Сабақтың тақырыбы: Адамгершілік – асыл қасиет
Сабақтың мақсаты:
Адамгершілікке, кішіпейілділікке, жаман әдеттерден аулақ болуға үйрету;
Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін
бойына дарыту. «Әдеп», «әдептілік» туралы түсініктерін кеңейту;
Тәрбиелік: Әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу;
Сабақтың көрнекілігі: мақал - мәтелдер, суреттер, ырым- тыйымдар.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгіме
.Қ.Р. Гимн орындау
«Адамгершілік – асыл қасиет». Осы бір сөздің астарында көп мағына жатыр. Адам
бойындағы бар игі қасиеттер отбасында, мектеп қабырғасында қаланады.
Ізетті, сыпайы, мейірімді болу, жақсы жылы сөз айту, адамдарды қуанышқа бөлеу,
жақсы сөздерді қолдана алу адамның жақсы қасиетін білдіреді. Адам бойында қандай
қасиеттер болады? ( жақсы және жаман )
Ізге ақылдылықты үлкендер үйретеді. Олар біздің ата-аналарымыз, біз оны түсініп ата-
баба салт-дәстүрін үйренеміз. Адам болатын бала барлық жақсы қасиеттерді үйреніп,
жаман әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек.
«Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген екен ғұлама Әл-
Фараби. Адамның жоғарғы қасиеті – оның адамгершілігі. Адамгершілік қасиет дегенді
қалай түсінесіңдер?
2. Суреттер бойынша әңгімелету.
- Балалар енді мына суретке назар аударайық. Жаңа аталған адамгершілік
қасиеттерінің қайсысын көруге болады?
Адамгершіліктің қарапайым қағидалары: қамқорлық, амандасу, тілін сыйлау,
мейірімділік, дінін саттау, үлкенді құрметтеу, Отанын қорғау.
Үлкен адамға сәлем беру - кіші адамның міндеті. Кездескен кезде кіші адам үлкен
кісіге сәлем ермей кетсе, ол - әдепсіздік, көргенсіздік.
Дұрыс тамақтану, мезгілінде ұйықтау, ата-ананы сыйлау - халықтық дәстүр, әдеп. біз
осы адамгершілік қағидаларды сақтай білсек, ұлттық әдетті қорғай білеміз..
Сондай ақкүнделікті өмірде қолданылатын сиқырлы сөздер де бар, біз оны жиы
айтамыз.
3. Сұрақ-жауап.
- Балалар біз жақсы қасиеттерді бойымызға сіңіру үшін үлкендердің ақылына құлақ
түреміз.
1. Адамға ақыл беретін кімдер? (ата-ана, дос, ұстаз)
2. Адамның ақылы қайда?
Ханнның ақылы тағында,
Әкімнің ақылы жанында,
Ғалымның ақылы басында,
Ананың ақылы жасында,
Жігіттің ақылы жақсылығында,
Ақымақтың ақылы кім көргеннің қалтасында.
3. Дос табу оңай ма?
Өмірде ақылдыға дос тау қиын, ақымаққа оңай. Ақылдының досы аз, қасы көп.
Ақымақтың досы көп болғанымен жақсылығы жоқ. Жақсылығы жоқ адамның қастығы
аяқ астында жатады.
4. Үйдегі алтын қазық кім?
Үйдегі алтынқазық – ана. Ана ақылды болса, ала дана болады. Ана тәрбиесі қызға үлгі,
әке тәриесі ұлға үлгі. Ана – ақылшың, әке – қамқоршың.
5. Өмір сүру үшін не қажет?
Адам өмір сүруі үшін – су, от, тұз, ақыл қажет. Су тіршіліктің нәрін береді, от өмірдің
сәнін береді, тұз астың дәмін келтіреді, ақыл – мәнін береді.
6. Достықты нығайтатын не? Достық пен жолдастықты нығайтатын ынтымақ, ірлік,
теңдік, бауырмалдық. Сәлемдесуді білген кешіре де біледі, кешіре білген рақмет те
айта алады. Жөн сөз көңіліңді көтереді, жөнсіз сөз өміріңді өшіреді.
4. Мақал – мәтелдерді жатқа айту.
- Балаларосы бүгінгі тақырыпқа байланысты кім қандай мақал мәтелдерді біледі? Соны
тыңдап көрелік.
Оқушылар кезекпен кезек өздері жаттаған мақалдарды айтады.
5. Ырымдар мен тыйымдар.
Тыйым сөздер арқылы үлкендер жаман әдет, орынсыз қылық, теріс мінездерден
сақтандырып отырған.
1. Үлкеннің жолын кеспе, сөзін бөлме.
2. Көп ішінде қатты сөйлеме, қатты күлме.
3. Дастарқанды, тамақты баспа.
4. Дініңді сатпа, ұлтыңды сатпа, арыңды сатпа.
5. Үйге жүгіріп келме, үйде ысқырма.
6. Дәптермен жұмыс.
Тиым сөздерді жаздыру.
8. Әдепті, ақылды бала қандай болу керек екенін мына өлең жолдарын
тыңдайық.
1. оқушы.
Қарсы алдымнан шыға келсе үлкендер,
Қашан да мен үлкендерге жол берем.
Абайсызда қалса біреу сүрініп,
Сол мезетте сүйініш боп қол берем.
2.оқушы:
Мені үлкендер әдепті деп мақтайды,
Мінезімнен теріс қылық таппайды.
Ал егер сен жалқау болсаң тілазар,
Ондай қылық жақсылыққа жатпайды.
3. оқушы.
Тәртіпті бала сүйеніш
Төбең бір көкке жетеді.
Тәртіпсіз бала күйініш
Төмендеп басың кетеді.
Іштарлыққа жол берме,
Бақталастық білдірме.
Мақсат қоймай алдыңа,
Қыдырып құр қаңғыма.
Сыйла үлкен кісіні
Қамқорлыққа ал кішіні.
Мұғалім: Жақсылық жасау - адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Жақсы адам қол
ұшын беруге,жәрдем етуге, жанашырлық танытуға, көмек көрсетуге, қолдау жасауға
әрдайым дайын тұрады. Жақсылық жасау – жылы сезімін білдіріп, тек жақсылық
ойлау, игшілік жасаутарқылы мейірімділік таныту.
9. Ізеттілік әліппесі.
Атам менің әрқашан Атам менің әрқашан
Кішіпейіл бол деген. Бол дейтұғын бауырмал.
Ақыл сөзі санамда Мынау байтақ ғаламда
Мақтанбауды жөн көрем. Қаншама дос, ауыр бар.
Мұғалім: Адамда асыл, игі қасиеттермен қатар жағымсыз жаман қасиеттері де болады.
Олар қандай қасиеттер? (Ызақорлық, қызғаншақтық, жалқаулық, ұрлық, өтірік айту,
ұқыпсыздық, өзімшілдік).
Қорытынды.
Сонымен балалар, әдептілік, үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық жасау кез келген
адамның бойында қалыптасатын ерекше бір қасиет. Жеке басымызды ойлайтын жаман
қасиеттерден аулақ болайық! Жақсы қасиеттерді ғана бойымызға дарытайық деп,
бүгінге тәрбие сағатын мына өлең шумағы арқылы аяқтағым келіп тұр.
Үлкенге иман керек,
Кішіге иба керек.
Адамдар бірін-бірі
Құрметтеп сыйлау керек.
- Осымен сабағымыз аяқталды. Сау болыңыздар.