400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Адамгершілік – асыл қасиет

Материал туралы қысқаша түсінік
Адамгершілік – асыл қасиет тәрбие сағатын сынып оқушыларыммен өткіздім ұстаздармен тәжірибе алмасу мақсатында жариялап отырмын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Адамгершілік – асыл қасиет
Мақсаты: Оқушылардың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру.

Міндеттері:
1. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту.

2. Жақсы істер мен әрекеттер жасауға тәрбиелеу.

3. Жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: адамгершілікке, әдептілікке байланысты түрлі суреттер, өсиет - нақылдар.
Барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Сыйлап сәлем беремін,
Көршілерді көргенде.
Ізетті де білемін
Үйге қонақ келгенде.
Әдепсіз деп сөкпесін,
Апама айтып өкпесін.

II.Негізгі бөлім.
- Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыз «Адамгершілік- асыл қасиет» деп аталады.

Адам баласының бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болады екен. Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайымдылық пен кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты үлкендер үйретеді. Ол - біздің ата - анамыз, ақ сүтін бере отырып, ана тілімен үйретеді. Біз оны түсініп, ата - баба салт, әдеттерін үйренеміз. Адам болатын адамгершілігі бар бала - барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек.

Әдеби монтаж.
1
.Атам маған әманда 
Әдепті жан бол деген. 
Ата сөзі санамда - 
Жасы үлкенге жол берем.

2.Алдын орап кісінің,
Кесіп өтпей көлденең.
Ізетімен кішінің -
Сәлемдесіп, қол берем.

3.Атам маған әманда 
Кішіпейіл бол деген. 
Ата сөзі санамда - 
Мақтанбауды жөн көрем. 

4.Атам маған әманда 
Әділетті бол деген. 
Ата сөзі санамда - 
Жүрем тура жолменен. 

5.Өзгелерден өзімді
Санамаймын жоғары.
Артық айтып сөзімді
Желпінгенім жоқ әлі.

6.Қалдыратын ұятқа -
Жалған сөзге төзбеймін.
Жеткізетін мұратқа -
Тек шындықты көздеймін.

Көрініс: «Әдептілік»
Бір жұрттың үлкен оқымысты кісісі екінші бір елдің байымен сөйлесіп тұрғанда, қастарынан бір жарлы адам өтіп бара жатып, оқымыстыға келіп, басын иіп сәлем береді.
Оқымысты басын одан да төменірек иіп сәлемдеседі.
Қасындағы бай:
-Тақсыр, осынша біліміңіз бар ғалымсыз. Сөйте тұрып, жарлы адамға соншалық иіліп сәлемдесуіңіздің мәні қалай?- деп сұрайды.
Сонда ғалым тұрып:
- Ешбір ғылым - білім үйренбеген ол кісі әдептілік көрсеткенде, мен одан әдепсіз болып көрінсем, лайық па?- деген екен.

Ойын «Жалғастыр»
«Не істеуге болмайды?». 
- Үлкендердің алдынан...... (кесіп өтуге болмайды.)
- Кішкене баланы................(жылатуға болмайды.)
- Құстарды...........................(атуға болмайды.)
- Қыз баланы........................(ренжітуге болмайды.)
- Сабақтан.............................(кешігуге болмайды.)
- Сыныпта.............................(айғайлауға болмайды.)
«Не істеу керек?»
- Үлкен кісіні.......................(сыйлау керек.)
- Үлкеннің тілін...................(алу керек..)
- Үлкендерге..........................(сәлем беру керек.)
- Кішілерді..............................(қамқор болу керек.)
- Оқу құралдарын.................. (күтіп ұстау керек.)

Әдептілік ережелері:

• Әдепті бала қашанда сәлемдеседі. Кезіккен адамдармен амандасады, көмегі және қамқорлығы үшін алғыс айтып, кетіп бара жатқанда қоштасуды ұмытпайды.
• Әрқашан сыпайы болу керек. Сыпайылық - айналаңдағы адамдарға өзіңді жағымды көрсету. Байқамай біреуді ренжітіп алса, дереу кешірім сұрайды.
• Әдепті бала көлікте отырғанда үлкендерге орын береді.
•Үлкендерді, ауру адамдарды, соқыр адамдарды көшеден өткізуге көмектеседі.
«Әдептілік, ар - ұят - адамдықтың белгісі...» деген халық мақалын түсіндіру.
Сынып сағатын қорытындылау:
- Балалар, біз бүгінгі сынып сағатында адамгершілік, әдептілік, сыпайылық жайлы пікірлер айтып, өз ойларымызды ортаға салдық. Әрдайым әдепті, сыпайы болуға, кездескен адамдармен амандасуды, кешірім сұрауды, өтінемін деген жылы сөздерді үнемі айтып үйреніп, кішілерге қамқор бола білейік!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
558
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі