жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Адамгершілік - адамның рухани арқауы
Мектеп: Қаратай тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназия
Мұғалiм: Еруова Раушан Канатбаевна
Өтілетін орны: Мәжіліс залы
Сынып: 10
Тақырыбы: «Адамгершілік
- адамның рухани арқауы»
Мақсаты: Оқушылардың
білімдік дағдыларын қалыптастыра
отырып, рухани адамгершілік қасиеттерін
жүзеге асыра білуге тәрбиелеу.
Міндеті: Баланың бойына ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық яғни, адамгершілік құнды қасиеттерін дамыту.
Жұмыс
түрі : сыныптан
тыс тренинг сабақ
Көрнекіліктері: интерактивті
тақта, тұз бен бор, дәйексөз,музыка.
Барысы:
ІІ. Ой қозғау
III. Дәйексөз
ІV. Мағынаны тану (Адамгершілік, адамгершілік тәрбиесі төңірегінде түсініктеме беріледі).
Y. Үш санына байланысты халықтың ой –тұжырымдарын еске түсiру.
YI. «Құбыр» жаттығу тренингі.
YІI. Адамгершілік туралы бейнекөрініс.
ҮІІІ. «Сиқырлы қобдиша» жаттығуы
IX.Сабақты
қорытындылау сәті.
І.
Амандасу тренингі.
Қарым- қатынас амандасудан басталады. Ойын интерактивті тақта арқылы жүргізіледі. Қатысушылар дөңгеленіп тұрады. Барлығы тақтаға қарайды. Егер тақтада күлкі бейнеленсе, онда бір- бірімізге күлімсірей қараймыз, қол бейнеленсе- қолымызды қысып амандасамыз, күн бейналансе- жақсы ықыласпен сәлемдесеміз, жүрек бейнеленсе құшақтасамыз.
Осындай тамаша көңіл күймен бүгінгі тренинг сабағымызды бастайық.
ІІ. Ой қозғау
1. Адамгершілік дегенді қалай түсінесіздер?
2. Жалпы адамгершілік қасиеттерге не жатады?
3. Қазіргі таңда адамдар адамгершілік танытып жүр деп ойлайсыздар ма?
4. Ал, балалар сіздер ше ?
III. Дәйексөз
«Ағаш түзу өсу
үшін оған көшет кезінде
көмектесуге болады, ал үлкен
ағаш болғанда оны түзете алмайсың»
Халық
даналығынан.
ІV.
Мағынаны тану
Адамгершілік
тәрбиесі жастардың қоғамға, отбасына,
білімге, Отанға, жер бетіндегі бейбітшілікке
қатынасын қалыптастырады. Осы заманғы
адамгершілік тәрбиесі жекелеген
бағыттарға емес, адамгершілік құндылықтарға
негізделеді.Адам - ең әуелі адамгершілігімен,
парасатының биіктігімен көрікті.Мәдениеті
жоғары адам айналасындағылармен
қарапайым қарым-қатынаста болады.
Адамгершілік тәрбиесі оқушыларды
адамгершілік ұғымы, принциптері,
мінез-құлық нормалары жайындағы біліммен
кемелдеңдіреді. Оқушылар оларды оқып
үйренумен шектелмей,
оқу, тәрбие, еңбек процесінде іске
асырғанда адамгершілік олардың сеніміне
айналады.
Адамгершілік қатынастар
моральдық нормалармен өлшенеді.
Моральдың
негізгі міндеті - адамның мінез-құлқын
тәрбиелеу, осы арқылы олардың бойында
әдеп сақтау қатынастарын қалыптастыру,
адам мен қоғам арасындағы қатынасты
реттеу. Адамгершілік тәрбиесінің
теориялық мәселелері әл-Фараби, Ыбырай,
Абай, т.б. еңбектерінде кеңінен қолданыс
тапқан. Абай адамгершілік, әдептік
нормалары жайында көптеген пікірлер
қалдырды.Оның бірінші
қоятын талабы
- мораль жағынан ұстамды, таза болу,
сыпайы мінезді, жақсы құлықты, әділетшіл,
шыншыл болу. Әдепсіз, арсыз, байлаусыз,
сұрамсаң, өсекші, өтірікші, алдамшы,
кеселді сияқты жаман
мінездер мен әдеттерден, жарамсыз
қылықтардан сақтанып, өзін одан жоғары
санап, ондай қылықтарды бойына лайықсыз
көрсе ғана, адам парасатты болады .
Абайдың қоятын екінші
талабы
- тұрақтылық, Үшінші
талабы
- әділетшілдік.
Адамның басшысы –ақыл,
Жетекшісі
– талап,
Шалушысы –ой.
Сынаушысы
– халық,
Қорғаушысы – сабыр,
Қорғанышы
–мінез
Барлығынан ардақтысы – өмір
(Өлең жолдарының мағынасын ашу)
Y.
Үш санына байланысты халықтың ой
–тұжырымдарын еске түсiру.
Үш
жүз, үш арсыз, үш тоқтам, үш жұрт, үш
даусыз, үш қуат,
Үш жүз - Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз.
Үш арсыз - ұйқы арсыз, тамақ арсыз, күлкі арсыз.
Үш тоқтам - ақыл-арқан, ой-өріс, адам-қазық.
Үш жұрт - ағайын жұрт, нағашы жұрт, қайын жұрт
Үш
қуат -
ақыл, жүрек, тіл қуат.
YI.
«Құбыр» жаттығу тренингі.
Әрқайсымызға
қажетті тынығу мен сергіту түрі болып
саналады. Мақсаты:
оқушы бойына ұйымшылдық пен ынтымақтастықты
қалыптастыру. Ережесі:
Қатысушыларға бір А4 қағазы беріледі.
Қағазды екі бүктеп қолдарымен астау
кейпіне енгізеді. Барлық қатысушылар
қолдарындағы астауша тәріздер иілген
қағазды бір-біріне қосып беті ашық құбыр
жасайды. Дайын болған кезде нұсқаушы
кішкентай допты жібереді. Қағазды үзіп
алмай допты өткізіп шығулары керек. Доп
түсіп кеткен жағдай ойын қайта басталады.
Талдау:ойын
жаттығуы аяқталғаннан кейін қатысушылар
алған әсерлерімен бөлісіп, өз ойларын
ортаға салады.
YІI.
Адамгершілік туралы бейнекөрініс.
Оқушылар
көріністен алған әсерлерімен бөліседі.
Рухани-адамгершілік тәрбие — бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым-қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез-құлқы мен іс әрекетін анықтайды.
VIII. "Сиқырлы қобдиша" жаттығуы.
Нұсқау:қатысушылар шеңбер құра отырады.Ортада сиқырлы қобдиша тұрады.Сыйлықтар - қағазға жазылған адамгершілік қасиеттер. (Мейірімділік, қайырымдылық, ізгілік,әділдік,кішіпейілділік,қанағатшылдық).
Жаттығу шарты:Қобдишадан әр қатысушы кезекпен бір сыйлықты таңдап алып,ішінде жазылған сөзді лайықты деп санаған адамға сыйлайды.Сонымен, қоршаған орта да осы қасиетке сізді лайық деп таныса, жеке-жеке қошемет корсетейк.Сыйлықтарыңыз құтты болсын!
ІX. Сабақты қорытындылау сәті.
Барысы: Оқушылар алдарындағы түрлі түсті борларды алып, тұзды бояу ұсынылады. Осы сәтте баяу әуен ойнап тұрады. Әр түске боялған тұздарды бүгінгі тренингтен алған әсері немесе жақсы қасиеттерін айтып шыны ыдысқа салады.Нәтижесінде түрлі әсем түстер пайда болады.
Мұғалім сөзі: міне балалар сіздердің де болашақтарыңыз осындай әсем, жарқын болсын! Адамгершілік - бұл ең жоғарғы құндылық.Әрдайым адамгершілік танытып колдарыңыздан келген жақсылықты аянып қалманыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген