400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Адамгершілік - асыл қасиет

Материал туралы қысқаша түсінік
• Балаларға асыл қасиет ұғымын түсіндіру. Оқушылардың адамгершілік қағидаларын басшылыққа алу, айналадағылармен рухани құндылықтар негізінде қарым-қатынас орнату қабілеттерін қалыптастыру. Адам бойында адамгершілік қабілетін, әдеп нормаларын сақтау әдетін үйрету. Өзін-өзі ізгілікке тәрбиелеу дағдысын қалыптастыру. • Кішіпейілділік, тазалық, әдептілік, көмек беру, достық, жақсылық, ар-ұят, қызмет ету, имандылық, инабаттылық, елін, жерін сүю – адамгершіліктің басты ұстанымдары екенін ұғындыра отырып, оқушылардың бойына адамгершілікті сіңіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тәрбие сағатының жоспары



Тақырыбы:

Адамгершілік – асыл қасиет

Сынып: 3 «А» сынып


Тәрбиешінің аты-жөні: Ыдырысова А.Е



Күні: 15.12.2021ж


Кәсіби даму мақсаты

Оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату , адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету.


Сабақ мақсаттары

  • Балаларға асыл қасиет ұғымын түсіндіру. Оқушылардың адамгершілік қағидаларын басшылыққа алу, айналадағылармен рухани құндылықтар  негізінде қарым-қатынас орнату қабілеттерін қалыптастыру. Адам бойында адамгершілік қабілетін, әдеп нормаларын сақтау әдетін үйрету. Өзін-өзі ізгілікке тәрбиелеу дағдысын қалыптастыру.

  • Кішіпейілділік, тазалық, әдептілік, көмек беру, достық, жақсылық, ар-ұят, қызмет ету,  имандылық, инабаттылық, елін, жерін сүю – адамгершіліктің басты ұстанымдары екенін ұғындыра отырып, оқушылардың бойына адамгершілікті сіңіру.

  • Жасөспірімдердің ой-санасын оята отырып, өзін-өзі тануға және бағалауға, адамгершілікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу.

  • Әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу

Күтілетін нәтиже

  • Адам бойындағы асыл қасиеттерді түсінеді, біледі.

  • Бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіреді.

  • Оқушылар рухани құндылықтар негізінде адамгершілікті қалыптастырудың өмірдегі маңыздылығын түсінеді.

  • Күтілетін нәтиже: 3-сынып оқушыларының адамгершілік туралы пікірі қалыптасады;3-сынып оқушылары аға сынып оқушыларының қамқорлығын сезінеді; аға сынып оқушылары мектеп табалдырығын жаңа аттаған оқушылар алдындағы үлгі бола білу жауапкершілігін сезінеді; оқушылар арасында ынтымақтасқан қарым-қатынас нығаяды..

Пәнаралық байланыс

Психология

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы














Оқушыларымен амандасу, тәрбие сағатына назарын аударту

1-кезең: Тақырыпқа шығу

Адамгершілік тақырыбында түсірілген видеоролик көрсету.

Тәрбиешінің қойған сұрақтары төңірегінде ой қозғау.

  • Бүгінгі сабақпен қандай байланысы бар?

  • Видеоролик сюжеті бойынша бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбын айта аламыз ба»?

  • Соңғы 3 күнде қанша адамды қуантқаныңызды, жұбатқаныңызды, жақсылық жасағаныңызды, күлдіргеніңізді еске түсіру.





https://www.youtube.com/watch?v=-C36vI4Smxc


Сабақтың ортасы






































2-кезең: Ой қозғау: (тәрбиеші сөзі) презентация



Сабақтың   мақсаттарымен таныстыру: «Жаңа ғасыр-адамгершілік ғасыры, ал адамгершілік бастауы - мектеп»

                                                               Н.Ә.Назарбаев


Қойылатын басты талап — асыл да ізгі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген, ұлағатты азамат болып шығу. Өйткені адам -өзінің адамгершілігімен, қайырымдылығымен, адалдығымен және әділеттігімен ардақты. Адамгершілік -адамның рухани арқауы.

-Адамшылық деген не? Бұл сұраққа жауап беру үшін рухани бай адам деген қандай адам, рух деген не?- деген сұрақтар төңірігінде ой өрбітемін?

Рух-деген адам бойындағы бір қуат. Ол қуат адам бойында кездесетін барлық жақсы қасиеттермен жасайтын барлық игі істерінің қайнар көзі.

Жаратылыстың барлығы екі қарама-қарсы нәрседен тұрады. Ақ-қара, күн мен түн, ыстық пен суық, жақсы мен жаман. Адам бойындағы барлық жақсы қасиеттер рухтан туындайды, ал жаман қасиеттер нәпсінің көрінісі болып табылады. Адам денесі бір болғандықтан оның ішінде билік үшін үнемі осы екі қуаттың-«рух пен нәпсі» күресі жүріп жатады.

Адамның ішінде болмайды аласы,

Оларды бұзатын нәпсінің таласы.

Шәкәрім.

Рухани бай адам-ең алдымен әділ, шыншыл, мейірімді, кешірімді, қанағатшыл, ақылды болады. Осындай қасиеттері бар адамда адамшылық мол болады. Адамгершілік ұғымында да осы аталған қасиеттер мен бірге аяушылық сүйіспеншілік, жан аямай еңбек етушілік т.б. көптеген сапалар кездеседі.

3-кезең: Шаттық шеңбері.

Әр оқушы өз есімінің алғашқы әрпі арқылы бойындағы жағымды мінезімен таныстырады.

Мысалы:Мен, өз тобымның ақпейіл тәрбиешісі Ажармын



4-кезең:  «Ситуациялық жағдаяттар»

Shape1 Shape2

1- слайд

















2, 3 слайд



































5 слайд













6 слайд









7 слайд

Сабақтың соңы

5 мин


5-кезең: «Адамгершіліктің шуағы сөнбесін» Кун көзін торлаған бұлттарда жасырынған жұмбақтарды шеше отырып күн козін ашамыз.

Тапсырмалар:

1. Әділін айтсаң - әдемі айтсаң

2. Адамдықтан үлкен ат жоқ, Наннан үлкен ас жоқ

3. Елгезек екі айтқызбайды.

4. Сыпайылық даналықтың белгісі.

5. Ізеттінің інісі көп

6. Әдепсіз өскен адамнан, тәртіппен өскен тал артық.

7. Адалдық – ана сүті.

8. Кішіпейілділіктен кішіреймейсің.

9. Кішіпейілділік кішілік емес, кісілік қасиет.






1

ә

д

і

л

д

і

к










2

а

д

а

м

д

ы

қ












3

е

л

г

е

з

е

к

т

і

к






4

с

ы

п

а

й

ы

л

ы

қ








5

і

з

е

т

т

і

л

і

к








6

т

ә

р

т

і

п

т

і

л

і

к








7

а

д

а

л

д

ы

қ













8

к

і

ш

і

п

е

й

і

л

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 қаңтар
283
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі