400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Адамдаы адам еткен еңбек

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімге көмек ретінде
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Өзін – өзі тану Мектебі: ................................................................................

Күні: _______________ №: 2

Мұғалімі: _________________________

Сыныбы: 6 Оқушылардың саны:

Тақырыбы: Ақиқатты іздеу жолында

Құндылығы: Ақиқат.

Қасиеттері: Өз-өзіне адал болу, шыншылдық, ойдың, сөздің және істің бірлігі.

Мақсаты: Ақиқатты іздеудің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіре отырып, ақиқат құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  1. Білімділік: Оқушыларды өз – өзіне адал болуға үйрету.

  2. Дамытушылық: Оқушылардың бойындағы шыншылдық қасиеттерін дамыту

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды ойдың, сөздің және істің бірлігінде өмір сүруге тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

5 Т – ережесі:

    1. Тәртіп.

    2. Талап.

    3. Тыныштық.

    4. Тазалық.

    5. Татулық.
      Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»

Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет!

2. Үй тапсырмасын тексеру.

1. №1 – сабақ. Ақиқат туралы мақал – мәтелдер жазып келу.

2. Келесі сабақ. №2, «Ақиқат айнасы» мәтінін оқып келу.

Сұрақтар:

    1. Балалар арасында айна үшін туған үлкен даудың себебі неде деп ойлайсыңдар?

    2. Аңыз неліктен «Ақиқат айнасы» деп аталған?

    3. Сенің пайымдауыңша, ақиқат деген не? Нақты мысалдар келтіріп, пікіріңмен бөліс.

    4. Өзің ақиқат айнасынан нені көргің келеді?

    5. Ақиқатқа апарар жол қандай деп санайсың?



3. Сабақтың дәйексөзі.

«Сыр түйіні – ақиқат,

Ақиқат – шындық, көпке ортақ»

І. Жансүгіров.

  1. Ілияс Жансүгіров (5 мамыр 1894 жыл, Алматы облысы Ақсу ауданы - 1938 жыл) — ақын, қоғам қайраткері, драмашы, прозашы.

  2. Сұрақтар:

  1. Сыр түйіні дегеніміз не екен?

  2. Шындық бар жерде, ақиқат жүреді деп ойлайсыңдар ма?

  3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?


  1. Оқиға айту (Мұғалім сыйы)

Шындыққа жетер жол қайда 
Ол кезде 6 сынып оқитын едім. 22-наурыз мейрамы болатын сол күні. Анам маған 10 000 теңге берді, қыдырып қайт қыздарыңмен саябаққа шығып деді.Негізі 5 000 теңге бермекші болған, бірақ ұсақ ақшасы болмай ,10 000 бере салды, жартысын қайтып әкеліп бер деген еді. Түсіріп алдым ба, ұрлатып алдым ба сол ақшаны жоғалтып алдым әйтеуір. Үйге келіп анама 
-Құрбым ақша сұрады , соған бердім деп өтірік айттым. Бірақ сұмдық қызарып кеттім, сол күннен бастап ішкенім ірің, жегенім желім болды. Арада бір апта өтеді анам: 
-Әлгі құрбыңнан ақшаңды алып келсеңші,- деп жіберді мені. Мен үйден шығып кеттім де, сәлден соң құрбым үйінде жоқ екен, -деп келдім. Сен өтірік айтып жүрсің қызым , мұның не дейді. Сол жерде жылап жібердім. Ол басынан ақша жоғалтып үйге келгенімді білгенін, құрбыма да қарыз бермегенімді білетінін айтып берді. Өтірік -өрмекшінің торына ұқсайды деді әжем. Бір өтірікті жабу үшін екіншісін айтасың, сөйтіп өріп кете бересің де өзің адасып қаласың ішінде. Сол оқиға еш есімнен кетпейді,өтірік шынымен де өрмекшінің торы секілді. Шындықты сол сәтте айтпағаным үшін іштей өкіндім. 
Сұрақтар:

  1. Оқушы шындыққа жетер жолды неліктен таба алмады? 

  2. Әжесінің айтқан сөзінен нені ұғуға болады? 

  3. Өз-өзіңе адал болам десеңіз шындықты дер кезде айту қажет пе? 

Осы оқиғадан өздеріңе қандай ой түйдіңдер?


5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

1 – топ: «Ақиқат»

2 – топ: «Адалдық»
3 – топ: «Ізгілік»

4 – топ: «Адамгершілік»

Тапсырма: Ақиқат құндылығына қатысты сөздерді тауып, сөзжұмбақты шешіңдер.

Көлденеңінен

Тігінен

6. Бүкіл әлем, ондағы адамның орны, тіршілік туралы түсініктердің жүйеленген жиынтығы.

7. Адамдарға деген адамгершілік, сүйіспеншілік қатынас, өзге адамға жақсылық жасаудың негізі.

9. Шынайы, шын бар болмыс, нақты бар және дамитын нәрсе.

1. Әр адамның даралығының негізгі қараушы бөлігі.

2. Адам дүниетанымының кеңдігін, ізгі ниеттілігін білдіретін жалпы ұғым.

3. Бүкіл адам баласы.

4. Ырыздықты, рухани және мәдени байлықты білдіретін жалпы ұғым.

5. Адам бойындағы гуманистік құндылық, әдеп ұғымы.

8. Адам ойының өмір шындығымен сәйкестігі.



6. Топпен ән айту.

Сөзі:Мұғалімдер шығармашылығы

Әні: «Ертегілер әні» сазымен

  1. Ақиқаттың әнін,

Айтамынмын күнде мен.

Бөбек әлемінің сырларын түсініп,

Нұрына шомылдым күннің.

Тыныштық жан - көркем,

Керемет ол неткен,

Ар- ұждан сөйлейді,

Жүректі тербейді

Бақытқа бізді жетелеп.

Қайырмасы:

Құндылықтар – мәңгі әнім,

Құндылықтар – өмір мәні

Ізгіліктің ғажап күйіне

Ертесіңдер сендер.

2. Дұрыс әрекеттер

Сүйіспеншілік береді,

Тыныштық орнайды,

Қиянат болмайды,

Адамзатқа әлемдегі.

Керемет ол неткен,

Ар- ұждан сөйлейді,

Жүректі тербейді

Бақытқа бізді жетелеп

Қайырмасы:


7. Үй тапсырмасы.

1. №2 – сабақ. «Бар ғылымның түп атасы – таза ақыл мен ойлану» деген ойын «көзқарас – себеп – мысал - қорытындылау» әдісімен талқылаңдар.

2. Келесі сабақ. №3, «Неге арналсаң, соны істе» мәтінін оқып келу.


8. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3].

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.










































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
26 қаңтар
484
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі