400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Адамгершілік -адамның асыл қасиеті!" 9-10-11 сынып оқушыларына арналған сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату
Материалдың қысқаша нұсқасы

Адамгершілік – адамның асыл қасиеті.

Оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттеді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыпшыл, қайырымды т.б адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету. Бірін –бірі сыйлап , мейіріммен қарауға тәрбиелеу.


Барысы:

Адамгершілік –парасатты сөз.Сөз ғана емес, адамның ең асыл қасиеттерін анықтайтын бірден –бір аяулы ұғым. Ұғым ғана емес, тіршіліктің мәнін, дүниенің сәнін ұстап тұрған ең ұлы ұстаным. Шынында айтқанда, жеке дара ұстаным емес, заңның да, заманның да, адамның да құдіреттілігін танытатын ең ұлы күш.


Кіріспе

Адамнаң адамгершілік, саналылық дәрежесі – оның тәртібі мен іс – әрекетін анықтайтыны әлдеқашан дәлелденген. Адамның бойынан адамгершілік қасиеттер табылса, әрине сымбатты, парасатты көрінеді.

Адамгершілік - адамның бір –бірін құрметтеуі, сыйлауы, бір –біріне инабаттылығы, ұлттық салт –дәстүрлерімізді білу.

Жүсіп Баласағұн адамгершілік пен инабаттылықтың төрт қасиетін 6600 тармақтан, 72 тараудан тұратын “Құтты білік”дастанында көрсетіп берді. Шығыстың ғұлама ғалымы Әл - фараби "Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін" деген екен.

Адамгершіліктің негізгі қағидалары:

Ізеттілік- айналасындағыларды құрметтеу, кішілік мінез таныту.

Амандасу – бейбіт пейілдің, достық ықыластың белгісі, мінез құлықтың нормасы.

Әділ болу – адамшылықтың асыл белгісі. Әділетті қоғам адамдар имандылық қағидаларын қатаң сақтағанда ғана құрылады. Әдет –ғұрып дәстүрлеріне қалыптасқан қағидаларға, құқықтық нормаларға, заңға сүйенгенде ғана әділеттік жеңеді.

Рұқсат сұрау- адамдар қарым –қатынасындағы ішкі мәдениетті айғақтайтын этикалық қағидалардың бірі. Адамның меншік құқығын құрметтеу және оған қол сұқпау. Әр адам бір –бірінің құқығын құрметтей білуді үйренгендері жөн.

Имандылық- әр адам ұлтына, нәсіліне, жынысына, дініне қарамастан иманды болып туады. Иманды бала дөрекілікке бармайды, ата - анасын ардақтайды, кісіге қиянат жасамайды. имандылық бар жерде рухани тазалық бар, сенім бар.

Кешікпеу – бұл дағдыны адам өзіне бала жастан дарытқаны жөн. Кешігу- адамдарды сыйламаушылық. Жұмысқа немесе туған күнге, кештерге кешігіп бару барып тұрған мәдениетсіздік. Уәделі жерге сәл ерте бару керек, кешіккен жағдайда кешірім сұрау керек.

Сабырлық – адам бойына 2 жолмен дариды, бірі туа біткені де, екіншісі адамның өзін –өзі тәрбиелеу жолымен келеді.

Сабырлық адамның өз мінез құлқына ие бола алатындығын көрсетеді.

Қайырымдылық – айналадағы адамдарға ізгілікті іс жасау. Қайырымдылық бар жерде қатыгездікке жол жоқ. Өзгелер үшін жасалған ізгілік адам жанын нұрландырады, адамдық мәртебесін көтереді. Қайырымды бала қашанда ата –ананың мақтанышы.

Ұят – адамгершілікті сақтай білудің, имандылықтың жотасы. Ұят нышандары сәбилік шақтан қалыптаса бастайды. Бұл жан толғаныстар арқылы бет –бейнеден, инабатты іс – әрекеттерден байқалады. “Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді”деп халық ұятсыздықтың негізі қанағатсыздық, ұрлық, мақтаншақтық, өтірік айту, адамгершілік қалыпты бұзу деп есептейді.

Ақылдылық – бұл жан –жақты жетілген білімді, салмақты да байсалды, қарапайым да кішіпейіл, аса ізетті адам. “Ақылды кісі озбайды”, “Ақылды адам ақымақтан да бірдеңе үйренеді ”, “Ақылды айттырмай біледі” деп ерекше мән берген.

Мейірімділік пен ізгілік- егіз қозыдай осы екі қасиет басқаларға олардың сеніміне ие болуды айналадағылармен өзара дұрыс қарым –қатынас жасау, адамға эмоциялық жағынан тиімді, кісінің шат – шадыман тіршілігі үшін маңызды.

Достық – адамды асқақтатады, ол жан мен тәннің гүлдене түсуіне көмектеседі. Оның маңызды белгісі – берік әрі терең эмоциялық жақындық. Ол –адамның бір –бірне сөз жүйесін де, іс жүзінде де адал және шынай болу, өзара терең мүдделік, бір –біріне терең сенім , қайғы мен қиыншылыққа өзара қол ұшын беру, өзара жауапкершілікпен қамқорлық .


I.“Жалғастыр” ойыны. Берілген сөзге қатысты синонимді тап. Тапқан сөздерге қатысты мақал – мәтел, нақыл сөздер жаз: Галерея аралау.

Жақсылық- Мақсаткерлік-

Көрікті- Кісілік -

Тәрбиелі- Ақылдылық-

Білімді- Әдепті-

Инабатты – Ұқыпты-

Адалдық- Мәдениетті –

Сабырлы- Шыншыл-

Достық- Отансүйгіштік-

Ар-ұят-



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22 ақпан
966
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі