400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Адамгершілік - рухани тәрбие

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары

САБАҚ: 1

Мектеп: №40 орта мектеп

Күні: 31.10

Мұғалімнің аты-жөні: Тундебаева Назгуль Касеновна

Сынып: 10

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Адамгершілік - рухани тәрбие

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Оқушылардың адамгершілік рухани білімі мен мәдениетін қалыптастыра білу.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар: бейнеролик көреді, тыңдайды, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжайды. Сөйлеу барысында ойларын жүйелі жеткізе алады.

Оқушылардың басым бөлігі: Тірек сөздердің көмегімен мәтін құрастырып, өз ойларын еркін жеткізе біледі.

Кейбір оқушылар:Өз ойларын өмірмен байланыстыра отырып, еркін, жүйелі жеткізе алады.

Тілдік мақсаттар

Сыныптағы диалог жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:Тақырып бойынша диалог құрастыра біледі

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Біздің ойымызша, болашақта.

Бағалау критерийлері

-бейнеролик көреді, оқиғаны болжайды;

- оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжайды;

-сөйлеу барысында ойларын жүйелі жеткізеді;

-адамгершілік қасиеттерді ашады.

Құндылықтарға баулу

  • Құрметтеу: оқушылардың топтық және өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіре отырып, бір-біріне құрметпен қарауға баулу;

  • Тәрбие: оқушылардың рухани адамгершілік қасиетін арттыру.

Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, тарих, өзін-өзі тану, АКТ

АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақ барысында оқушылар интербелсенді тақтаны, ноутбукты қолданады.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, болжау, талдау,

Жоспар

Жоспарланатынуақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 минут

Қызығушылығын ояту

"Жылы жүректен жақсы тілек" психологиялық тренинг. Әртүрлі түсте тұрған шарларды алып, шарлардың түстері арқылы топқа бөлінеді. Шардағы тілектерді бір-біріне оқиды. "Мозайка" әдісі арқылы өтілетін тақырыпқа болжау жасайды. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын, күтілетін нәтижелерді анықтайды.

Сабақтың ортасы

10минут
















10 минут













10 минут



1-тапсырма. Бейнеролик көрсету арқылы 4 топқа 4 түрлі тапсырма беру.

1-топ:1."Болжау" әдісі

«Адамгершілік» тақырыбында бейнежазба көру, тыңдау,оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжау.

Дескриптор:

-бейнежазбаны көреді;

-тыңдайды;

-оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжайды.

2-топ:Топтық жұмыс. Адамгершілікке байланысты мақал-мәтелдер табу (ғаламтордан ақпараттар табады)

Дескриптор:

-Адамгершілкке қатысты мақал-мәтелдер табады.

- Мағынасын ашады

3-топ: Сұрақ құрастырады.

Дескриптор:

-көрсетілген бейнеролик бойынша 3 сұрақ құрастыру.

4-топ: Топтық жұмыс.Сахналық көрініс.

Тыңдалған мәтіндегі оқиғаның дамуы мен аяқталуын оқушылар топпен болжап әңгімелейді. Болжаған оқиғаларын сынып алдында сахналайды.

Дескриптор:

-оқиға желісін сақтап, сахналайды.

Қалыптастырушы бағалау.

Ауызша кері байланыс жасау


2-тапсырма. "Аялдама бекеті " әдісі

Picture 3

Әр топ өздеріне берілген суреттерге қарап, адамгершілік қасиетіне байланысты сөздер, сөйлемдер жазады. Соңында әр топ өз орындарына келіп, тапсырманы түсіндіреді.

Дескриптор:

-Суретке қарап тақырыбын қояды.

-Сурет бойынша қасиеттерді жазады (2 қасиет)

-Сурет бойынша әңгіме не туралы, бір сөйлеммен жазады

-Суретке қарап бір мақал-мәтел жазады

Қалыптастырушы бағалау.

Өзара бағалау

Адамгершілік туралы бейнеролик







ноутбук


















Сурет, ватман, маркерлер









Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия. Сабақтың соңында оқушылар: жүректеріне қандай қасиеттерді жинады, стикерге жазып, жүрекке жапсырады. Өздерінің жұмыстарын бағалайды.




Жүрек суреті, стикерлер

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс

1-тапсырма.«Болжау» әдісі.

Қолдауды қажет ететін оқушылар - мәтінді көрсету арқылы қолдау көрсетемін.

Қолдауды қажет етпейтін оқушылар. Оқиғаны есте сақтағандары бойынша нақты сұрақтарға жауап беруін сұраймын.

2-тапсырма.« Аялдама бекеті» әдісі. Қолдауды қажет ететін оқушылар - берілген суреттер бойынша оқушыларға сұрақтар қоямын.

Қолдауды қажет етпейтін оқушылар бейнероликтегі кейіпкерлерді сахналау арқылы көрсетеді.

1-тапсырма бойынша ауызша кері байланыс жасаймын.

2-тапсырма бойынша оқушылар арасында өзара бағалау болады.

Партада дұрыс отыруын қадағалаймын.

Техникалық қауіпсіздік ережелерін еске түсіремін.


Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
10 мамыр
1140
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі