400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Адамдар жануарлардан не алады?

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал 1 сыныпқа арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: жаратылыстан

2-бөлімі. Тірі табиғат: Жануарлар

Күні: 23.10.19

Сынып: 1-сынып

Мектеп: № 4 «ЖОББМ»КММ

Мұғалімнің аты –жөні: Сейтқазина Б.С


Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Адамдар жануарлардан не алады?

Оқу мақсаты:

1.2.2.4 жануарлардан қандай өнімдер алатынын біледі.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: жануарлар мен өсімдіктерді салыстыра алады

Көптеген оқушылар: жабайы және үй жануарларын ажыратады

Кейбір оқушылар: үй жануарларынан қандай өнімдер алынатынын және пайдасын айта алады.

Бағалау критерийлері

Жабайы, үй жануарларын ажыратады. Жануарлардан, өсімдіктерден қандай өнім алатынын біледі. Үй құстарынан алынатын өнімді анықтайды. Жануарларды зерттейді, бақылайды, салыстырады, шешім қабылдайды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: академиялық тілді пайдалана отырып, жануарлардың негізгі белгілерін тұжырымдап түсіндіреді. Тері, жүн, сүт, жұмыртқа, ет.

Құндылықтарды дарыту

Жануарларды қорғауға, оқушылардың бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, көркем еңбек, күнделікті өмірмен байланыс

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба-тыңдайды, естейді, қайталайды

Бастапқы білім

Кейбір жануарларды атай алады. Үй жануарларын күтуді біледі.

Сабақ барысы

Сабақ жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы


-Амандасу

-Түгендеу

1. Психалогикалық ахуал

-Сәлеметсің бе, табиғат! /тізе бүгіп , иіліп сәлем беру/

-Сәлеметсіңдер ме ормандар, өзен мен көлдер , теңіздер мен таулар!/Тұрып екі қолын бұлғалайды/

Сәлеметсіңдер ме құстар! /Қолдары екі жанында, құс сияқты қанат қағады/

Сәлеметсіңдер ме аңдар ! /Орындарында тұрып, аю сияқты жүреді,қоян сияқты секіреді/

2. Топқа бөлу мақсатында сабақ тақырыбын ашу. Оқушылар партадағы дайындалған қима қағаздарды алады. (үй жануарлары, жабайы жануарлар, құстар, өсімдіктер)









қима қағаздар




Сабақтың ортасы


(Ұ) Талқылауға арналған сұрақтар:

 Төрт түлік малга қай жануарлар жатады?
 Қандай үй жануарларын білесіңдер?
Адамға жануарлардың қандай пайдасы бар?
 Қандай жабайы жануарларды білесіңдер?
 Жабайы жануарлар қайда тіршілік етеді?

------------------------------------------

Не себепті ... деп ойлайсың
Жабайы жануарлар қалай қоректенеді?
Не себепті жабайы жануарлар дейміз?

3. №1 тапсырма

1 -топ: Үй жануарлардан қандай өнімдер алынады? (ет, сүт, жүн, тері)

2- топ: Жабайы жануарлардың қандай пайдасы бар? (тері)

3- топ: Құстардан не аламыз?(жұмыртқа, ет, жүн)

4-топ: Өсімдіктер нені тазартады? (ауаны)

ҚБ Ұжымдық бағалау «От шашу»


Жануарлар тірі табиғаттың негізгі бөлігі. Жануарлар екіге бөлінеді: Үй жануарлары және жабайы жануарлар. Жануардың табиғаттағы тіршілігі ерекше әрі қызықты.Олардың адам үшін пайдасы да өте зор. Жылқы, түйе, сиыр, қой, ешкі, ит, мысық, тауық адамның үйінің маңайында тіршілік етеді.Сол үшін үй жануарлары деп аталады.

Жабайы аңдар-табиғи жағдайда өз бетімен тамақ тауып, тіршілік ететін жануарлар. Жабайы жануарлардың түрлері өте көп.

4. «Дүкенге саяхат» ойыны арқылы жаңа сабақты меңгерту

Мақсаты: Сурет бойынша үй жануарларынан, өсімдіктерден алынатын өнімдерді, заттарды білу, айту

(МК) Үй жануарларынан, өсімдіктерден азық-түліктің қандай өнімдері алынады?

Терісі мен жүнінен қандай киім-кешек тігіледі?


Нәтижесі: Үй жануарларынан, өсімдіктен алынатын өнімдері мен тігілетін киім-кешекті айта алады

ҚБ Өзін-өзі бағалау «Бағдаршам»


4. (Ж) Диалог

1. Қандай үй құстарын білесің?

2.Жұмыртқаны қайдан алады?

3.Құстардан тағы не алынады?

4.Сен жұмыртқа қосылған тағамдарды ұнатасың ба?

ҚБ Жұптық бағалау «Бас бармақ» әр топ жұпты бағалайды


5. (Ө) «Адасқан жануарлар»

Мақсаты: Жануарлардың суреттерін қиып алып, тиісті бағанға желімдеу


Жабайы жануарлар

Үй жануарлары






Дескриптор:

- жабайы жануарларды анықтайды және сәйкес бағанға орналастырады;

- үй жануарларын анықтайды және сәйкес бағанға орналастырады.

Жеке бағалау «Мадақтау»

6. Саралау жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында

Күнделікті қолданылып жүрген азық-түлікпен және керекті киімдерді тиісті жануарлармен сәйкестендіреді

Топтастыру

Жануарлар мен құстардан алынатын өнімдерді топтастыр


Picture 20


Нәтижесі:

-азық-түліктерді, киімдерді жануарлармен сәйкестендіреді

-сусындарды ажыратады

7. Сергіту сәті

«Үй жануарларының хоры мен өсімдіктің биі»

1.Тек сүт беретін үй жануарлар әндетеді (мө-мө, бө- бө, мә-мә) – 1 топ

2.Жабайы жануарлар (қасқырлар) әндетеді (ұлиды) -2 топ

3.Әтештер әндетеді (ку-ка-ре-ку)- 3 топ

4.Өсімдіктер билейді, майысады- 4 топ


8. (Т) Зерттеу жұмысы

Мақсаты: Қажетті сөздерді пайдаланып, кестені толтыру. Жануардың тұратын мекенін, содан соң одан алынатын өнім түрін таңдап алу.

МК Кейбір сөздердің қайталануы мүмкін екенін айту

Үй жануарларының атауы

Тұратын мекені

Қандай өнім алынады?

жылқы



сиыр



тауық



қой



түйе



Қажетті сөздер:

Атқора күрке сүт

Мамық қойқора жүн

Қымыз сиырқора жұмыртқа

Ет түйеқора шұбат

Нәтижесі:

  • Үй жануарларын мекенің анықтайды

  • Үй жануарларын күтуі туралы әңгімелейді

ҚБ Топтық бағалау «Жұлдызша»



















Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы















суреттер топтамасы





















аудиожазба























Сабақтың соңы

9. Жинақтау «Сұрақты қағып ал» Жақсы, балалар.Сонымен  бүгінгі  сабағымызда  не  туралы

айттық?

 Біз осы сабақтан не үйрендік?
- Қандай жаңа мәліметтер алдық?
- Мені не таңғалдырды?

-Үй  жануарларын  атайықшы.

-Қандай  үй  құстарын  білесіңдер?

-Үй  құстары  мен  үй  жануарларының  пайдасы  бар  ма?

Сабақты  қорыта  келе  сендерге  айтарым,  үй, жабайы жануарлары мен  үй  құстарына және өсімдіктерге үнемі қамқор болып жүруіміз керек. Олар  үнемі  бізден қамқорлықты күтеді.


Рефлексия

«Сиқырлы сызғыш» білім алушылар жаңа сабақты меңгеру барысында өздерінің сабақта алған білімін нәтижесін сызғышта қай деңгейде екенін қанат белгісімен көрсетеді












Саралау

Үлестірме тапсырма жазу арқылы оқушының қабілетін ескере отырып ойлау дағдысын қалыптастыру:

-киімдерді, азық-түліктерді, жануарлармен сәйкестендіреді

-сусындарды ажыратады.

Үлгерімі төмен оқушыға қолдау көрсетемін

Бағалау

  • От шашу

  • Бағдаршам

  • Бас бармақ

  • Жұлдызша


Денсаулық және қауіпсіздік техникасын

ың сақталуы

Аудиожазба

сергіту сәті

Сабақ бойынша рефлексия

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз

туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені

білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30 желтоқсан
634
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі