Адамдық борышың

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Адамдық борышың

Материал туралы қысқаша түсінік
"Аадмдық борышың" тәрбие жоспары 9-сыныпқа арналып жасалған.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Күні

04.12.2023

Мұғалімнің есімі:

Жетекші: Сарсенбаева С.Ж

Сынып 9 «Д»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:


Тәрбие сағатының тақырыбы:

«Адамдық борышың…»

«Оқуға құштар мектеп» жобасы

Тәрбие бағыты

Адамгершілік тәрбие беру


Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың Шәкәрім шығармашылығы бойынша білімдерін кеңейту. «Борыш» ұғымына  талдау арқылы  жете  түсінік беру.

Өлеңнің негізгі  тақырыбы мен идеясын ашу.

Музыкалық және бейне көркемдеу

Адамдық борышың аудиоматериал

https://youtu.be/GwyE-pd-4NU?si=QcddROnRDFvYGznq

Ресімдеу

Презентация, көрнекіліктер.

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Суреттер, үлестірме қағаздар

Құндылықтарды дарыту

Ұлттық мүдде: Қоғам игілігі үшін қызмет ету

Ар-ұят: Сөзіне берік, ісіне адал болу

Талап: Білуге, жаңаны тануға құштар болу

Сабақтың барысы



Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Ресурс

Оқушы әрекеті

Ресурс


Сабақ басы

(5мин)

Ұйымдастыру кезеңі : «Бүгінгі күн мен үшін қуанышты басталды, себебі..... (оқушылар сөйлемді жалғастырып, өзін қуантқан жағдайды айтады)




Ең басты адам бойындағы қасиет- адамгершілік

Интербел сенді тақта

жұмыс дәптерлері

Негізгі бөлім



Шәкәрім – қазақ мәдениеті тарихында орны зор, еңсесі биік ерекше тұлға. Ол – заманның озық ойлы демократы, ірі ағартушысы, терең ойшылы, қоғам қайраткері. Жарты ғасырдан астам еріксіз үзілістен соң халық алдына қайта шыққан ұлы тұлғаларымыздың бірі Шәкәрімнің қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихында алатын орны ерекше. Шәкәрім әрі ақын, әрі тарихшы, философ, өз заманының үлкен ойшылы еді, қазақ әдебиетін жаңа белеске көтерген, қазақ халқының көркемдік ойының үздік үлгілерін туғызған, қазақ өлеңдерін түрлендіре түскен, қазақ тілінің мол мүмкіндіктерін бұрынғыдан әрмен танытқан бірегей қаламгер еді. Ол жаңа қазақ әдебиетінің көшбасшысы Абайдың үлкен ағадан туған ізбасар інісі. Туыстық жөнінен ғана емес, ұстанған жолы тұрғысынан алып қарағанда да Абайға ең жақын адам еді. Қилы заманда оққа ұшқан ақынның есімі де жұртшылық санасынан аласталмақ болған еді. Бірақ «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» демекші өзі өлсе де аты өшпеген Шәкәрім атамыздың шығармалары әлі де жас ұрпақтың білім нәрін сусындатып келеді.
«Адам болып тудым, адам атымды ақтайын, көп үшін, халық үшін, келешек ұрпақ үшін еңбек етейін. Кейінгіге үлгі аларлық із - белгі қалдырайын, адам атым өшпесін, тарихқа аз да болса үлес қосайын деген ойда болдым. Келешектің ойын ашайын деп жаздым.
..... Өз заманым үшін жазғам жоқ. Келер дәуірдің адамы үшін жаздым.»

«Адамдық борышың» өлеңін мәнерлеп оқу.
Негізгі тақырыбы - адамзат міндеті.

Идеясы - артына үлгі аларлықтай іс қалдыру. Адамның борышы - халыққа адал еңбек ету, білім мен өнер үйрену, келешекке жол көрсету, үлгі алатындай із қалдыру. Жаман қылықтардан аулақ болу - мансап үшін мақтанға салынбау, бақ үшін арсыз қылықтардан аулақ болу.






Сөздікпен жұмыс.
Мансап - атақ
Нәпсі - жаман іс
Тұл - ешнәрсесі жоқ
Ғибрат - үлгі.












































































Тапсырмалар



Тақтада сөздер берілген, адамға тән жақсы қасиеттер мен жаман қасиеттерді бөліп жазайықшы.
(Білімді, мақтаншақ, арлы, білімсіз, еңбекқор, мансапқор, айлакер, жалқау, өсекші, шыншыл, өнерлі, өтірікші, жомарт, сараң, қайырымсыз, ата - ананы сыйлайды).
Балалар, адамға тән жақсы қасиеттер мен жаман қасиеттерді бөліп жазайықшы.

Деңгейлік сұрақтар
Жоғары деңгей сұрақтары
1.»Адамдық борышың «өлеңі туралы өз пікірің?
2. Өлеңнен Абай өнегесі қалай байқалады?
3. «Қайтадан қайырылып қауымға келмейсің»деген өлең жолында ақын нені айтпақ болды?
Орта деңгей сұрақтары
1. «Ақ жолдан айныма»сөз тіркесінің мағынасы қандай?
2. «Барыңды, нәріңді тірлікте бергейсің»деген өлең жолында ақын нені айтпақ болды?
3. Ақын «шын бақыт» деп нені көрсетті?
Төмен деңгейдің сұрақтары
1. Адамдық борыштарды ата.
2. Қандай істерден аулақ болу керек?
3.»Тұл»сөзінің мағынасы?

Қорытынды тапсырма

Шығармашылық жұмыс
Ой толғау (5 - 6 сөйлемнен).
Мына тақырыптар бойынша оқушылар өз ойларын жазады.
1. Халыққа еңбек ету.
2. Білім, өнер үйрену.
3. Өзімшіл болмау.
4. Өміріңді босқа өткізбе!
5. Өміріңді мәнді мағыналы өткіз.
6. Артыңа жақсы із қалдыр.






































Соңы (5 мин)



Р
ефлексия.



Қорытындылау


Стикерлер













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.05.2024
226
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі