400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Адамдар не үшін еңбек етеді?

Материал туралы қысқаша түсінік
Адамдар не үшін еңбек етеді?
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп: ____________

Мұғалімнің аты-жөні:


Сынып:

Пән: Дүниетану №4 сабақ

Ортақ тақырып: 2. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Бөлімше: 3.5 Қазақстан тарихы: тәуелсіздік, мемлекеттілік және отансүйгіштік.

Күні: __________

Қатысқандар саны: ______________

Қатыспағандар саны: _________________

Тақырып:

Адамдар не үшін еңбек етеді?

Оқыту мақсаты


3.3.5.2 жеке тұлғаның, отбасының, қоғамның және мемлекеттің дамуындағы еңбектің рөлін түсіндіру

Сабақтың мақсаттары

(Күтілетін нәтижелер)


Барлық оқушылар:

еңбектің не екенін біледі;

адамның дамуына еңбектің тигізетін әсерін біледі.

Көптеген оқушылар:

жеке тұлғаның, отбасының дамуындағы еңбектің рөлін түсіндіреді.

Кейбір оқушылар:

Қоғамның, мемлекеттің дамуындағы еңбектің рөлін түсіндіреді.

Тілдік мақсат


Оқушылар:

жауапты нақтылау үшін өмірден мысалдар келтіреді; оқулықтағы мәтіннен алған ақпараттарды қолданады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Еңбек, қажеттіліктерді қамтамасыз ету, физикалық еңбек, ақыл-ой еңбегі

Диалогке/жазылымға қажетті тіркестер

Еңбек арқылы адам дамиды. Еңбек арқылы адам өз қажеттіліктерін өтейді.


Талқыланатын мәселелер:

Еңбек дегеніміз не? Адам не үшін еңбек етеді?

Адамның қандай қажеттіліктері бар? Еңбектің арқасында осы қажеттіліктерді қалай қамтамасыз етуге болады? Адамның, отбасының, қоғамның, мемлекеттің дамуына еңбектің тигізер әсері қандай?

Алдыңғы білімдер

Балалардың еңбек туралы, көп адамдардың еңбектенетіні жайлы, сонымен қатар, еңбек адамды дамытатыны жайлы білімдері (2-сыныптың материалдарынан).

Сабақ жоспары

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Қозғау салу 7 мин.

Уәждеме. Стартер.

Сәлеметсің бе, Күн!

Сәлеметсің бе, әлем!

Сәлеметсіз бе, мұғалім!

Біз бүгін сыныпқа келдік,

Біздің білім алғымыз келеді.

Кім көп еңбектенсе,

Кім әрдайым көп білуге тырысса,

Сол оқушының өмірде

Жолы болар әрқашан.


Бүгін біз жаңа бөлімді оқуды бастаймыз. Ол қалай аталады екен, оқыңдаршы. «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»

Қосалқы алғы бетті қарап шығыңдар. Бұл бөлімде қандай тақырыптарды сөз ететін боламыз?


1. Сабақтың тақырыбын анықтау.

Жұмбақты тыңдаңдар. Жұмбақтың жауабы сабағымыздың тақырыбын анықтауға көмектеседі.

Ертелі-кеш бақшаны

Қазады әкем күрекпен.

Дейді ол жұмысты көршілер

Ел көгерер ... (еңбекпен).

Бүгін біз сабақта адамдар не үшін еңбектенетінін айтатын боламыз.


Ұғыну 30 мин

1. (К) Сабақтың тақырыбы бойынша жұмыс. Мұғалім-оқушы диалогі

Балалар, кластерді толтыруды ұсынамын. Адамдар не үшін еңбектенеді?

(оқушылар өз ойларын айтады, мұғалім тақтаға бекітілген қағаздарға жазады)



2. (И) Оқулықтағы мәтінмен жұмыс. Оқудың коммуникативтік дағдыларын дамыту.

Мәтіннің бірінші бөлігін оқыңдар. Сұрақтарға жауап беріңдер. Өз ойларыңды өмірден мысалдар келтіре отырып, дәлелдеңдер.


(П) Сөйлеудің, тыңдаудың коммуникативтік дағдыларын дамыту

Екіден отырып, «Ойланамыз», «Талқылаймыз», «Дәлелдеуді үйренеміз» айдарларындағы тапсырмаларды орындаңдар.

Тапсырма орындалған соң:

Адамның дамуы үшін еңбек қажет екенін дәлелдеңдер.

Еңбек құралдары, еңбектің әдістері қалай өзгергеніне мысалдар келтіріңдер.

Отбасы үшін еңбектің маңызды екенін дәлелдеңдер.

Қоғам мен мемлекет еңбексіз еш дамымайтынын дәлелдеңдер.


3. Сергіту сәті

Ендi бiз демаламыз,

Айналаны шоламыз.

Қол-аяқты кезекпен,

Оңға-солға созамыз.

Күн шыққанда сүйiнiп,

Бәйшешектей иiлiп,

Бiз тынығып аламыз.

Жиi-жиi жаттығып,

Үлкен кiсi боламыз.

                               / Б.Бөрiбаев/


4. (К) Жіктеу. Мұғалім-оқушы диалогі

Тақтаға көрнекі суреттер ілінеді.

Бұл мамандықтарды қандай екі топқа бөлуге болады?

Ата-аналарыңның мамандықтары жайлы айтып беріңдерші.

Ата-аналарыңның еңбегі олардың өздеріне, отбасыға, қоғамға, мемлекетке қандай пайда әкеліп жатыр?


(И) Коммуникативтік дағдыларды дамыту (оқу)

Мәтіннің екінші бөлігін оқыңдар.


5. (И) Оқудың, жазудың коммуникативтік дағдыларын дамыту.

Тапсырмаларды орындау.


Өздік жұмыс

Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

«Еңбек не үшін қажет?» деген сұраққа жауап береді және жауабын негіздейді.

1. Жауаптарды жұмыс дәптеріне жазады.

2. Еңбектің қажет екендігіне 2 немесе одан да көп себептер табады.

Мақалдың басын соңымен дұрыс қосады.

1. Мақалдың басын соңымен дұрыс қосады.

2. Мақалдың мағынасын түсіндіреді.

Ақыл-ой еңбегі мен физикалық еңбектің мамандықтарына мысалдар келтіреді.

1. Ақыл-ой еңбегіне 2-3 мамандық жазады.

2. Физикалық еңбекке 3-4 мамандық жазады.

ФО: Өзара бағалау (екі оқушы)

Талқылау:

Ақыл-ой еңбегі физикалық еңбекпен қалай байланысады? Мысалдар келтіріңдер.


6. Сабақтың тақырыбы бойынша қорытынды

Сабақтың тақырыбы бойынша қандай қорытынды шығаруға болады?


Қағаз, маркер





Оқулық









Еңбек құралдарының және қол еңбегін алмастырған мәшинелердің иллюстрациялары. Мысалы: қол орақ және комбайн, күрек және мотосоқа.
























Әртүрлі мамандықтағы адамдар бейнеленген көрнекі суреттер (ақыл-ой еңбегі және физикалық еңбек)






Оқулық



Дәптер

Рефлексия 3 мин

Ал енді кластерге келейік.

Адамдар не үшін еңбектенеді?

Адамның, қоғамның, мемлекеттің дамуына тигізер еңбектің әсері қандай?

Қандай мамандықтар ақыл-ой еңбегімен байланысты, ал қандай мамандықтар физикалық еңбекпен?

Сабақтың басында дайындалған кластер

Үй тапсырмасы

Тапсырмаларды орындаңдар. Ата-анаңнан немесе үйдегі үлкендерден сұхбат алу. Ата-анаңның еңбек жолында қалай дамығанын білу. Хабарлама дайындау.

Дәптер



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20.05.2019
950
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі