Материалдар / Адамдар жануарлардан не алады? 3 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Адамдар жануарлардан не алады? 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Адамдар жануарлардан не алады? 3 сынып
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Наурыз 2019
273
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1












Қалыптастырушы бағалауға арналған
тапсырмалар жинағы

ДҮНИЕТАНУ

1-сынып


Page 2

Құрметті мұғалім!
Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге
көмек құралы ретінде құрастырылды. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі.
Бағалау критерийі мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды
өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу
мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып
табылады.
Жинақтың ұсынылған сипаты сізге білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін
есепке ала отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге, бейімдеуіңізге
мүмкіндік береді.
Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.),
форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері»
ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.
Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
Ж
инақ бастауыш мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша
өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио
материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық
емес мақсатта құрастырылған.
2


Page 3

Мазмұны
1-тоқсан ............................................................................................................................................... 4
Ортақ тақырып: «Өзім туралы» .................................................................................................... 4
Ортақ тақырып: «Менің мектебім» .............................................................................................. 8
2-тоқсан ............................................................................................................................................. 13
Ортақ тақырып: «Менің отбасым және достарым» ................................................................. 13
Ортақ тақырып: «Бізді қоршаған орта» ..................................................................................... 18
3-тоқсан ............................................................................................................................................. 23
Ортақ тақырып: «Саяхат» ........................................................................................................... 23
Ортақ тақырып: Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті ................................................................... 28
4-тоқсан ............................................................................................................................................. 34
Ортақ тақырып: «Тағам және сусындар» ................................................................................. 34
Ортақ тақырып: «Дені саудың – жаны сау» .............................................................................. 40






3


Page 4

1-тоқсан

Ортақ тақырып: «Өзім туралы»

Бөлімше 1.2. «Мектеп және мектеп қоғамдастығы »

Оқу мақсаты


1.1.2.6. Өзін мектеп оқушысы және сынып ұжымының
мүшесі ретінде сипаттау

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Оқушыға тән ерекшеліктерді атайды
• Сынып ұжымы туралы әңгімелейді

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма

Суреттерге мұқият қара. Сұрақтарға сүйеніп, әңгімеле.
• Балалар қайда келді?
• Енді оларды кім деп атайды?
• Оқушы қандай болуы керек?



Өзіңнің мектепке барған күнің туралы әңгімеле.
• Сені кім қарсы алды?
• Мектепте өзіңді қалай сезіндің?
• Сыныпта тағы кімдер бар?
• Кімдермен достастың?
• Сыныптастарыңмен бірге қандай іс-әрекеттер жасадың дар?

Дескриптор Білім алушы
- сұрақтардың негізінде оқушы және сынып ұжымы туралы
әңгімелейді.



4


Page 5


Бөлімше 1.1. «Мен және менің отбасым»

Оқу мақсаты


1.1.1.5. Тұтыну заттарына деген өз қажеттіліктерінің
құрылымын, олардың түсу көзін анықтау

Бағалау критерийі Білім алушы
• Өзіне қажетті тұтыну заттарын және алыну
көздерін анықтайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Саған қандай оқу құралдары қажет? Оларды сөмкемен байланыстырып сыз.



• Бұл заттар саған не үшін керек?
• Оларды қайдан аласың?
• Сен мектепке қалай дайындалдың? Жұпта әңгімеле.


Дескриптор Білім алушы
- оқушыға қажетті құралдарды анықтайды;
- мектеп құралдарының қажеттілігі туралы айтады;
-тұтыну заттарының алыну көздері туралы айтады;
- өзінің мектепке дайындығы туралы әңгімелейді.







5


Page 6

Бөлімше 1.1. «Мен және менің отбасым»

Оқу мақсаты


1.1.2.4. Күн тәртібін сақтау маңызын түсіндіру және күн
тәртібін құру

Бағалау критерийі


Білім алушы
• Күн тәртібін сақтаудың қажеттілігі туралы әңгімелейді
• Өзінің күн тәртібін құрастырады

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Оқушының күн тәртібінің ретін цифрлармен жазып көрсет. Күн тәртібін не үшін сақтау
қажет? Жұпта талқыла және түсіндір.



• Өзіңнің күн тәртібің туралы әңгімеле.

Дескриптор Білім алушы
- күн тәртібінің ретін анықтайды;
- күн тәртібін сақтаудың маңыздылығын түсіндіреді;
- өз күн тәртібін әңгімелейді.

6


Page 7


Оқу мақсаты

Бөлімше 1.1. «Мен және менің отбасым»

1.1.2.5.Т әулік уақыты мен апта күндерінің атауларын
қолдану

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Тәулік бөліктері мен апта күндерін ажыратады

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану
1-тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Тәуліктің қай бөліктері бейнеленген? Олардың атауын жаз.

• Тәуліктің әр бөлігінде немен айналысатының туралы әңгімеле.


Дескриптор Білім алушы
- тәулік бөліктерін анықтайды және атауын жазады;
- тәуліктің әр бөлігіндегі әрекеттері туралы әңгімелейді
2-тапсырма
Бір аптада неше күн бар? Апта күндерінің ретін анықтап, цифрлармен жаз. Бос орынға соңғы күннің атауын жаз.



Дескриптор Білім алушы
- бір аптадағы күн санын анықтайды;
- апта күндерінің ретін анықтап, жазады;
- аптаның соңғы күнінің атауын жазады.



7


Page 8

Ортақ тақырып: «Менің мектебім»

Бөлімше 1.2. «Мектеп және мектеп қоғамдастығы»

Оқу мақсаты 1.1.2.1.Мектептің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру

Бағалау критерийі Білім алушы
• Мектептің адам өміріндегі рөлін сипаттайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану

Тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Олардың бір- бірімен қандай байланысы бар?



• Оқушылар мектепке не үшін барады?

Өлеңді мұқият тыңда. Ойыңмен бөліс.









• «Тарыдай болып кіресің, таудай болып шығасың!» деген жолдарды қалай
түсінесің?

Дескриптор Білім алушы
- суреттердің байланысын анықтайды;
- адам өміріндегі мектептің рөлі туралы әңгімелейді.






Мектебің мынау класың,
Осында он жыл тұрасың.
Тарыдай болып кіресің,
Таудай болып шығасың!

(М.Мақатаев)
8


Page 9

Бөлімше 1.2. «Мектеп және мектеп қоғамдастығы»

Оқу мақсаты 1.1.4.4. Жолда жүру тәртібін, жаяу жүргіншілердің
қозғалысын реттейтін жол белгілерінің мәнін
түсіндіру

Бағалау критерийі


Білім алушы
• Жол белгілерін таниды және мағынасын түсіндіреді
• Жолда жүру тәртібін сипаттайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану
1-тапсырма
Суретке қара. Жұпта талқыла.
• Бұл қандай белгілер?
• Олар не үшін қажет?
• Жол белгілері жоқ орындардан қалай өту керек?


Дескриптор Білім алушы
- жол белгілерінің мағынасын сипаттайды;
- жол белгілері болмаған жағдайдағы ережелер туралы ой
бөліседі.
2-тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Қай суретте жол ережесі сақталмаған? Белгіле ().



• Ол қандай ережені бұзды? Бұл әрекет қандай қауіп туғызады?
• Басқа суреттер бойынша қандай ережелер айта аласың?

Дескриптор Білім алушы
- жол ережесі сақталмаған суретті анықтайды және туындайтын қауіп
туралы әңгімелейді;
- берілген суреттерге қатысты жол ережелерін айтады.

9


Page 10

Бөлімше 1.2. «Мектеп және мектеп қоғамдастығы»

Оқу мақсаты 1.1.2.2.Мектептегі функционалдық аймақтардың орналасқан
жерін анықтау

Бағалау критерийі Білім алушы
• Мектептегі функционалдық аймақтарды атайды және
орнын анықтайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану
1-тапсырма
Суретке мұқият қара. Суретте қандай бөлмелер бейнеленген? Оларды ата.



• Бұл бөлмелер не үшін керек?
• Сенің мектебіңде бұл орындар қай жерде орналасқан? Әңгімеле.


Дескриптор

Білім алушы
- сурет бойынша мектептегі арнайы аймақтарды атайды;
- мектептегі арнайы аймақтардың қызметі туралы айтады;
- өз мектебіндегі арнайы аймақтардың орнын анықтайды.











10


Page 11

2-тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Мектепте бұл бөлмелерді қалай атайды? Суреттерді атауымен
сәйкестендір.
•Сенің мектебіңде бұл бөлмелер қай жерде орналасқан?
•Мектепте тағы қандай арнайы орындар бар?
Дескриптор Білім алушы
- мектептегі арнайы аймақтарды атауымен сәйкестендіреді;
- өз мектебіндегі арнайы аймақтардың орнын сипаттайды.
асхана спорт зал дәр
ігер бөлмесі
сынып бөлмесі
11


Page 12

Бөлімше 1.2. «Мектеп және мектеп қоғамдастығы»
Оқу мақсаты 1.1.2.3. М ектептегі тәртіп ережелерін сақтау маңыздылығын
түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
•Мектептегі тәртіп ережелерін атайды
•Тәртіп ережелерін сақтау маңыздылығы туралы
әңгімелейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Қай әрекеті дұрыс емес деп санайсың ? Неліктен?
•Мектепте қандай ережелерді сақтау керек?
•Ереже сақтамаған жағдайда не болуы мүмкін?
Дескриптор Білім алушы
- сурет бойынша жағымды/жағымсыз әрекеттерді ажыратады;
- мектеп ережесі туралы ой бөліседі.
12


Page 13

2-тоқсан
Ортақ тақырып: «Менің отбасым және достарым»
Бөлімше 1.1. «Мен және менің отбасым»
Оқу мақсаты 1.1.1.1. Түрлі дереккөздерді зерттей отырып, «отбасы»
ұғымын түсіну және мәнін түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
•«Отбасы» ұғымының мағынасын түсіндіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Суретке мұқият қара. Бұл адамдарды не біріктіреді? «Отбасы» дегенді қалай түсінесің?
•Өз отбасың туралы әңгімеле. Суретін сал.
Дескриптор Білім алушы
- «отбасы» ұғымына түсінік береді;
- өз отбасы туралы әңгімелейді.
13


Page 14

Бөлімше 1.1. «Мен және менің отбасым»
Оқу мақсаты 1.1.1.2. Отбасындағы өзге мүшелерге қатысты өзінің
туыстық байланыстар жүйесіндегі орнын анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
•Отбасы мүшелеріне қатысты туыстық атауларды
ажыратады
•Туыстық қатынастарда өз орнын анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Сызбаға мұқият қара. Сұрақтардың көмегімен өзіңе қатысты туыстық атауларды
анықтап, жаз.
•Әкеңнің әкесі саған кім бо
лады?
•Анаңның анасы саған кім болады?
•Оларға сен кім боласың?
Дескриптор Білім алушы
- туыстық атауларды дұрыс анықтайды.
14


Page 15

Бөлімше 1.1. «Мен және менің отбасым»
Оқу мақсаты 1.1.6.1.Отбасылық мерекелердің бірін сипаттау
Бағалау критерийі Білім алушы
•Отбасылық мерекелерді атайды
•Отбасындағы мерекелерді өткізу рәсімін
әңгімелейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Суретте қандай мереке бейнеленген? Сенің отбасыңда бұл мереке қалай тойланады?
Әңгімеле.
•Сенің отбасыңда қандай мерекелер болады?
•Саған отбасыңдағы қандай мереке ерекше ұнайды?
Дескриптор Білім алушы
- суретте бейнеленген мереке түрін анықтайды;
- отбасында туған күн мерекесін өткізу рәсімін сипаттайды;
- отбасылық мерекелерді атайды және әңгімелейді.
15


Page 16

Бөлімше 1.1. «Мен және менің отбасым»

Оқу мақсаты 1.1.1.3. Отбасы мүшелерінің арасындағы өзара
қамқорлықтың маңызын түсіндіріп, мысал келтіру

Бағалау критерийі Білім алушы
• Отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынасқа
мысал келтіреді

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану

Тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Кім кімге көмектесіп жатыр? Олардың бір-біріне қалай
көмектесіп жатқаны туралы әңгімеле.

• Сенің отбасыңда бір-біріңе қалай көмектесесіңдер? Мысал келтір.

Дескриптор Білім алушы
- сурет бойынша ой бөліседі;
- өз отбасындағы қарым-қатынасқа мысал келтіре отырып,
әңгімелейді.









16


Page 17

Бөлімше 1.3. «Менің атамекенім»

Оқу мақсаты

1.1.3.1. Ө з мекенжайын атау және елді мекенінің
географиялық орналасқан жерін сипаттау

Бағалау критерийі Білім алушы
• Өз мекенжайын атайды
• Тұрғылықты жерінің географиялық орнын сипаттайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану
1-тапсырма
Конверттің сыртына өз мекенжайыңды толтыр .



Дескриптор

Білім алушы
- өз мекенжайын жазып көрсетеді.

2-тапсырма

Жұптық жұмыс
Ал ыстағы/ шетелдегі досыңмен скайп арқылы сөйлесуді сахналап көрсетіңдер.
Оған өз елің, оның тұрған орны туралы не айтар едің?



Дескриптор

Білім алушы
- өз елінің, мемлекетінің, қала/ауылының атауын айтады;
- өзінің тұрғылықты жерінің орны, ерекшелігі туралы әңгімелейді.


17


Page 18

Ортақ тақырып: «Бізді қоршаған орта»
Бөлімше 2.1. «Жергілікті жерде бағдарлану»
Оқу мақсаты 1.2.1.1.Жергілікті белгілер бойынша көкжиек тұстарын
анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
•Көкжиектің тұстарын жергілікті белгілерге сүйеніп
анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
1- тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Жергілікті белгілер бойынша көкжиектің бағытын анықта.
Бос торкөзге көкжиек бағытының бастапқы әрпін жаз.
Дескриптор Білім алушы
- жергілікті белгілерге сүйеніп, көкжиектің бағытын анықтайды.
2-тапсырма
Көкжиек бағыттарын Күнге қарап анықтап тұрған балаға көмектес. Көкжиек
бағыттарын әріппен белгіле.
Дескриптор Білім алушы
- сурет бойынша көкжиектің бағыттарын анықтайды және белгілейді.
18


Page 19

Бөлімше 1.3. «Менің атамекенім»

Оқу мақсаты 1.1.3.1. Өз мекенжайын атау және елді мекенінің
географиялық орналасқан жерін сипаттау

Бағалау критерийі Білім алушы
• Өзінің мекенжайын атайды
• Тұрғылықты жерінің географиялық орнын сипаттайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Жұптық жұмыс
Суретте бейнеленген елді мекендердің атауын жаз.




Сұрақтарға жауап бере отырып, досыңа өзің тұратын жер туралы әңгімелеп бер.
• Сен қай қалада/ауылда тұрасың?
• Мекенжайың қандай?
• Сен тұратын қала/ауыл қай облысқа жатады?
• Ол Қазақстанның қай бөлігінде орналасқан?

Дескриптор - суреттегі елді мекендердің атауын жазады;
- өз мекенжайын атайды;
- тұрғылықты жерінің географиялық орнын сипаттайды.


19


Page 20

Бөлімше 1.3. «Менің атамекенім»

Оқу мақсаты 1.1.3.2. Өзі тұратын елді мекеннің басты көшесін,
ғимараттарын және көрнекі жерлерін сипаттау

Бағалау критерийі Білім алушы
• Тұрғылықты жерінің көрікті жерлері туралы
әңгімелейді

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану

Тапсырма
Ұзақ мерзімді жұмыс
Өзің тұратын елді мекеннің көрікті жерлеріне зерттеу жаса.

Ол үшін:
• Зерттеу нысанын белгілеп ал. (*Ол көше, ғимарат, ерекше жерлер болуы мүмкін)
• Үлкендерден сұрай отырып, оның атауы/тарихы туралы ақпарат жинақта.
• Жинаған ақпараттарыңа қатысты суреттер сал немесе кесте жаса.
• Топта әңгімелеп бер.

Дескриптор Білім алушы
- зерттеу нысанын таңдайды;
- зерттеу нысаны бойынша қажетті ақпарат жинайды;
- зерттеу нысаны туралы әңгімелейді.



20


Page 21


Бөлімше 2.2. «Климат және ауа райы»

Оқу мақсаты

1.2.2.1.Ауа райының адамға және оның іс-әрекетіне әсерін
анықтау

Бағалау критерийі Білім алушы
• Ауа райының әсері туралы әңгімелейді

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану

Тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Адамдарға ауа райы қалай әсер етеді? Әңгімеле.




• Адамдар ауа райына қатысты қандай әрекеттер жасайды?


Дескриптор Білім алушы
-ауа райының адамның көңіл күйіне тигізетін әсері туралы айтады;
- адамдардың ауа райына қатысты іс-әрекетін сипаттайды.
























21


Page 22

Бөлімше 2.2. «Климат және ауа райы»

Оқу мақсаты



1.2.3.1.Жыл мезгілдеріне орай табиғатта бос уақытты өткізу
мүмкіндіктерін анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жыл мезгілдерін ажыратады
• Бос уақытын жыл мезгілдеріне қарай қалай өткізетіні
туралы әңгімелейді

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Жыл мезгілдерін ата. Жылдың әр мезгілінде бос уақытыңды қалай өткізесің? Әңгімеле.



Дескриптор

Білім алушы
- жыл мезгілдерін атайды;
- жылдың әр мезгіліндегі бос уақытын өткізу мүмкіндіктері туралы
әңгімелейді.















22


Page 23

3-тоқсан
Ортақ тақырып: «Саяхат»

Бөлімше 3.1. «Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер
Оқу мақсаты 1.3.1.1. Көрнекі материалдарды зерделеу арқылы ежелгі
адамдардың өмірі туралы әңгімелеу

Бағалау критерийі Білім алушы
• Суреттерге сүйеніп ежелгі адамдардың өмірін
сипаттайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Сұрақтарға сүйене отырып, ежелгі адамдардың өмірі туралы
әңгімеле.
• Алғашқы адамдар нені паналаған?
• Алғашқы адамдар немен тамақтанған?
• Тамақ табу үшін қандай іс-әрекеттер жасаған?


Дескриптор Білім алушы
- сұрақтардың негізінде ежелгі адамдардың өмірі туралы
әңгімелейді.




















23


Page 24

Бөлімше 3.2. «Қазақстанның тарихи тамырлары»
Оқу мақсаты 1.3.2.1 Көрнекі материалдар негізінде сақтардың өмір
салтын сипаттау

Бағалау критерийі Білім алушы
• Сурет бойынша сақтардың тіршілігін әңгімелейді

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану
1-тапсырма
Сақтар туралы не білесің? Сақтар күнделікті өмірінде немен айналысқан? Суретке
сүйеніп әңгімеле.



Дескриптор Білім алушы
- сақтар туралы ой бөліседі;
- сурет бойынша сақтардың тіршілігі туралы әңгімелейді.
2-тапсырма
Суреттер мен сұрақтардың негізінде сақтардың қолөнері туралы мәтін құрап айт.



• Сақтар қандай зергерлік бұйымдар жасаған?
• Зергерлік бұйымдарда нелер бейнеленген?
• Зергерлік бұйымдар неден жасалған?

Дескриптор Білім алушы
- зергерлік бұйымдарды сипаттайды;
- суреттер бойынша сақтардың қолөнері туралы әңгімелейді.

24


Page 25

Бөлімше 3.2. «Қазақстанның тарихи тамырлары»
Оқу мақсаты 1.3.4.1 Дереккөздерді зерделеу арқылы Томирис туралы
әңгімелеу

Бағалау критерийі Білім алушы
• Деректерге сүйеніп, Томирис туралы әңгімелейді

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Томирис туралы мультфильмдерді көр.
(http://vk.com/video128909388_171665492 (3.15-4.20 минут аралығын)/
https://kaztube.kz/video/91945)
Сұрақтарға жауап бер.



Дескриптор Білім алушы
- көрген материалдың негізінде сұрақтарға жауап береді.























25


Page 26

Бөлімше 2.4. «Туризм»

Оқу мақсаты


1.2.4.1 Туризмнің мәнін түсіндіру
Бағалау критерийі

Білім алушы
• «Туризм» ұғымының мағынасын түсіндіреді

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Саяхат деген не? Суреттерге сүйеніп әңгімеле.

• Сен саяхатқа шықтың ба? Қайда бардың? Не көрдің? Өзіңнің саяхатың туралы
әңгімеле.
Дескриптор

Білім алушы
- «саяхат» ұғымы туралы ой қорытады;
- өзінің жасаған саяхаты туралы әңгімелейді.



26


Page 27



Бөлімше 2.4. «Туризм»
Оқу мақсаты

1.2.4.2 Туристердің негізгі мақсаттарын анықтау
Бағалау критерийі

Білім алушы
• Туристің негізгі мақсаттарын атайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Адамдар не үшін саяхаттайды? Суреттерді сөйлемдермен сәйкестендір.









• Сен саяхатқа қандай мақсатпен және қайда бардың? Өз саяхатың туралы әңгімеле.

Дескриптор

Білім алушы
- туристердің негізгі мақсаттарын анықтайды;
- өз саяхатының мақсатын айқындап, әңгімелейді.
Қоршаған ортамен
танысады
Спортпен
айналысады
Тарихпен
танысады
Мәдениетпен
танысады
27


Page 28


Ортақ тақырып: Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті
Бөлімше 3.5. «Қазақстан тарихы: тәуелсіздік, мемлекеттілік және патриотизм»

Оқу мақсаты 1.3.5.3 Қазақстан астанасы туралы шығармашылық
жұмыстарын таныстыру

Бағалау критерийі Білім алушы
• Қазақстан елордасына арналған шығармашылық
жұмыстарын ұсынады

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Ұзақ мерзімді жұмыс
Астана қаласы туралы суретті кітапша дайында.

Ол үшін:
• Астана қаласында түскен фотоларыңды немесе газет/журналдан Астананың көрікті
жерлерінің суреттерін таңдап ал.
• Кітапшаның әр бетіне желімде. Көрікті жерлердің атауын жаз.
• Кітаптың мұқабасын безендір.
• Кітапшаңды көрсете отырып, Астана қаласы туралы әңгімелеп бер.


Дескриптор

Білім алушы
- Астана туралы материалдар мен ақпараттар жинақтайды;
- Астана қаласы туралы кітапша жасайды;
- шығармашылық жұмысын таныстырады.

































28


Page 29

Бөлімше 3.5. «Қазақстан тарихы: тәуелсіздік, мемлекеттілік және патриотизм»

Оқу мақсаты



1.3.5.2 Тәуелсіз мемлекеттің негізгі белгілері туралы
әңгімелеу
Бағалау критерийі


Білім алушы
• Мемлекеттің тәуелсіздігін бейнелейтін негізгі
белгілерін атайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану
1-тапсырма
Суреттегі еліміздің тәуелсіздігін білдіретін белгілерді ата. Еліміздің тәуелсіздігін
білдіретін тағы қандай белгілер бар? Бос орынға суретін сал.




Дескриптор Білім алушы
- еліміздің тәуелсіздігін білдіретін белгілерді атайды;
- Қазақстанның тәуелсіздігін бейнелейтін сурет салады.
2-тапсырма
Суреттегі бейнелерге мұқият қара. Сұрақтарға жауап бер.



1) Бұл бейнелер еліміздің қай рәмізінде кездеседі?
2) Ою-өрнек нені білдіреді?
3) Күннің бейнесі нені білдіреді?
4) Қыран бүркіт нені білдіреді?
• Берілген бейнелерді қиып алып, Қазақстанның мемлекеттік Туын құрастыр.

Дескриптор Білім алушы
- сұрақтарға жауап береді.
- жеке бейнелерден Қазақстанның Туын құрастырады.






29


Page 30

Бөлімше 3.5. «Қазақстан тарихы: тәуелсіздік, мемлекеттілік және патриотизм»
Оқу мақсаты 1.3.5.1 Қазақстан Республикасының рәміздерін өзге
елдердің рәміздерінен ажырату
Білу және түсіну
Қолдану
Бағалау критерийі
Ойл
ау дағдыларының
деңгейі
Тапсырма
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туын белгіле (). Оны сипаттап айт.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасын белгіле (). Елтаңбада
бейнеленген элементтерді ата.
Дескриптор Білім алушы
- ҚР мемлекеттік Туын анықтайды және сипаттайды;
- ҚР мемлекеттік елтаңбасын анықтайды және элементтерін
атайды.
30
Білім алушы
•Қазақстан Республикасының рәміздерін таниды
және сипаттайды


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!