жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Адамдар жануарлардан не алады?
|
Пәні: Жаратылыстану |
Мектеп: «Қабден Шыңғысов атындағы №5 жалпы орта білім беретін мектебі КММ» |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: |
Мұғалімнің аты-жөні :Жумабаева Ж.К |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Күні : 24.10.2018 ж |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
сынып: 1 «Ә» |
Қатысқандар саны: 25 Қатыспағандар саны: 0_____ |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ тақырыбы: |
Адамдар жануарлардан не алады? |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Оқу мақсаты |
1.2.2.2.Жабайы жануарларды үй жануарларынан ажыратуды үйрету. 1.1.2.1.Қоршаған әлемнің құбылыстарын, үдерістерін, нысандарын зерттеудің қажеттілігін түсіндіру. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың мақсаттары: |
Барлық оқушылар: Жануарлардан алынатын өнімдерді біледі. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Көптеген оқушылар:Үй жануарларының пайдасын біледі, олардан алынатын өнімдерді ажыратады. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Кейбір оқушылар: Алған білімдерін өмірде қолданады. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Бағалау критерийлері: Үй жануарларының пайдасын біледі.Үй жануарларынан алынатын өнім түрлерін ажыратады, олардың қолданылуын біледі. |
Дескриптор: Үй жануарларынан алынатын өнім түрлерін біледі, олардың адам үшін маңызын түсінеді. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Тілдік мақсаттар: |
Сүт, ет, тері |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Құндылықты дарыту: |
Ынтымақтастық,еңбек және шығармашылық. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Пәнаралық байланыс |
Әдебиеттік оқу, дүниетану, өнер. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Интербелсенді тақта, аудио жазба. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Бастапқы білім: |
Жануарлар.Жануарлардың түрлері. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ барысы: |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер |
Ресурстар |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың басы 7 минут |
Психологиялық ахуал «Шаттық шеңбері» - шеңбер бойымен тұрып,бір-біріне жақсы тілектер айту. Топқа бөлу: Мозаика әдісі (жануарлар түрлерін құрастыру арқылы). Топ басшысын сайлау. Бағалау парағын тарату:
8- 10 ұпай – допты түгел бояу. 6- 7 ұпай – доптың 3 бөлігін бояу. 3-5 ұпай – доптың жартысын бояу. 1-2 ұпай – доптың 1 бөлігін бояу. Сабақ «Ақты төкпе» деген тыйым сөзден басталады.
Аққа нелер жатады? Осы айтылғандарға қарап,бүгінгі сабағымыз не туралы болады деп ойлайсыңдар? деген сұрақтар арқылы жаңа сабақ тақырыбына жетелеймін. Өткен сабаққа шолу: «Сұрақты қағып ал!» әдісі: (Бұршақ салынған дорбаны оқушыға лақтырады, оқушы сұраққа жауап беруі тиіс.Жауап бере алмаса ,келесі оқушыға лақтырады. Әдіс осылайша жалғасады).
Сұрақтар:
Қалыптастырушы бағалау: Топ басшысының бағалауы(ұпай саны арқылы: Әрбір дұрыс жауапқа - 1 ұпай). Мұғалімнің бағалауы(мадақтау сөздер арқылы).
Сергіту сәті: «Қошақаным» әніне би қимылдарын жасау. |
Түйе, жылқы, сиыр.
Бағалау парағы: Алтын ереже Тыйым сөз жазылған плакат
Бұршақ салынған дорба
Бағалау парағы
«Қошақаным»әні |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы
30 минут
Сабақтың соңы 2 минут
|
1 тапсырма: Топтық жұмыс (сурет арқылы). Топтық жұмыс мақсаты: Оқу процесін белсендіру.Оқуға деген уәжді қалыптастыру, оқу-танымдық міндеттерді шешу. Бірігіп еңбек ету және жолдастық өзара көмек көрсету, жағымды эмоциялық ахуал тудыру, білімге деген құмарлықты дамыту.
Постер қорғау Бағалау критерийлері: Үй жануарларының пайдасын біледі.
1 топ: Төрт түліктің пайдасы. Дескриптор: Төрт түлік малдың пайдасын біледі – 1 ұпай. Олардан алынатын өнімдерді ажыратады -2 ұпай. Өнімдердің адам үшін маңызын біледі –3 ұпай.
2 топ: Үйде ұстайтын жануарлардың пайдасы. Дескриптор: Үйде ұстайтын жануарларды(ит,мысық, тоты құс, аквариумдағы балық) біледі – 1 ұпай. Олардың пайдасын әңгімелейді – 2 ұпай.Жануарларға қамқорлық жасау туралы біледі –3 ұпай.
3 топ: Үй құстарының пайдасы. Дескриптор: Үй құстарының атауларын біледі – 1 ұпай. Олардан алынатын өнімдерді біледі – 2 ұпай. Өнімдердің адам үшін маңызын түсінеді – 3 ұпай.
Қалыптастырушы бағалау: Топ басшысының бағалауы (ұпай саны арқылы). Топтың бірін-бірі бағалауы («Басбармақ» арқылы).
2 тапсырма: Жұптық жұмыс Жұптық мақсаты: Оқушының ұжымда бірлесіп жұмыс жасауына мүмкіндік беру, соның негізінде көшбасшылық қасиетін дамыту, оқушының өзіне сенімді болуына, білімінің артуына, әрі тиянақтылыққа, танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуына, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ету.
1топ: Кэрролл диаграммасы
Дескрипторлар: Үй жануарларының өнімдерін біледі – 1 ұпай. Кейбір өнімдерден жасалатын бұйымдарды біледі– 2 ұпай.
2 топ: «Жалғастыр» әдісі (сурет бойынша әңгімелеу)
Дескрипторлар: Суреттегі зат атауларын біледі – 1 ұпай. Сурет бойынша әңгімелейді – 2 ұпай.
3 топ: «Екі жақты күнделік» әдісі (Үйде ұстайтын жануарларға қатысты сурет жапсыру)
Дескрипторлар: Үйде ұстайтын жануарларды біледі – 1 ұпай. Оларға қатысты суреттерді ажыратады – 2 ұпай.
Қалыптастырушы бағалау: Топ басшысының бағалауы (бағалау парағы арқылы). Топтың бірін-бірі бағалауы («Отшашу» арқылы).
Қорытынды: «Қазына іздеу» әдісі
Білім- қазына
Бір-бірінің сұрақтарына жауап беру: (Топтар бір-біріне сұрақтар қояды, берілген уақыт ішінде топ мүшелері сұрақтарға жауап жазады. Жауаптарын білім- қазынаға орналастырады.Әрбір дұрыс жауап үшін – 1 ұпай).
Қортынды баға: Топ басшысының бағалауы(ұпай санының қорытындысы)
Өзін-өзі бағалау( доп бөлігін бояу арқылы).
Мұғалімнің бағалауы (мадақтау).
Кері байланыс
Балалар, бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? Тақтада алақан суреттері. Бүгінгі сабақта «Мен бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын, менің көңіл күйім тамаша» - деген оқушылар жайылып тұрған алақанға стикер жапсырады.
Бүгінгі сабақта «Көңіл-күйім жақсы, сыныптастарымның көмегімен тапсырманы орындадым» -деген оқушылар жартылай ашық алақанға стикер жапсырады.
Бүгінгі сабақта «Мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл-күйім жоқ» - деген оқушылар жұмылған алақанға стикер жапсырады.
|
Плакат, маркерлер
Бағалау парағы
Кесте
Жануарлар мен оларға қатысты заттар суреттері
Бағалау парағы
Бағалау парағы
Алақан суреттері, стикерлер
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Саралау- оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюдыжоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабылеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады. |
Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз.
|
Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||






Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген