"Облыстық туберкулез- санаториясы мектеп-
интернаты" КММ
Тәрбие сағаты
«Адамгершілік- асыл
қасиет»
Өткізген:
6 сынып
тәрбиешісі
Туркпенбаева
С.А.
2017-2018 оқу
жылы.
04.12.2017ж
Мақсаты:
Оқушыларға кішіпейілділік, тазалық, әдептілік,
көмек беру, достық, жақсылық, ар-ұят, қызмет ету, имандылық,
инабаттылық, елін, жерін сүю – адамгершіліктің басты ұстанымдары
екенін ұғындыра отырып, оқушылардың бойына адамгершілікті сіңіру,
жаман әдеттерден аулақ болуға, кішіге қамқор, үлкенге құрметпен
қарауға, ізетті болуға тәрбиелеу.
Сабақ
барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Тренинг « Мен қандаймын?» (оқушы бойындағы
бір жақсы қасиетін айтады)
2.Негізгі
бөлім:
Мұғалім сөзі:
Өзін ғана ойлаған -
Жамандықтың белгісі.
Өзгені де ойлаған –
Адамдықтың белгісі,- деген ұлағатты жолдардың
терең түсінігі бар. Өйткені, адам баласына адамдықтың белгісі
адамгершіліктен қалыптасады. «Адамгершілік – асыл қасиет». Осы бір
сөздің астарында көп мағына жатыр. Адам бойындағы бар игі қасиеттер
отбасында, мектеп қабырғасында қаланады.
Ізетті, сыпайы, мейірімді болу, жақсы жылы сөз
айту, адамдарды қуанышқа бөлеу, жақсы сөздерді қолдана алу адамның
жақсы қасиетін білдіреді. Адам бойында қандай қасиеттер болады? (
жақсы және жаман ) Ізгі ақылдылықты үлкендер үйретеді. Олар біздің
ата-аналарымыз, біз оны түсініп ата-баба салт-дәстүрін
үйренеміз.Адам болатын бала барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман
әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы
керек.
«Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас
жауы» деген екен ғұлама Әл-Фараби. Адамның жоғарғы қасиеті –
оның адамгершілігі. Ал, адамгершілік дегеніміз не? Адамгершілік
қасиет дегенді қалай түсінесіңдер
І.
Топтастыру

Мұның жауабы, әрине, адам бойындағы асыл
қасиеттерді айтамыз. Демек, асыл қасиетіміз – еңбек сүйгіштік,
достық, әдептілік, көмек беру, қоғамға қызмет ету, инабаттылық,
имандылық, елін, жерін сүю, кішіпейілділік. Яғни, адам бойында осы
қасиеттер жоғары тұрса, ол адамның адамгершілігі жоғары болмақ.
Сондықтан, біз осы қасиеттерді бойымызға сіңіруіміз қажет. Ал,
керісінше, сөзі дөрекі, мінезі шайпау, менмен мақтаншақ, керенау
кесір мінезден аулақ болуымыз керек. Осы жерде ұлы Абайдың
сөзімен нақтылап өтсек:
«Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба.
Құмарланып шаттанба,
Ойнап, босқа күлуге.
Бес
нәрседен қашық бол,
Бес
нәрсеге асық бол;
Адам болам десеңіз,
Тілеуің, өмірің алдында,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ -
Бес
дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой –
Бес
асыл іс көнсеңіз...» -
деп, адам баласын тек адамгершілік қасиеттерді
айтып кеткені бізге сабақ.
Демек, асыл қасиет – адамгершілік, сондықтан
сөзімнің басында айтқан адамдықтың белгісі – адамгершілік екенін
айта отырып, Бөлтірік Әлменұлының «Балаға ақыл» деген сөзімен
дәлелдейін.
Үлкен алдында иіліп сөйле,
Кіші алдында сызылып сөйле.
Иіліп сөйлегеннен белің
бүгілмейді,
Сызылып сөйлегеннен сөзің үзілмейді, - деп тәрбие
сағатымызды жалғастырсақ.
Сөйлесе білу:
Ата -
анаң, мұғалім мен құрбыларынмен сөйлескенде сөзді дұрыс, орынды
қолдану керек, сөйлегенде дауыс ырғағына да мән беру
керек
Ізеттілік – айналасындағыларды
құрметтеу, кішілік мінез таныту. Амандасу – бейбіт пейілдің, достық
ықыластың белгісі, мінез-құлықтың
нормасы.
Әділ
болу – адамшылықтың асыл белгісі. Әділетті қоғам
адамдар имандылық қағидаларын қатаң сақтағанда ғана құрылады.
Әдет-ғұрып дәртүрлеріне қалыптасқан қағидаларға, құқықтық
нормаларға, заңға сүйенгенде ғана әділдік
жеңеді.
Рұқсат
сұрау – адамдар қарым-қатынасындағы ішкі мәдениетті
айғақтайтын этикалық қағидалардың бірі. Адамның меншік құқығын
құрметтеу және оған қол сұқпау. Әр адам бір-бірінің құқығын
құрметтей білуді үйренгендері жөн.
Имандылық – әр адам ұлтына,
нәсіліне, жынысына, дініне қарамастан иманды болып туады. Иманды
бала дөрекілікке бармайды, ата-анасын ардақтайды, кісіге қиянат
жасамайды. Имандылық бар жерде рухани тазалық бар, сенім
бар.
Кешікпеу – бұл дағдыны адам
өзіне бала жастан дарытқаны жөн. Кешігу адамдарды сыйламау. Жұмысқа
немесе туған күнге, кештерге кешігіп бару барып тұрған
мәдениетсіздік. Уәделі жерге ерте бару керек, кешіккен жағдайда
кешірім сұрау керек.
Сабырлылық – адам бойына екі
жолмен дариды, бірі туа біткені де, екіншісі адам өзін-өзі
тәрбиелеу жолымен келеді. Сабырлылық адамның өз мінез-құлқына ие
бола алатынын көрсетеді.
Қайырымдылық – айналадағы адамдарға
ізгілікті іс жасау. Қайырымдылық бар жерде қатыгездікке жол жоқ.
Өзгелер үшін жасалған ізгілік адам жанын нұрландырады, адамдық
мәртебесін көтереді. Қайырымды бала қашанда ата-анасының
мақтанышы.
Сонымен балалар, әдептілік., үлкенді сыйлау,
кішіге қамқорлық жасау кез келген адамның бойында қалыптасатын
ерекше бір қасиет. Жеке басымызды ойлайтын жаман қасиеттерден аулақ
болайық! Жақсы қасиеттерді ғана бойымызға дарытайық деп, бүгінге
тәрбие сағатын мына өлең шумағы арқылы аяқтағым келіп
тұр.
Үлкенге иман керек,
Кішіге иба керек.
Адамдар бірін-бірі
Құрметтеп сыйлау керек.
Ізеттілік
– айналасындағыларды құрметтеу, кішілік мінез
таныту. Амандасу – бейбіт пейілдің, достық ықыластың белгісі,
мінез-құлықтың нормасы.
Әділ
болу – адамшылықтың асыл белгісі. Әділетті қоғам
адамдар имандылық қағидаларын қатаң сақтағанда ғана құрылады.
Әдет-ғұрып дәртүрлеріне қалыптасқан қағидаларға, құқықтық
нормаларға, заңға сүйенгенде ғана әділдік
жеңеді.
Рұқсат
сұрау – адамдар қарым-қатынасындағы ішкі мәдениетті
айғақтайтын этикалық қағидалардың бірі. Адамның меншік құқығын
құрметтеу және оған қол сұқпау. Әр адам бір-бірінің құқығын
құрметтей білуді үйренгендері
жөн.
Имандылық
– әр адам ұлтына, нәсіліне, жынысына, дініне
қарамастан иманды болып туады. Иманды бала дөрекілікке бармайды,
ата-анасын ардақтайды, кісіге қиянат жасамайды. Имандылық бар жерде
рухани тазалық бар, сенім
бар.
Кешікпеу
– бұл дағдыны адам өзіне бала жастан
дарытқаны жөн. Кешігу адамдарды сыйламау. Жұмысқа немесе туған
күнге, кештерге кешігіп бару барып тұрған мәдениетсіздік. Уәделі
жерге ерте бару керек, кешіккен жағдайда кешірім сұрау
керек.
Сабырлылық
– адам бойына екі жолмен дариды, бірі туа
біткені де, екіншісі адам өзін-өзі тәрбиелеу жолымен келеді.
Сабырлылық адамның өз мінез-құлқына ие бола алатынын
көрсетеді.
Қайырымдылық
– айналадағы адамдарға ізгілікті іс жасау.
Қайырымдылық бар жерде қатыгездікке жол жоқ. Өзгелер үшін жасалған
ізгілік адам жанын нұрландырады, адамдық мәртебесін
көтереді. Қайырымды бала
қашанда ата-анасының мақтанышы.