400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Адамдардың алғашқы қоныстары қашан және қалай пайда болды?

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне қысқа мерзімді жоспар әдістемелік көмек болады деп ойлаймын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп

Ә Жангелдин атындағы орта мектеп

Мұғалім

Нурлыбаева Зухра

Күні

03.04.2019ж

Сынып

3 «ә»

Пәні

Дүниетану

Бөлім

Табиғат жағдайлары және олардың маңызы.

Сабақтың тақырыбы

Адамдардың алғашқы қоныстары қашан және қалай пайда болды?

Оқу мақсаты

3.2.3.1 адамдардың табиғи жағдайларға байланысты орналасуын талдау (рельеф, климат, өсімдіктер мен жануарлар әлемі, су нысандары).

Сабақтың мақсаты (Күтілетін нәтижелер)

Барлық оқушылар: табиғат жағдайлары адамдардың қоныстануына қалай әсер ететіндігін білетін болады; адамдар қоныстану үшін қандай жерлерді таңдағанын білетін болады.

Көптеген оқушылар: картаға қарап, Қазақстан аумағында адамдардың қалай қоныстанғанына талдау жасайды; елді мекендердің атаулары мен табиғат жағдайлары арасындағы байланысты табады.

Кейбір оқушылар: ғаламтор ресурстарын немесе қосымша әдебиеттерді қолдана отырып, өздері тұратын елді мекеннің қалай және неліктен пайда болғанын және қандай табиғат жағдайлары әсер еткендігін біледі.

Тілдік мақсат

Оқушылар: табиғат жағдайларына байланысты адамдардың қоныстануына талдау жасайды (жер бедері, климат, өсімдіктер мен жануарлар әлемі, су нысандары).

Пәнге қатысты лексика және терминология:

Климат, тау, төбе, өзен, көл, өсімдіктер мен жануарлар әлемі.

Диалогке/жазылымға қажетті тіркестер:

Адамдар сулы жерлерге – өзендер мен көлдердің жанына қоныстанды. Адамдар таудың етегіне, төбелердің маңына орын тепті.

Еліміздің оңтүстігіндегі көптеген қалалар сауда жолының бойында пайда болды.

Талқыланатын мәселелер:

1.Ертеректе адамдар еліміздің қай бөлігіне қоныстанды: оңтүстігінде ме әлде солтүстігінде ме?

2.Неліктен адамдар қоныстану үшін өсімдікке бай, көп жануарлар мекендейтін жерлерді таңдады?

3.Неліктен көптеген қалалар еліміздің оңтүстігінде және Жетісуда пайда болды?

Хат:

Тапсырманы орындау:

Ежелгі заманда ең алғашқы адамдар еліміздің оңтүстігі – Қаратау тауының баурайына қоныстанды. Осының бірнеше себептерін жазыңдар.

Алдынғы білім

Табиғат жағдайларының адам өміріне әсері. Адам өміріндегі өсімдіктер мен жануарлардың рөлі.


Жоспар




Уақыт

Жоспарланған іс әрекет



Ой қозғау

Мұғалім: Алғашқы адамдар Африкада пайда болды. Сосын бірнеше мыңжылдықтар ішінде адам бүкіл Жер шарына қоныстанды. Ежелгі адамдардың сүйектерін ғалымдар Еуразиядан да, басқа құрлықтардың аумағынан да тауып жатыр. Ал енді біздің еліміздің аумағында адамдар қалай қоныстанды, қоныстар қалай пайда болды және қалай дамыды, олардың атаулары қалай шықты деген сұрақтарды қарастырайық.

Оқулықтағы суреттерге қарап шығыңдар. Осы жерлердің қайсысына адамдар көбірек қоныстанды, қалай ойлайсыңдар? Неліктен?

Оқушылардың жауаптары

Мұғалім: Әрине, суы мол жерлерге қоныстанды.

Су – ең басты табиғат байлығы. Барлық адамдардың өмірі суға байланысты. Ерте заманнан бері адамдардың ірі және шағын өзендердің, көлдер мен теңіздердің жағалауына қоныстануы тегіннен тегін емес. Су бар жерде, өмір бар, тіршілік бар.

Француз жазушысы Антуан де Сент-Экзюпери су туралы былай дейді: «Су! Сенің не дәмің жоқ, не түсің жоқ, не иісің жоқ, сені сипаттау мүмкін емес, сенің қандай екеніңді білместен, сенімен шөл қандырады! Сені өмір сүруге қажетті деуге болмайды, өйткені сен өзің өмірсің! Сен бізді қуанышқа бөлейсің, сен бізге күш бересің... »

Су тек адамдарға ғана керек пе?

Оқушылар: Су, сонымен қатар, өсімдіктер мен жануарларға да керек.

Мұғалім: Су егіс даласына, орман-тоғайларға да керек. Онсыз не аң, не құс, не адам өмір сүре алмайды.

Ұ, Ж Сабақтың тақырыбын анықтаңдар. Сабақтың соңында қандай мақсаттарға жетуіміз керек екенін ойланыңдар. Оқушылар:

еліміздің аумағының қайда және елді мекендердің ол аймақта неліктен пайда болғанын білеміз;

табиғат жағдайлары адамдардың қоныстануына қалай әсер ететінін талдап үйренеміз.

Оқулық




Оқулық суреттері







Таза су














Тақта


Жаңа сабақ

Мұғалім: Бүгін біз Қазақстанның картасы бойынша саяхаттаймыз. Адамдар еліміздің аумағы бойынша қай жерлерге қоныстанды, олардың қоныстануына жер бедері, климат, өсімдіктер мен жануарлар әлемі, су нысандары қалай әсер етті, осы сұрақтардың жауабын білетін

боламыз.

Су көздерінен бастайық. Қазақстанда қандай ірі көлдер, өзендер, теңіздер бар? Карта бойынша анықтаңдар.

Оқушылардың жауаптары

Каспий және Арал теңіздері, Балқаш, Жайсан, Алакөл көлдері, Орал, Ертіс, Сырдария, Есіл, Торғай, Ырғыз өзендері және т.б.

Мұғалім: Жер бедері дегеніміз не?

Оқушылар: Жер бедері дегеніміз – жер бетінің ойлы-қырлылығы. Жер бедерінің екі негізгі пішіні бар: таулар және жазықтар.

Мұғалім:

Қазақстанда қандай ірі таулар бар?

Оқушылар:

Алтай, Іле Алатауы (Тянь-Шань тауының сілемдері). Мұғалім:

Адам өмірінде климаттың алатын рөлі өте зор. Климат дегеніміз – ауа райының жергілікті жердегі көп жылдық режимі.

Сыныпқа тапсырма: Мына сұрақтар бойынша ойланыңдар:

адамдар ертеректе еліміздің қай аймағында қоныстанды: оңтүстікте ме, солтүстікте ме?

неліктен адамдар табиғаты бай, көп жануарлар тіршілік ететін жерлерді таңдады? Жауаптарыңды дәлелдеңдер.

Оқулықтағы мәтінді оқу (тапсырма орындалмайды).

Мұғалім

Табиғат жағдайларының адам өміріндегі рөлінің орны өте зор екеніне көздерің жетті. Қазір топта жұмыс істей отырып, Қазақстанның картасын зерттейсіңдер және тапсырманы орындайсыңдар.

(Т) Топта жұмыс жасау

1-топтың тапсырмасы

«Су» сөзі қалалар мен ауылдардың атауларына кірігіп кеткен. Қазақстан картасын қарап шығып, өзеннің (көлдің, теңіздің) атауымен байланысты немесе атауға «су» сөзі кіріккен қалалар мен ауылдарды табыңдар.

2-топтың тапсырмасы

Картадан елді мекен атауында «Тау», «төбе» сөздері кездесетін қалалар мен ауылдарды табыңдар.

3-топтың тапсырмасы

Картадан еліміздің оңтүстігінде және Жетісуда орналасқан ежелгі қалалар – Түркістан, Шымкент, Тараз, Алматыны табыңдар. Олар неліктен осы жерлерде пайда болды,

түсіндіріңдер?

Топтардың тапсырмаларды көрсетуі.

Слайд-презентацияны көру және электронды қосымшадан тапсырманы орындау.

Оқулық




Карта (оқулық қосымшасы)










Дәптер


Оқулықтағы карта, жазуға арналған парақтар





Электронды қосымша





Қазақстан картасы





Оқулық картасы


Рефлексия

ҚБ «Үш смайлик» стратегиясы.

Мұғалім оқушыларға көңілді, бейтарап және мұңайып тұрған үш смайликтің суреті бейнеленген карточкаларды көрсетеді. Оқушылар өз көңіл күйлеріне сай келетін суретті таңдайды.

Мұғалім: Мына өлең шумағын тыңдап, біздің сабағымыздың тақырыбымен қандай байланысы бар екенін түсіндіріңдер

Су деген – өмір көзі, Тіршіліктің нәрі бұл. Су болмаса оянбайды, Табиғаттың барлығы.

Болмас еді шөп-шалаң, Болмас еді тірі жан.

Сол себепті балалар, Ысырап қылмайық суды.

Оқушылардың жауаптары

дәптер


Үй тапсырмасы

Ғаламтор ресурстарын және қосымша әдебиеттерді қолданып, мына сұрақтардың жауаптарын тап:

сенің тұрып жатқан қалаңның немесе ауылыңның атауы қандай мағынаны білдіреді?

бұл елді мекен қалай және неліктен пайда болды?

оның пайда болуына қандай табиғат жағдайлары әсер етті?

оқулық



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
225 ұстаз жүктеп алған
04.04.2019
9310
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі