400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Адамдар еңбегінің нәтижесі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы:Таным,Әлеуметтік орта, Қатынас

Бөлімі:Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: Адамдар еңбегінің нәтижесі

Мақсаты:Киім, аяқкиім, жиһаз, ойыншықтардың адам еңбегінің нәтижесінде келетіндіг туралы түсініктерін кеңейту. Ересектердің еңбегін ойын әрекеттерін қолдануаға үйрету. Түрлі матиалдармен, олардың қасиеттерімен және сапасымен таныстыруды жалғастыра отырып, сұрақтарға ойланып жауап беру дағдыларын дамыту. Адамдар еңбегін мақтан тұтуға тәрбиелеу

Көрнекілігі; Киім, аяқкиім тігіп жатқан, жиһаз үтік т.б зататар жасап жатқан адамдардың іс-әрекетін бейнелейтін мазмұнды суреттер және көмірмен қызатын үтіктің,қолмен кір жуып жатқан адамның суреттері

Қажетті құрал-жабдықтар;түрлі түсті қарындаштар, ермексаз

Алдын ала жасалатын жұмыс: киім, аяқкиім,электротехникалық құралдар, шикі тамақ т.б түрлерінен көрме ұйымдастыру

Әдіс-тәсілдер;сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық


Іс-әрекет бөлімдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Тәрбиеші балаларды шаттық шеңберге шақырады

-Сәлеметсіңдер ме,балалар! Мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Қане бәріміз бір-біріміздің қолымыздан ұстап «Қайырлы таң»-деп дауыстап айтайықшы

Балалар шаттық шеңберге құрып, бір-біріне күлімдеп қарап «Қайырлы таң»-деп дауыстап айтады

Ұйымдастырушылық- ізденістік



-Балалар қазір біз көрмеге барамыз. Бұл көрмеге әр түрлі заттар қойылған. Сендер мұқият қарап, көрмеден не көргендеріңді естеріңе сақтап алыңдар.

-Мынау ше? (жиһаздарды көрсетеді)

-Олар неден жасалған екен?

-Бұларды бір сөзбен қалай айтатын едік?

-Ал мынау ше?



-Бұларды бір сөзбен қалай атаймыз?

-Мыналар ше?


-Балалар осы көрсетілген заттарды кімдер жасайды?

-Дұрыс айтасыңдар, күнделікті тұрмыста қолданылатын заттардың барлығын жасайтын да, ойлап табатын да адамдар екен.

Біз бүгін осы заттардың қалай пайда болғандығы туралы әңгімелесеміз Мына суретке қараңдаршы, суретте не бейнеленген?

Адамдар немен айналысып жатыр?


-Кірді қалай жуып жатыр?


-Үйдің ішін немен сыпырып жатыр?

-Яғни бұрын адамдар үй шаруасының барлығын қолмен атқарған екен. Кір жуу, үйді тазалау, от жағу сияқты жұмыстар уақытты көп алатын да, демалуға уақыт мүлдем аз болатын. Соған байланысты адамдар жұмысты жеңілдету үшін кір жуатын машинаны ойлап тапқан. Кейін келе-келе автомат кір жуатын машиналар пайда болған


-Қалай ойлайсыңдар, бұрынғы кір машинамен кір жуған жеңіл ме әлде қазіргі автомат машинамен кір жуағн жеңіл ме?

-Неліктен олай ойлайсыңдар?


-Дұрыс айтасыңдар,балалар сендер үйде кір жуатын машинаға бақылауды жақсы жасапсыңдар. Автомат кір жуғыш машинасына керекті ұнтақты салып, бағдарламаға қойсаң болды,барлық шаруаны өзі тындырады екен

-Автомат кір жуғыш машинасында жуылған киімдерді не істейміз?

-Одан кейін не істейміз?

-Жарайсыңдар балалар енді үтік жайлы айтып өтейік. Бұрын адамдар киімдерін үтіктемей киген екен. Содан кейін көмірмен қызатын үтікті ойлап тауыпты. Ол өзі ауыр, ыңғайсыздау әрі тез суып қалатын болғандықтан, кейінгі кезде тоқпен қызатын үтікті ойлап тапқан

-Ал енді мына суретке қараңдаршы,суреттен не көріп тұрсыңдар?


Тәрбиеші балаларға ойыншықтар мен жиһаздардың бұрын қалай жасалғандығы туралы сұрайды.

-Балалар осы айтылғандардың бәрі де кімнің еңбегінің нәтижесі деп ойлайсыңдар?

-Сендер тағы қандай еңбек ететін адамдар туралы білесіңдер?




-Жарайсыңдар,балалар, адамдардың еңбегі туралы көп айтуға болады екен. М: Сендердің күнделікті жейтін күріш,тары, қантты да өсіріп, күтіп-баптау үшін адамдар көп еңбек етеді екен. Ал олардың еңбегінің нәтижесін біз бүгінгі көрмеден көрдік. Сендер сол еңбек адамдарының еңбегін бағалау үшін не істеулерің керек деп ойлайсыңдар?






Тәрбиеші балаларды екі орталыққа бөліп, бірінші орталықтағы балаларға кез-келген бір заттың суретін салуды, екінші орталықтағы балаларға мүсіндеуді ұсынады. Тапсырманы анықтап түсіндіріп, балаларға бағыт-бағдар беріп отырады. Тәрбиеші балалардың салған суреті мен жасаған мүсіндерін бағалап, бұл да еңбектің нәтижесі екендігін айтып түсіндіреді


Сергіту сәті:

Мен ұқыпты баламын,

Айтқан тілді аламын.

Кірлеп қалса киімім,

Өзім жуып аламын

Едендегі шаңдарды,

Шаңсорғышпен сорамын.

Ойыншықтарды орнына

Жинастырып қоямын.


Балалар көрмеге келеді. Ол жерден ойыншықтар, жиһаздар т.б зататар көреді. Бақылап, естеріне сақтауға тырысады.

Төсек,шкаф, диван т.б


-Ағаштан матадан жасалған

-Жиһаздар деп аатймыз

-Олар үтік, теледидар, шаңсорғыш, тоңазытқыш

-Электротехникалық заттар

-Киімдер,аяқкиімдер, қант, макарон

-Үлкендер, адамдар, ағалар


Балалар тәрбиешінің айтқанын мұқият тыңдайды







Кір жуып жатыр, үй сыпырып жатыр


-Легенге суды құйып, ысқылап жуып жатыр

Үйді сыпытқымен сыпырып, тазалап жатыр





















-Автомат кір жуатын машинамен кір жуған жеңіл.Өйткені автомат кір жуғыш машина өзі жуады,шайқап сығады және жартылай кептіріп береді


-Кептіру үшін жаямыз

-Үтіктейміз



Балалар үтік түрлерін көріп,бақылап, өзінің үйінде бар үтіктерді айтып,ойларымен бөліседі.






-Ойыншықтар, жиһаздар жасап жатқан және киім, аяқкиім тігіп жатқан адамдар





Балалар өткен сабақтарды естеріне түсіре отырып жауап береді

-Адамда еңбегінің нәтижесі

-Гүл өсіретін адамдар бар

-Нан пісіретін адамдар бар

-Сиыр сауатын адаидар бар

-Кәмпит жасайтын адамдар бар




Киімдерді ұқыпты киюіміз керек.

-Ойыншықтарды сындырмай ойнауымыз керек

-Тамақты жерге тастамай, жинап жүру керек.







Бірінші орталықтағы балалар өздеріне таныс бір заттың суретін салып, екінші орталықтағы балалар мүсіндеп өздерінің еңбегінің нәтижесі туралы әңгімелеп айтып береді.






Өлең мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды




Рефлекссиялық-түзетушілік

Тәрбиеші балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл-күйлерін,немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды.

Жиыннан алған әсерлерін айта отырып, немен айналысқандары, не білгендері, не үйренгендері және мүсіндеген заттары жайлы әңгімелеп айтады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі:Киім, аяқкиім, жиһаз, электротехникалық және тұрмыстық зататрдың, ойыншықтардың адам еңбегінің нәтижесінде келетіндігі туралы

Игереді: Киім,аяқкиім, жиһаздың жасалу жолдары, кір машина мен үтік түрлері туралы, кез-келген заттың адам еңбегінің нәтижесі екендігін

Меңгереді: Еңбектің нәтижесінде пайдалы және қажетті өнім алатынын, ересектердің еңбегін ойын әрекетінде қолдануды

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 қаңтар
568
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі