Материалдар / Адамгершілік - адам арының айнасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Адамгершілік - адам арының айнасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушы бойында адамгершілік құндылықтарды дарыту
Авторы:
07 Маусым 2023
282
7 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты


Күні

11.10.2022

Класс жетекші:

Атамбаева С.К

Класс: 8 «А»

Қатысушылар саны: 26 оқушы

Қатыспағандар саны:


Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

Адамгершілік – адам арының айнасы

«Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата,
жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады»

Абай

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату.

Оқушылардың мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды, т.б. адамдық асыл қасиеттерді игеруіне ықпал ету.

Құндылықтарды дарыту

-Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;

-Қарым-қатынас жасау қабілеті;

-Өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау;

-Жауапкершілік;

-Денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету;

-Өмір бойы оқуға дайын болу.

Ресімдеу

Слайд, видео

Музыкалық және бейне көркемдеу

Видео материалдар

Үлестірмелі материалдар

Суреттер, кеспеқағаздар

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары


Сабақтың барысы



Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (5мин)


Класпен амандасу, психологиялық ахуал қалыптастыру, оқушыларды түгелдеу, сабаққа дайындау.


Интерактивті тақта, слайд

Сабақ басы (10 мин)


І. Қызығушылықты ояту

1. Адамның ішінде болмайды аласы,
Оларды бұзатын нәпсінің таласы.

Шәкәрім.

2. Дос кешірім сұрағанда илікпеген адамның күнәсі – ысырапшылық күнәсімен бірдей.
3. Адам бір тәуір іске жарамаса да, өзін аспаннан түскендей ұстауды ұнатады.
4. Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.

Абай.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Адамгершілік – адам арының айнасы». Бұл сабақ арқылы біз өз бойымызға рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды, тәртіпті т.б. адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал етуді үйренуіміз керек.

І - бөлім – бейнеролик бойынша сұрақтарға өз ойын білдіру.
ІІ - бөлім үлгі алатын нақыл сөздер мен өлеңдер оқу.
ІІІ - бөлім - Рухани - адамгершілік қасиет – сүйіспеншілік - постер қорғау

ІҮ бөлім – жағдаяттар


пікіралысу

АКТ


https://www.youtube.com/watch?v=9mGrLjwmRxY

Ортасы (25 мин)



І бөлім

Бейнеролик «Жақсылық жасайық» Оқушылардан қандай ой түйгені туралы сұралады.

1. Адамгершілік дегенді қалай түсінесіңдер?
2.
Адамгершілікке қандай қасиеттерді жатқызуға болады?
Адамның адамгершілігі-оның жоғары қасиеті. Оның негізгі белгілерінің бірі-өзі үшін ғана емес, ел, қоғам үшін өмір сүру, адамдық ар-намысты ардақтау, әр уақытта жақсылық жасауға дайын болу. «Өзің үшін еңбек қылсаң, дейді Абай, -өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың. Ақылды, мейірімді адам әр уақытта өзгенің жақсылығын бағалағыш келеді. Арлы адам-ардақты адам. Арымыз таза болса, тарихымыз да таза.
Адам атаулының жақсы қасиеттерінің бірі-адалдық, ол өмірде қымбат асыл қасиет, асыл мінез, ашық, шыншыл қарым-қатынас. «Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше, шындықтың уын ішіп өлген артық» деген Бауыржан Момышұлы.
Рухани бай адам деген қандай адам, рух деген не? – деген сұрақтар төңірегінде ой өрбітемін.
Рух – деген адам бойындағы бір қуат. Ол қуат адам бойында кездесетін барлық жақсы қасиеттермен жасайтын барлық игі істеріңнің қайнар көзі.
Рухтың мекені – адамның жүрегі. Жүрек жылуы, махаббат, ар-ұят, қайрат, мейірімділік, жақсылық адамгершілік осы жүректен туындайды. Рухтың табиғаты материалдық зат емес, оның табиғаты – асыл нұр.
Бүгінгі сабақта осындай жақсы қасиетер туралы пікірлескенді дұрыс санадым. Ойымызды өрбітіп, бойымызға адамгершілік нәрін егу үшін сабақта айтылған жақсы әңгімелерге назар аударып отырайық.


ІІ бөлім. Үлгі аларлықтай нақыл сөздер мен өлеңдерге кезек берейік.
1. Абай. «Ғылым таптай мақтанба».
2. Адамшылық. Шәкәрім.
3. Абайдың 14-ші сөзі. (аудио)


ІІІ бөлім. «Постер қорғау»

Мұғалім:
- Мынандай суретке (сурет 1)көңіл аударайық. Суреттен нені көріп тұрсыңдар?
Жауап: қара ноқат немесе қара ноқаты бар ақ қағаз.
Шын жауап: қара ноқаты бар үлкен ақ кеңістік.
- Иә, балалар, өмірдің көптеген көріністерінен, оқушылық өмірлерінде сендер ақ түсті аңғармай, адам бойынан «қара» ноқатты көресіңдер. Былайшы айтқанда, біз әр адамның бойынан жақсы жақтарын ғана көрсек, неге оның кемшілігіне көңіл аударамыз. Жақсы оқиғалардан гөрі, дау-дамай, қылмыстар жайында рахаттана әңгімелесеміз. Немесе сұқ саусақпен басқаны көздеп көрсетуге әуеспіз, сұқ саусақты көрсеткенде, қалған үш саусақтың өзімізге қарағанын байқамаймыз ба? Егер біреу сені сөгіп жатса, «мен ризамын» деп жауап бере қой делінген пайғамбар хаддистерінде. Сондықтан, балалар, жаңағы өздерің айтқан нақыл сөздерден өнеге алып, өмірдің, достарыңның ұстаздарыңның тек жақсы жақтарын қабылдай біліңдер:

мына жазылған нақыл сөзге көңіл аударыңдар:
«Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» Абай.
Рухани - адамгершілік қасиет – сүйіспеншілік. Ата – анамды сүйемін, туған жерімді, Отанымды, достарымды сүйемін. Осы қасиетке байланысты
постер қорғау.
1-ші қатар: Отанға сүйіспеншілік.
2-ші қатар: ата-анаға сүйіспеншілік.
3-ші қатар: махаббат, достық.


ІҮ бөлім. Жағдаяттар

1-ситуациялық жағдай:

Елдос достарымен велосипедпен жарысып келеді. Жол шетінде тұрған қарияны көреді. Қарияға жол берсе жолдастарынан қалып қояды. Не істеу керек?

2-ситуациялық жағдай:

Сіз автобуста отырсыз. Келесі аялдамадан қарт кісі кірді. Бос орын жоқ. Ал сенің шынымен денсаулығың нашарлап тұр. Не істер едің?

1-бөлім. Оқушылар сұрақтарға жауап береді.


2-бөлім.

"Ғылым таппай мақтанба"

Ғылым таппай мақтанба.
Орын таппай баптанба.
Құмарланып шаттанба.
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның, білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой –

Бес асыл іс, көнсеңіз.

(Абай)


«Адамшылық»

Кісіге адамшылық неге керек?
Адамдық – өзге айуаннан артық демек!
Ит талаған төбеттен қалай дейсің,
Аямай әл келгенін жұлып жемек.
Мейірімсіз қасқырда да күшті өмір бар,
Артылған жерің қайсы онан бөлек?
Үнемі сен жеріңді қайдан білдің?
Бұл дүние кезек берер істі өңгелеп.
Онан қорқып, обырлық қоймасаң да,
Адам боп, хайуаннан болсаңшы ерек!
Жалмағанша, жәрдемің тигізсеңші,
Жығылған, жылағанға болып көмек.
Мархаматты теріс деп кім айтады,
«Адамшылық – сол» дейді тамам зерек.
«Мейірім – жақсы, зұлымдық – жаман» дейсің,
Қасқырлыққа қайтесін құр дөңгелеп.
Жаны ашып жәрдем қылмай өткен адам –
Өсіп, өшіп құлаған бір бәйтерек. (Шәкәрім)






























ОҚУШЫЛАР ПОСТЕР ҚОРҒАЙДЫ








СИТУАЦИЯЛЫҚ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРЕДІ

https://www.youtube.com/watch?v=9mGrLjwmRxY



































Абайдың 14-қара сөзі https://www.youtube.com/watch?v=WPkCgCPv3P8





Сурет 1

Соңы (5 мин)



Қорытынды.

Дәйексөздердің мағынасын ашу.

1. Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады. (Абай)
2.Адамгершілік кімде болса, соны ер деп есепте. (
Иүгінеки Ахмед)

3. Жүрегі таза адам қиянатқа бармайды. (Шәкәрім Құдайбердіұлы)

4.Сабыр деген - әр іске шыдамдылық,
Қатты керек адамға бұл бір қылық.
Қолы жетпей талмай талап ізденеді,
Осыдан кеп шығады адамшылық.

5.Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек. (Абай Құнанбаев)

6.Сұлулық, әдептілік, білімділік, сезімділік, ерлік, даналық - бәрі де жеке  адамның меншігінде емес, ең алдымен, елдің, халыктың еншісі. (Ғабит Мүсірепов)

Сабақта айтылған жақсы қасиеттерді жүрегімізде сақтап, іс жүзіне асырайық

Оқушылар дәйексөздердің мағынасын ашады

Презентация



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!