Материалдар / Адамдық борыш - асыл қасиет
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Адамдық борыш - асыл қасиет

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ жоспары жазылған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Мамыр 2021
2143
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні: 21.12.2020

Мектеп: №48ЖББОМ

Сабақтың тақырыбы: Адамдық борыш (15 сабақ)

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: адалдық, жауапкершілік

Мұғалім:Жубатова Ж.Ж.

Сынып: 10

Сабақтың-жоспар қысқаша жазбасы

Сабақтың барысы

Уақыт

(минут)


Оқу ресурстары мен материалдары

  1. Ұйымдастыру кезеңі


5мин

5 Т – ережесі:

    1. Тәртіп.

    2. Талап.

    3. Тыныштық.

    4. Тазалық.

    5. Татулық.
      Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Тыныштық сәті.Су асты патшалығына ойша саяхат.(Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.Рахмет!




Өзін-өзі тану: Жалпы білім беретін мектептің 10-сыныбына арналған оқулық /Жұбатова Л.С., Әкімбаева Ж.Ж., Нұркеева С.С. – Алматы: «Бөбек» ҰҒПББСО, 2019. – 166 б.

  1. Үй жұмысын тексеру



3мин

Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіздер. «Жастарға хат» Ілияс Омаров

3.Қызметтің жаңа білімі мен тәсілдерін қалыптастыру:


10 мин

- өмірлік жетістіктер туралы түсінікті тұжырымдайды;

- адамның өзінің өмірлік мақсатын жүзеге асыруға деген ұмтылысын негіздейді

4.Қызметтің білімі мен тәсілдерін түсіну



10 мин

- «Адамның мақсаты» ұғымына анықтама береді.

- адамның ұмтылысын талдайды;

5. Үй тапсырмасы туралы ақпараттандыру

2 мин

Мақал-мәтелдерді оқып, негiзгi ойын анықтап, бүгiнгi

өмiрменбайланыстырып, қорытындыжасаңыздар.


6.Сабақ қорытындыларына қорытынды жүргізу

5 мин

Әрбір адамның өзіне, ата-анасына, халқына, мектебіне, сыныптастарына, өз үй-ішіне, отбасына адамгершілікпен қарым-қатынас жасауы адамдық борыш. Ондай адамдар өзін ғана ойламай, өзгелер үшін адамдық танытып, борыш, міндет, парызын адал орындайды. Осы тұрғыда Бауыржан Момышұлы «Адамгершілігі жоғары адамның алдында жат қылықтар жасауға ешкімнің батылы бармайды. Себебі, оның мысы болады, жан жүрегі таза, рухы биік адамды ешкім басына алмайды» дейді. Адамдық борышқа адалдық адамның адамға және қоғамға қарымқатынасында жақсы қасиеттер, игі істер арқылы көрініп отырады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!