Адамдардан арасында ауадан,судан кем емес адамға қажет нәрсе.......

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Адамдардан арасында ауадан,судан кем емес адамға қажет нәрсе.......

Материал туралы қысқаша түсінік
Адам өмірінде ең құнды дүние әрине бәоімізге белгілі қарым-қатынас.Адамның қоғамсыз ,қоғамның адамсыз мәні жоқ.Бұл мақала осы қарым-қатынасқа қатысты болмақ...
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қарым-қатынас психологиясы

Бүгінгі өміріміздегі біз үшін ең маңызды және адамзат өміріндегі судан, ауадан кем емес дүние бұл әрине сөзсіз адамдар арасындағы қарым қатынас. Қарым-қатынас процесі жүретін ең қолайлы және жалғыз орта- қоғам. Осы қоғамда адамдар бір-бірімен саяси, әлеуметтік, діни, рухани қатынасқа түседі. Солай белгілі бір ел, мемлекет, қалалар, қалашықтар дүниеге келеді емес па? Сондай қалашықтардың бірі еліміздің білім ордасы,қара шаңырағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Біздің универдің 90 жылдық кең тарихы бар. Қазіргі таңда университет әлем мойындаған мықтылар қатарында бой көрсетуде. Бұл біз және сіз үшін мақтаныш екені сөзсіз. Қазақ ұлттық университеті қарым-қатынастың кең ортасы. Олай деуіміздің себебі университетте 30мыңнан астам студентер мен оқытушылар білім алып білім береді. Сол себепті әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінң қалашық деп аталуы бекер емес. Университеміз әлем стандартарына сай жүйелі түрде білім береді. Бір жағынан тарихын ескере отырып, қазіргі күнгі өзен ағысымен бірдей келеді.

Адам еш уақытта қоғамсыз, қарым қатынассыз өмір сүре алмайды. Өйткені оның психикасы тек айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады. Адам санасының дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Қоғамнан тыс адам өмірінің болуы мүмкін емес. Осы жерде ойымызға халқымыздың "Адамды адам ететін-қоғам" деген сөзі ерексіз ойымызға келеді. Мысалы ретінде Қазақ хандығы дәуірінде ең ауыр жазаның бірі қылмыс жасаған адамды тайпасынан, руынан қуып жіберу болған. Қазіргі кездің өзінде қылмыс жасағандарға бас бостандығынан айыру, яғни қоғамнан алыстату жазасы қолданады. Біз жоғарыда айтып кеткен екі замандағы екі жазаның мәні де, мақсаты да бір. Солай адамдардың басқалармен қарым-қатынасқа түсуі – қай жастағыларға болмасын, оған киім-кешек, баспана, ұйқы, демалу қандай қажет болса, айналадағы жұртпен аралысып, дұрыс қарым-қатынас жасай білу де қажет. Өзгелермен қарым-қатынас жасау – бұл тіршілікке аса маңызды ақпарат алмасу деген сөз. Адам қарым –қатынас арқылы айналасындағы дүние жайлы мәлімет алады, еңбек пен тұрмыс дағдыларына машықтанады, адамзат жасап шығарған түрлі құндылықтарды меңгереді. Әрине, қарым-қатынас ақпарт алумен ғана шектелмейді, оның шеңбері аса кең, бұл кең көп қырлы ұғым. Спектакль көрсек те, лекция тыңдасақ та, телефонмен хабарлассақ та, дос- жарандармен сөйлессек те – осының бәрі – қарым- қатынастың сан алуан қырлары. Өмірдегі сан алуан тіршілікте адамдар бір-бірімен тікелей, жүзбе жүз не жанама, не біреу арқылы қарым-қатынасқа түседі. Осындай қарым-қатынастың мән – мағынасы, олардың түрлі көріністері жеке адамдармен топтық ұйымдардың тіршілігінен жақсы байқалып тұр.

Қарым-қатынас «топ», «ұжым» деген ұғымдармен да тікелей байланысты. Адам баласы жалғыз жүріп, көздеген мақсат-мұратына жете алмайды, сондықтан да ол ылғи да басқалармен бірлесіп тіршілік етуі тиіс. Мұндайда адам ылғи топпен бірге өмір сүретіні белгілі. Мәселен, мұның бірі – нақты (реалды) топтар. Бұл –о ртақ мақсат көздеп, бір кеңістікте, белгілі уақыт ішінде, бір бірімен қоян қолтық араласып, іс әрекетке түсетіндер. Топтар үлкен (макро), шағын (микро), ресми, бейресми, формалы, формалсыз, ұйымдасқан, ұйымдаспаған, жасанды, табиғи, референттік болып бірнеше бөлінеді. Біршама тұрақты, құрамы жағынан саны онша көп емес, бір – бірімен тікелей қарым қатынас жасап отыратын ортақ мақсатқа ұмытылған адамдардың бірлестігі «шағын топ деп» аталады. Осындай топтың барлық мүшесі күш жігері бір мақсатқа бағытталады.Отбасы, өндірістік бригада, ұшақ пен ғарыш кемесінің экипажы, поляр станциясында қыстаушылар, мектептегі сынып сияқты бірлестіктер шағын топ деп аталады. Мысалы, кейбір оқушы мектепте жүргізілетін әртүлі іс-шаралардың бәріне де қатысады. Ол футбол командасының, не пән үйірмесінің мүшесі, не жетекшісі т.б. Бірақ осылардың біреуіне ерекше ден қояды. Шағын топтағылардың өзара қарым –қатынасына еш уақытта шек қойылмайды. Қандай топтар болмасын, қандай адамдар болмасын олардың ортасындағы жүретін процесс біреу ол қарым-қатынас. Қарым қатынас психологиясын зерттеу бүгінгі өзекті мәселелердің бірі. Адамдардың қарым-қатынасқа қалай түсуі, өзін қалай ұстауы және қарым-қатынастағы түсушілердің психикасын зертеудің маңызы зор. Осындай зертеулерді әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жалпы және қолданбалы психология кафедрасы оқытушыларының зертеулері мен ерекше еңбектерін біздің атап кеткеніміз жөн. Себебі сол өзекті мәселердің өзектілігі мен маңызын түсініп, маңызды зертеулер жүргізуде.

Жалпы қарым қатынастың өміріміздегі мәнін, қызметін біз түсіндік. Қарым-қатынасқа түсудің жолдарын, өзімізді қалай ұстау керек екенін білмесек біз ортамызда, қарым-қатынасқа түсуші екінші жақтың ойында жақсы әсер қалдыра алмаймыз. Солай біз қарапайым деп ойлаған қарым-қатынастың өз ережелері бар.Сол ережелерді басшылыққа алмай шектен тыс қарым-қатынас жасаудың соңы оң болмайды. Қарым қатынас кешегі, бүгінгі, ертеңгі күнде да жалғаса береді. Ол тек адамзат жоқ болғанда өз соңына жетеді.



Тленчиева Н.С.

Педагогика ғылымдарының кандидаты.

Жусупекова Ә. Ж.

Психология мамандығының 1 курс магистранты

Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы.

Сатыпалдиев Р., 1 курс студенті

Құқықтану мамандығы

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.04.2024
97
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі