Материалдар / Адамдық борыш асыл қасиет
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Адамдық борыш асыл қасиет

Материал туралы қысқаша түсінік
тәжірибе алмасу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Маусым 2021
3294
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тексерілді: _______________

«____»______________________

Пән: Өзін – өзі тану

Мектебі: №19

Күні: 14.01.20ж

: 16

Мұғалімі: Аталыкова Ж.О

Сыныбы: 10 а,

Оқушылардың саны:

Тақырыбы: Адамдық борыш – асыл қасиет

Құндылығы: Дұрыс әрекет

Қасиеттері: Қоғамға риясыз қызмет ету, әділеттілік, әлеуметтік және азаматтық жауапкершілік

Мақсаты: Оқушыларға адамдық боыш – асыл қасиет екенін түсіндіре отырып, дұрыс әрекет құндылығы арқылы үйрету.

Міндеттері:

  1. Білімділік: Оқушыларды қоғамға риясыз қызмет етуге үйрету.

  2. Дамытушылық: Оқушылардың бойындағы әділеттілік қасиеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды әлеуметтік және азаматтық жауапкершілікті сезінеге тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

1.http://oilar.kz


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Т – ережесі:

  1. Тәртіп.

  2. Талап.

  3. Тыныштық.

  4. Тазалық.

  5. Татулық.
    Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Жағымды күйге келу.

«Өзін-өзі таныстыру»

Танысудың бұл тәсілін қолдану үшін бір қапшық (немесе пакет) керек және топтағы әрбір оқушы сыныптағы барлық адамдар санына сәйкес бір қағаз тілімін дайындау қажет: мәселен топта 20 оқушы орнынан тұрып, өзін елге қысқа түрде таныстырады, өзі туралы 15 секунд ішінде жағымды ақпарат келтіреді, өздерін мақтайды. Осы уақыт ішінде басқалар бір қағаз тіліміне сөйлеп тұрған оқушыға мадақ пен комплимент жазады. Сөйлеп болғаннан кейін оқушы қапшықты алып, сыныпты аралайды, басқалардан өздері туралы жазылған қағаз тілімдерін жинап алады. Қағаз қиындыларын әзірше оқуға болмайды. Осындай әрекетті барлық оқушылар қайталап шығады.

Өзін-өзі таныстыру аяқталғаннан кейін оқушылар өздері туралы қағаз тілімдеріне не жазылғандығын оқиды.


2. Үйге тапсырманы тексеру.

1. №15 – сабақ. 2 – тапсырманы орындау.

2. Келесі сабақ. №16, «Жонылған ағашты қайта жонуға әрекет етпеңіз» мәтінін оқып келу.

Сұрақтар:

  1. Мәтіндегі «Көпірге жетпей жатып, одан өттім деме», «Төгіліп қалған сүт үшін көз жасыңды төкпе» деген мақалдарды қалай түсінесіздер?

  2. «Жонылған ағаш жоңқасын қайта жонамын деп әуре болмаңыз» деген ойдың маңыздылығын қалай дәлелдеуге болады?

  3. Мәтінде жасалған түйіндермен келісесіздер ме? Өздеріңіз қандай түйін жасайсыздар?

  4. Күнделікті өмірде өздеріңізге сабақ болған жағдайларды еске түсіре отырып, тағы қандай ереже қосуға болады деп ойлайсыздар?


3. Сабақтың дәйексөзі.

Адамдық борыш, ат үшін,

Барша адамзат қамы үшін,

Серт берген еңбек етем деп,

Алдағы атар таң үшін.

Шәкәрім Құдайбердіұлы

Шәкәрім Құдайбердіұлы. (1858-1931) – ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор.

  • - Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?


4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).

Шыншыл бала

Баяғы өткен заманда бір патша өмір сүріпті. Патша өте ақылды, шыншыл және қарапайым, халқына адал, жанашыр, кеңпейілді және әділ болыпты. Патшаның таққа қалдыратын баласы, мұрагері болмады, содан патша ойлана келе халқына жария етті. Патша мұрагерлікке қалдыратын баланыңхалқына адал,еліне тек жақсылық ойлайтын шыншыл болуын қалайды.

Барлық балаларға гүл тұқымы беріледі. Уақытберіледі, күн өтіп жатыр. Сон Ирдің гүлі қанша баптап қараса да өспеді. Патша гүлдің өскені жайлы көретін күні де келді. Барлық балалар әдемі киінген, гүлдері жайқалып өскен, Сон Ир болса балалардың ең артында жабырқаулы тұр еді.

Патша барлық гүлдерді көрді бірақ көңілі еш көтерілмеді, содан қараса бір бала жылап бос құмырамен тұр екен. Сонда Ирді өзіне шақырды да, менің ұлым мұрагерім деп жар салғанда, халық ушығып кетіпті. Арасынан біреуі шығып патшадан «сол бос құмырамен тұрған баланы неге асырап алдыңыз»,– деп сұрапты. Сонда патша халыққа балаларға берілген тұқымдардың бұқтырылғандары туралы айтып береді. Сол әдемі гүлдермен тұрған балалардың беттері қызарып, ұяттан жерге кірді. Сөйтсе, барлығы берілген гүл тұқымдарынан тыс басқа гүл тұқымдарын еккен екен.

Сұрақтар:

  1. Патша болашақ мұрагерін қалай сынамақшы болды?

  2. Сон Ирдың бойынан қандай қасиеттер байқалды?

  3. Балалардың ұялуына қандай жағдайәсер етті?

  4. Шындықтың қуатын, күшін неден байқадыңдар?


5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

3-тапсырма. Төменде берілген мәтіндерді оқып, адамдық борышқа қатысты түйiндi ойларды iрiктеп алыңыздар. Олардың маңыздылығын дәлелдеп берiңіздер.



6. Топпен ән айту.

Өміріңе немқұрайлы қарама

Сөзі Серік Сейітмандікі

Әні Сәкен Дәрібаевтікі

Тыңда, досым, мен айтайын от тілек,

Дүниеден өтті бай да, өтті бек.

Өміріңе немқұрайлы қарама,

Дәулетіңмен тұрсаң-дағы көк тіреп!

Әр күн сайын тек сен үшін атып таң,

Зерлі шапан киінсең де жақұттан.

Өміріңе немқұрайлы қарама.

Шақша басың айналса да бақыттан,

Бақ құсыңды қонған кезде бағала.

Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала,

Кенелсең де, досым қанша шаттыққа,

Өміріңе немқұрайлы қарама.

Тұсау салып, бас тартқызбай көш дара,

Етсе-дағы дұшпан күлкі, дос таба,

Өміріңе немқұрайлы қарама.

Тағдыр жолы қарсы алдыңнан соқса да,

Күн сағатта сақтау үшін өз басын.

Сатып кетсе, сеніп жүрген жолдасың,

Өміріңе немқұрайлы қарама.

Айдын көлге айналса да көз жасың,

Бақ құсыңды қонған кезде бағала,

Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала.

Қанша азап көрсең-дағы бауырым,

Өміріңе немқұрайлы қарама.



7. Үй тапсырмасы.

1. №16 – сабақ. 5 – тапсырманы орындау.

2. Келесі сабақ. №17, «Менің әкем» мәтінін оқып келу.


8. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3].

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!