрақтарды ескере отырып ойларын жеткізуге тырысу.

Оқулық

Интерактивті тақта



3.Дәйексөз

Мәнін ашу


3 минут

«Өнер-адамның рухани азығы, ол-халықтың бүгіні мен келешегі, арманы мен қиялы, жалпы болмысы»

Б.Момышұлы

Іштеріңізде «өмірде ғажайып болмайды» деген пікірді қолдайтындарың бар ма?

Ал «өмірде бәрі ғажайып» деп ойлайтындарың бар ма?



Оқушардың жауабын тыңдау.

Слайд



4. Мәтінмен жұмыс

«Оқып үйренейік» айдары бойынша І.Есенберлиннің әңгімесінен үзінді оқып, талдау

10 минут

  • Ғажайып бақытпен байланысты. Ал бақыт байлықпен саналмайды. Мысалы, Наполеон барлығына қол жеткізді – атаққа, мәртебеге, бірақ өмірінің соңында ол «Менің өмірімде тіпті алты бақытты күн болмапты» деп өкінген екен. Ал, туғаннан соқыр әрі мылқау Элен Келлер «Менің өмірім керемет!» деп айтқан екен. Тіпті ас үйде ыдыс жуғанның өзі бақыт деп есептейтіндер бар екен. Боргильд Даль өзінің «Мен көргім келді» атты кітабында осы туралы тамаша жазган еді. Ол 50 жасында соқыр болып қалды. «Менің тек қана бір көзім көретін еді, оның да тек кішкене саңылауынан ғана көретінмін.» Бірақ ол өзін аяуға жол бермейтін еді. Миннесот университетінің өнер бакалавры болды. 53 жасында көзіне ота жасағаннан кейін ол көре бастады. Ол өз кітабында «Мен ас үйде ыдыс жуғанда көпіршіктерді көрген сайын ойнай бастаймын. Мен үшін бұл – үлкен бақыт. Әр көпіршіктен неше түрлі бояуды көремін» деп жазған еді. Міне, осындай мысалдар арқылы өмірдің әрбір сәтін бағалай білу керек екенін көресіңдер. Көре, ести алатынымызға, дем алғанымызға шүкіршілік етуіміз керек.

Әңгемелесу

Ассоциация» жаттығуы

Слайд



5. Шығармашылық жұмыс топтық жұмыс

7 минут

Өмір дегенім не, қалай түсінесің?
- Өмір сүру жақсы ма, жаман ба?
- Сен бақыттысың ба?
- Сені не қобалжытады, сондай кездерің болады ма?
- Өз - өзіне қол жұмсау ерлік пе, әлде әлсіздік пе?
- Егер саған біреу қатты дауыс көтеріп ұрысса, сен не істейсің?
- Сенің мінезіңнің жаман, жақсы жақтары қандай?
- Келешекте сен өз өміріңді қалай құрар едің?


Сұрақ-жауап

А-4 қағаздары



6. Назар аудару Жаңа сабақта Әлемнің 7 кереметі

20 минут

Постер қорғау
1 – топ: Өмірде ешқашан оралмайтын 3 нәрсе.
2 – топ: Өмірде адамды құртатын 3 нәрсе.

Жағдаяттар: 
1-топ. Ата-анасы ішімдікке салынған. Үйінде өмір сүрүге жағдай жоқ, қара нан мен қара шайдың өзі сирек кездеседі.

 
2. Ата-анасынан айырылған. Отбасында жетекшілері жоқ. Өмір сүрудің жолын білмейді. Өлімнен басқа жол жоқ деп ойлайды. 

Осы балаларға берер кеңестерің.


Ойланайық, пікірлесейік

Оқушылар постер қорғайды.

Интерактивті тақта



7. Үй тапсырмасы

1 минут

Жұмыс дәптерінен тапсырма орындау

1 тапсырма

  • Өздеріңіз тұратын туған өлкеңіз Шалқар қаласындағы 7 кереметті атаңыз не сол сіз керемет деп санайтын кереметтерден фото коллаж жасау

  • Берілген тапсырманы топ болып не жеке орындау

  • Ата-анамен бірігіп оқушы өзі керемет деп санаған жерлерді фотоға түсіріп баяндайды.

Сабақта белсенділік танытқан оқушылардың күнделегіне «Жарайсың!» деп жазып, мотивациялау




8. Соңғы тыныштық сәті




9. Рефлексия

1 минут


Л.Робертиноның «Абе Мария» әнінен үзінді тыңдау




Рефлексия арқылы сабақтың ұнағандығын бармақтарын жоғары көтерсе «ұнады»,

Егер төмен қаратса «ұнамады» деген белгіні білдіреді


Мұқият тыңдалым болу




Мұғалім көрсеткен белгі бойынша оқушылардың көңіл күйін, сабақ нәтижесі байқалады.

























Іс-әрекет кезеңдері

Уақыт

Мұғалімнің іс әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

1.Ұйымдастыру кезеңі

Аутотренинг





Тыныштық сәті

1 минут







1 минут

Аутотренинг арқылы жаңа сабаққа психологиялық дайындық үшін «Саусақтарыңызды түйістіріп1,2,3,4,5 деп санап, қолдарын уқалап : Жазда жақсы дем алдым, енді өзін-өзі тану пәніне кірісемін, мен қуаныштымын дей келе алақандарын уқалап. Ал, енді кірісейік! деп бастаймын

«Менің ғаламшарым»

Одан соң Робертино Лореттидің әнін тыңдауға шақыру

Балалардың музыканы тыңдай білу қабілетін бақылау

Оқушылар мұғалімнің айтқандарын қайталап қолды уқалау арқылы аутотренинг жасайды.




Оқушылар үнсіз тыңдауына не қосылуына да болады

Музыканы тыңдап, мазмұнына, ырғағына, Робертиноның даусының кереметтігіне назар аудару

2. Үй тапсырмасын тексеру

5 минут

  • Авраам Линкольннің етікшінің баласы бола тұра президенттікке сайланарда Сенаттағы аристократтардың қорлау мақсатында қойған сұрағына жауапты сұрау (жағдаятты ешу)

  • Оқушылар жауап қайтаруын бақылау (слайд 3)

Афраам Линкольнның жауабын интернеттен қарау не болжау

Ойланайық, пікірлесейік айдары бойынша сұрақтарды ескере отырып ойларын жеткізуге тырысу.

3.Дәйексөз

Мәнін ашу



«Өнер-адаиның рухани азығы, ол-халықтың бүгіні мен келешегі, арманы мен қиялы, жалпы болмысы»

Б.Момышұлы Дәйексөздің мәнін ашуға және «Менің қойын дәптерім» деген шығармашылық жұмысты жалғастыруын ескерту

Менің қойын дәптерім деген шығармашылық жұмыс дәптерлеріне дәйексөздің мағынасын қалай түсінгендіктерін жазады.

4. Мәтінмен жұмыс

«Оқып үйренейік» айдары бойынша І.Есенберлиннің әңгімесінен үзінді оқып, талдау


  • Ол үшін Робеттино Лореттидің слайд-5 фотосын, керемет шырқаған әндерінен үзінді тыңдатып, анар деген қыздың әкесінің әсерін суреттеу

  • С.Тұрысбековтың күйін тыңдату арқылы өнердің –өмір өрнегі екендігін айта кету слайд-1 қайта назар аудару Өнер адамдарының суреттерін көрсетіп сұрақ қою арқылы қай салада өнер майталмандарын атау

Лореттидің әнін тыңдап, табиғи дарынды даусына таң қалу, балалық шағында ән шырқау арқылы отбасын асырағанына назар аудару. Бүгінгі таңдағы және жас кезін салыстыру

5. Шығармашылық жұмыс топтық жұмыс


4 топ оқушылары оқылған әңгімені постерге сурет арқылы елестетіп әңгіме мазмұны ашылатындай етіп сурет салады.

Музыканы тыңдағанда не елестегенін суретке бейнелеп салу

6. Назар аудару Жаңа сабақта Әлемнің 7 кереметі


Слайдтарда әлемнің 7 кереметін көрсету және тарихын қысқаша меңгерту

Бұл материалды меңгертер алдында «Қас қағым сәт» ойыны бойынша слайдта 7 суретті 5 секунд көрсетіп, не көздерімен көріп естерінде қалғанын айту

Оқушылар слайдтарға мұқият назар аудару арқылы көрген суреттерді айтуға тырысады

Әр әлемнің 7 кереметін тарих пәнімен байланыстырады.

7. Үй тапсырмасы


Жұмыс дәптерінен тапсырма орындау

1 тапсырма

  • Өздеріңіз тұратын туған өлкеңіз Атырау қаласындағы 7 кереметті атаңыз не сол сіз керемет деп санайтын кереметтерден фото коллаж жасау

  • Берілген тапсырманы топ болып не сжеке орындау

8. Соңғы тыныштық сәті


Рефлексия арқылы сабақтың ұнағандығын бармақтарын жоғары көтерсе «ұнады»,

Егер төмен қаратса «ұнамады» деген белгіні білдіреді

Мұғалім көрсеткен белгі бойынша оқушылардың көңіл күйін, сабақ нәтижесі байқалады.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!