жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Адамдар жануарлардан не алады?
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
|
Сабақ: |
Мектеп:Тараз қаласы №42 орта мектеп |
||||
|
Күні:25.10.18ж |
|||||
|
Сынып:1 |
Пәні:Жаратылыстану |
|
|||
|
Ортақ тақырып: Менің мектебім |
Бөлім:Жануарлар |
Сабақтың тақырыбы: Адамдар жануарлардан не алады? |
|||
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары |
1.2.2.2 Жабайы жануарларды үй жануарларынан ажырату 1.1.1.1.Қоршаған әлем құбылыстары,үдерістері мен нысандарын зерттеудің қажеттілігін түсіндіру. |
||||
|
Сабақ мақсаты |
Барлық оқушы: жануарлардан өнім алынатынын түсіну. Көптеген оқушы: жануарлардан алатын өнім түрлерін ажырату. Кейбір оқушы: жануарларды зерттеу, пікірін білдіру,түсіндіру. |
||||
|
Бағалау критерийлері |
Жануарларды үй және жабайы жануарларына топтайды. Қоршаған ортаны зерттеудің маңыздылығын түсіндіреді. |
||||
|
Тілдік мақсат |
Жануардың негізгі сипаттарын атайды. |
||||
|
Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:тері,жүн,сүт,жұмыртқа,ет. Жұмыртқа-яйцо- egg, ет - мясо- meat, жүн-шерсть-wool , сүт –молоко-milk |
|||||
|
Сыныптағы диалог/жазылым үшін сай келетін тіл стилі:Ауызша және жазбаша. |
|||||
|
Талқылауға арналған сұрақтар: Үйде жануарды не үшін ұстайды? Қазір сенің үстіңде жануардың өнімінен алынған зат бар ма? |
|||||
|
Не себепті? Біз жануарлардан не аламыз? Өрмекшілер үй жануарларына жата ма? |
|||||
|
Ишара: қызыл түс – түсінбедім, сары түс – көмек керек, жасыл түс – тамаша |
|||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Топпен және жұппен жұмыс істеу барысында ынтымақтастық қалыптасады; Жануарларды күту барысында еңбекке және жауапкершілікке тәрбиелеу; |
||||
|
Пәнаралық байланыстар |
Дүниетанумен қоршаған ортадағы аңдарға,құстарға бақылау жүргізеді. Көркем еңбек пәнімен байланыстырғаным жануарлардан алған өнімдердің суретін бояйды. |
||||
|
АКТ |
Интербелсенді тақта,слайд. Дербес компьютер. Стикерлер. Смайликтер. Бағдаршам. Ақпаратты жұмыс жасау дағдылары қалыптасады. |
||||
|
Бастапқы оқу: |
Үй жануарларын таниды,ажыратады; |
||||
|
Жоспар |
|||||
|
Жоспарланған уақыт есебі |
Жоспарланған жаттығу түрлері (төмендегі жазбаларды сіз жоспарлаған жаттығу түрлерімен ауыстырыңыз) |
ресурстар |
|||
|
Басы |
Психологиялық дайындық Біз балдырған баламыз, Құстай қанат қағамыз. Дүниені аралап, Оқу, білім аламыз,- деп балалар бүгінгі сабағымызды жақсы көңіл күймен бастаймыз «Мозайка»әдісімен 3-топқа бөлемін. Үй жануарлары, жабайы жануарлар жасырылған қима-қағаздарды алып соған сәйкес 2 топқа бөлінеді «Миға шабуыл» әдісі арқылы жаңа сабақтың негізгі мағанасын ашады диологқа түсу дағдысы қалыптасады. - Үй және жабайы жануарлар несімен ұқсас? - Үй жануарлары мен жабайы жануарлар қайда мекендейді? - Үй және жабайы жануарлардың айырмашылығы неде? - Үй құстарынан қандай өнімдер аламыз? |
слайд Қима қағаздар Бейне таспа |
|||
|
Ортасы |
Ұжымдық жұмыс. Оқулықпен жұмыс. «Суреттер сөйлейді»әдісі бойынша оқулықта көрсетілген суреттер бойынша жұмыс жүреді.Суреттерге қарап сөйлем құрастыру. сурет
-Дүкендерге
азық-түлік қайдан әкелінеді? -Өнімдер қайдан алынады? -Адамдар
жануарлардан қандай азық –түлік
өндіреді? 1-тапсырма.Топтық жұмыс «Ойлан,жұптас,бөліс» әдісі арқылы бірлескен топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы топтарға тапсырмалар беріледі. 1-топ:Үй жануарларының төлдерін тап сәйкестендір. сәйкестендіру тапсырмаларын тексереді, оқушылар арасында әңгіме-дебат жүреді.
2-топ: «Венн диаграмма»стратегиясы тақырыпты талдау және өз ойларын ортаға салады. Үй жануары мен жабайы жануарларды салыстырады ортақ қасиеттерін табады.
Қасқыр, түлкі,аю,қоян, жолбарыс Сиыр,қой, жылқы,ешкі Жануар Дескриптор: Үй жануарларын төлдеріменсәйкестендіреді; Жабайы және үй жануарларын салыстырады ортақ қасиеттерін табады. Бағдаршам арқылы топ бірін- бірі бағалау Қызыл –түсінбедім Сары- сұрағым бар Жасыл- түсіндім «Балапандар биі» атты жаттығу жасау 2-тапсырма:Топпен жұмыс. Зерттеу дағдысын «Ой қозғау» әдісімен ұйымдастыру. Тапсырманы орындау үшін, бірлесіп орындалатын жұмыстарға әр топқа тапсырмалар ұсынамын. Топта талқылап тапсырманы орындайды. Бұл оқушыларда талдау және зерттеу дағдысын қалыптастырады. Зерттеу арқылы жануарлардан және үй құстарынан алынатын өнімдердің қажеттілігін түсінеді 1 –топ: Өмірде киім-кешекке өнімді және күнделікті азық-түлікті қайдан алады? 2- топ: Үй ішінде ұстайтын жануарларға қалай қамқорлық жасаймыз? Дескриптор: Жануарлардан алатын азық-түлікпен өнімдерді біледі; Жануарларға қамқорлық жасайды; Кері байланыс « Смайлкпен» бағалау
Үй жануарларынан азық-түлік өнімдерін алады. Терісі мен жүнінен киім-кешек тігіледі. 3-тапсырма.Жеке жұмыс.“Теріп алу” әдісі. (Дәптермен жұмыс) Жұмыс дәптердегі жануарлардан алынатын өнімдердің суретін теріп бояу. Білім алушылар оқу үдерісіне белсенді атсалысады. Танымдық белсенділігі артады. Өз беттерінше жұмыс жасау дағдылары қалыптасады. |
Слайдтан суреттер көрсетіледі Жүйелі жұмыс! Жарайсыңдар!
« «Жақсы» - «Қанағаттанарлық
Ширату жаттығу АКТ арқылы қимыл қозғалыс жасату
« «Жақсы» «Қанағаттанар-лық»
«Қолпаштау, мадақтау» арқылы оқушыларды қолдап отырамын. Өте тамаша! Бәрекелді! АКТ пайдалану 16-бет АКТ
|
|||
|
Соңы |
Сабақтың соңында «Нақты жауап айдары» әдісі арқылы бүгінгі сабақты сұрақтар қою арқылы арқылы тиянақтаймын. -Бүгінгі сабақта біз не туралы өттік? -Үй жануарлары мен жабайы жануарлардың өмір сүруінде қандай айырмашылық бар? -Жабайы жануарлардан қандай өнім аламыз? -Үй жануарларынан алатын өнімдерді атаңдар? -Адамға қажетті емдік сусындар? -Жұмыртқаны қайдан алады? -Қандай үй құстарын білесің? -Құстардан тағы не алынады? -Түйе сүті қалай аталады? Сабақ соңында оқушылардың нені білгенін, нені үйренгенін, әлі де не түсініксіз екенін, өзімнің қандай бағытта жұмыс жүргізуім керектігін білу мақсатында «Жарқыраған шамдар » әдісі арқылы кері байланыс аламын, оқушылардың қажеттіліктерін анықтаймын, келесі сабағымда ескеремін. Кері байланыс «Жарқыраған шамдар» әдісі Д: Жанбаған шамдар таратылады. Оқушылар меңгергеніне қарай бояйды.
|
|
|||
|
Қосымша мәліметтер |
|||||
|
Саралау-оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?Қабілетті оқушыға тапсырманықалай түрлендіресіз? Саралау тәсілдерін қолдауды үнемі қажет ететін оқушыларға «Тапсырма» әртүрлі деңгейлі тапсырмалар арқылы оқу мақсатына жеткіземін. Кестелермен жұмыс жасатамын Қабілеттері жоғары оқушылармен Дереккөздер тәсілін жиі қолданамын. Қосымша ізденуге баулимын. Зерттеу дағдысын қалыптасуына ықпалын тигізеді. |
Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүріп отырады. Тапсырманы қаншалықты дұрыс орындағанын біліп отырамын.Оқушылар өз жұмысына өзі баға береді, сонымен қатар сыныптастарын бағалау арқылы өзінің оқуын жетілдіреді және бағалау дағдыларды игереді.. Тапсырмаларды әртүрлі формада ұйымдастыру арқылы ҚБ жүзеге асырып отырамын.
|
Денсаулықжәне қауіпсіздік техникасының сақталуы Ширату жаттығуы, таза-ауаға шығу,дұрыс отыруын қадағалау және қарындаштарды дұрыс пайдалана білуін қадағалау. |
|
Рефлексия Сабақтың мақсаты мен оқу мақсаттары орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма ? (тапсырмалар сәйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге? |
Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
|
Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқыту мен оқуға қатысты) 1. 2. Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1. 2. Осы сабақтың барысында келесі сабағыма қажет болуы мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы қандай ақпарат білдім? 1. 2. |
|




Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген